2.Тұрақтылау (мазмұндық) бөлім Кіріспе сабақ – 1сағат Шешендік сөздің дүние жүзі халықтарының өміріндегі орны мен мәні.
Қазақ шешендік сөздердің үлгілерін оқыту – 19 сағат Қазақ шешендік өнерінің ерекшеліктері. Оның ауызекі айтылып таратылуы. Ауыз әдебиетіндегі шешендік сөздің үлгілері «Аяз би», «Қырық өтірік», «Тазша бала» ертегілеріндегі тапқырлық жайттар. Мақал-мәтелдердің шешендік өнердегі орны. Жұмбақтың, ауыспалы мағыналы сөздердің көркемдік ерекшеліктері. Тұрмас-салт жырларындағы шешендік: «Сыңсу», «Қоштасу», «Жар-жар», «Жарапазан» жырларында кездесетін қанатты сөздер. Мұндағы тапқырлық пен этикалық мәселелер.
Орхон-Енесей жазбаларындағы эпикалық сипат. Батырлар жыры, Қазіргі кездегі шешендік сөздін қолданысы. Ақындардың сөз саптауының тәрбиелік сипаты. Шешен-билердің нақыл-ақыл сөздерінің терең сыры, астарлы ой, жұмбақ өсиет түрінде келуі. Шешендік өнердің айтыс жанрына ұқсастығы мен өзгешелігі.