4.Ақпараттық-әдістемелік бөлім 7-сыныпқа арналған «Шешендік өнер» таңдау курсы түсінік хатта көрсетілгендей, мақсат-міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Бағдарламадағы тарауларға орай, тақырыптар ақын шығармашылығын меңгеруге, шешендік өнердің құдіретін, шешендердің сөз саптауын түсініп оқуға, танымдық, шығармашылық тапсырмалар арқылы теориялық білім мен тәжірибені өзара байланыстырып қарастыруға, «Шешендік өнер» курсын толық меңгеруге көмектеседі. Шешендік өнерді меңгеру үшін арнайы тапсырмалар мен шығармашылық жұмыстар, шешендік сөзден үзінді жаттау, ізденіп оқу жұмыстары беріледі. Тапсырмалар берудегі мақсат :
1) Алдымен шешендік сөз ұғымын оқушы санасына жеткізу. Шешендік сөз – халқымыздың өмір сүрген ортасы, тұрмыс-тіршілігі, ой елегінен, өткізген, ұрпақ санасына сіңімді, теңдесі жоқ көркем сөз қазынасы екенін ұғындыру;
2) Шешендік сөздерді айтушылар кімдер? Олар - билер, шешендер, көпті көрген өнегелі адамдар, сөз зергерлері. (Мысалдар арқылы бұрын білетіні еске түсіріліп, түсініктерін кеңейту);
3) Шешендік сөздердің мазмұны мен оқиғалары. Шешендік сөздер үлгілері, оны талдау;
4) Шешендік сөздердің тәрбиелік мәні. (Бүгінгі өмір көріністерімен байланысы);
Оқушылардың білім мен білік дағдыларына қойылатын басты талаптар:
оқудың негізгі түрлері – сөздерді, сөйлемді тұтас оқу, шапшаң оқу, пайымдап (түсініп) оқу;
әр түрлі мәтіндердегі сөздің мәнін түсініп, өзіндік пікірін, болжамын, ой-тұжұрымын өзіндік; сөз өрнегімен жеткізе білуге үйрету;
актерлік өнерге бейімдеп, сахналық қойылым түрін қоюға жаттықтыру;
жеке тұлғаның өзін -өзі тануына жол ашу;
Білім деңгейін анықтайтын өлшеуіштер
Қорытынды сабақ сынақ сабақ негізінде құрылады.
Сынақ сабағында әзірлік мынандай негізде құрылады.
Сынақтың міндеті мен мақсатын саралау;
Сынақ сабағы оқушылардың білімін тереңдете түседі, жауапкершілігін арттырады, берілген сұраққа тез арада толық және дәйекті жауап беруге дағдыланады.
«Шешендік өнер» курсын игертуде таным-қабілетін бағалау үшін «5» балдық жүйені пайдалануға болады.
«5» бағасы – курс барысында игеруге тиіс материялды толық меңгеріп, дәл, логикалық, бірізділікпен айтылған жауапқа қойылады;
«4» бағасы – курс барысында игеруге тиіс материялды толық біледі, бірақ болар-болмас кемшілігі бар жауапқа қойылады;
«3» бағасы – жауабы негізінен дұрыс, бірақ толық емес, білімінде проблемалар еске алынбаған жауапқа қойылады;
«2» бағасы – оқушы жауабында қателер, білімінде елеулі кемшіліктер бар жауапқа қойылады.
Бағалауда төмендегідей ерекшеліктерге назар аударған жөн:
оқушының шығарманы түсініп, мәнерлеп оқуына;
талапқа сай, нақышына келтіріп айта білу шеберлігін қалыптастыру;
шығармашылық, ізденіс жұмыстарымен айналысуына баса назар аударған жөн;
Ауыз әдебиетінің бай мұрасы тұрмыс-салт жырларындағы аталы сөзге тоқтау, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа байланысты шешендік сөздерді, халық педегогикасы пәнімен, жұмбақтап айтылатын шешендіктің түйінін шешуді логика ғылымымен байланыстыруға болады.
5.Қолданылған әдебиеттер тізімі 1.Адамбаев Б. Шешендік сөздер. Алматы, 1992
2. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы, 1999
3. Негимов С. Шешендік сөздер. Алматы,1996
4. Адамбаев Б. Халық даналығы. Алмат, 1996
5. Аристотель. Риторика. Москва, 1981
6. Қ азақтың би-шешендері. Алматы, 1995
7. Есхожин І. Шешендік шиырлары. Алматы, 1993
8. Шешендік сөздер жинағы Алматы 2000ж.
9. Қазақ тілі мен әдебиеті №5 2001.
10. Қазақ тілі мен әдебиеті №1 2000.
6. Қосымша
«Бір ауыз сөз», «Тілім менің – досым менің» шығармашылық жұмысы және Бұқар мен Махамбет ақынның сөз шеберлігі туралы зерттеу жұмысын, Абай шешендігі туралы жобалар байқауы өтіледі, шешендердің сөзін саханалық қойылым арқылы көрсету де қарастырылған. Жыл соңында сынақ тапсырады.