"Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан


-тарау. "Өзбек әдебиеті" пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет48/61
Дата07.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#82866
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   61
Байланысты:
v1900018382.07-03-2019.kaz (1)

2-тарау. "Өзбек әдебиеті" пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
4. "Өзбек әдебиеті" пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
1) 10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты;
2) 11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).
5. "Өзбек әдебиеті" пәндік білімнің мазмұны бөлімдерге бөлінген: түсіну және жауап беру, анализ және интерпретация, бағалау және салыстырмалы анализ, сонымен қатар, дағдыларды қалыптастыратын бөлімшелерден тұрады. Бағдарламаның бұл бөлімі пән бойынша оқу мақсаттарынан тұрады.
6. "Түсіну және жауап беру" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) көркем шығарма мазмұны мен пішіні;
2) әдеби шығарманың тұжырымдамасы;
3) көркем шығармадағы образ;
4) шығарма үзінділерімен жұмыс;
5) өзбек әдебиетіндегі ұлттық құндылықтардың әлемдегі орнын білу.
7. "Анализ және интерпретация" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) әдеби шығарманың композициясы;
2) автор бейнесі;
3) көркем шығарманың тілі;
4) шығармашылық жұмыс;
5) өзбек және әлем әдебиетіндегі құндылықтар.
8. "Бағалау және салыстыру" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) тарихи және көркемдік құндылығы;
2) заманауилығы мен жаңашылдығы;
3) әдеби эссе;
4) әдеби сын.
9. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны:
1) түсіну және жауап беру: әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну; әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу; көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау; көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы мәселелермен байланыстыру; шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу;
2) анализ және интерпретация: әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау; шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысы; шығармадағы автор стилі мен көркемдегіш құралдардың қызметін ашу;көркем шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс жазу; әлем және өзбек әдебиетіндегі құндылықтардың үндесуін талдап, өзіндік ой қорыту;
3) бағалау және салыстыру: шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау; көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына сыни тұрғыдан баға беру; шығарманың идеясын жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу; шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу.
10. Оқытылатын көркем шығармалар тізімі:
1) Юсуф Хос Хожиб. "Қутадғу билиг" еңбегі
2) Ахмад Югнакий. "Хибат ул-хақойиқ" еңбегі
3) Ахмад Яссавий. "Девони хикмат" еңбегі
4) Атойи. Ғазаллари
5) Лутфий. Ғазаллари
6) Алишер Навоий. Ғазаллари. "Хамса" еңбегі
7) Хожа хаҰти ва ижоди.Хикоятлари
8) Бобур. Лирикасы
9) Машраб. Лирикасы
10) Мунис. Лирикасы
11) Увайсий. Лирикасы
12) Огахий. Лирикасы
13) Абай. Жырлары
14) Фузулий. "Лайли ва Мажнун" дастаны
15) Шекспир. "Хамлет" трагедиясы
11. Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны:
1) түсіну және жауап беру:әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы көтерілген ғаламдық мәселелерді терең түсіну; әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстырып, ұлттық мүдде тұрғысынан ашу; көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету; көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы мәселелермен байланыстырып, шығармашылық жұмыстарда қолдану; шығармадағы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу;
2) анализ және интерпретация: әдеби шығарманың композициясын жанрлық ерекшеліктерін айқындап, уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау; автор бейнесінің шығарманың негізгі идеясымен байланысын айқындау; шығармадағы көркемдегіш құралдардың образ жасаудағы орны; көркем шығармадағы ғаламдық тақырыптарға креативті ой қосып, шығармашылық жұмыс жазу; өзбек әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ бағыт, әдеби ағым, жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау, талдау жасау;
3) бағалау және салыстыру: шығарманы ғаламдық тақырыптармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау; көркем шығарманың жаңашылдығын ғаламдық тақырыптармен байланыстыра отырып, сыни тұрғыдан баға беру; шығарманың идеясын көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу; шығарманы идеялық жағынан мазмұндас әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, әдеби сын жазу.
12. Оқытылатын көркем шығармалар тізімі:
1) Ю.СарҰмий. Ғазаллари
2) Фурқат. Лирикасы
3) Абдулла Қодирий. "Утган кунлар" романы
4) Абдулхамид Чулпон. Шеърияти. "Кеча ва кундуз" романы
5) Ғафур Ғулом. "Ңдгор" қиссасы
6) Ойбек. "ҚуҰш қораймас" романы
7) Абдулла Қаххор. Қиссалары
8) Хамид Олимжон. "Муқанна" драмасы
9) Одил Ңқубов. "Кухна дунҰ" романы
10) Пиримқул Қодиров. "Юлдузли тунлар" романы
11) Эркин Вохидов. "Рухлар исҰни" дастаны
12) Абдулла Орипов. "Жаннатга йул" драмасы
13) Баходир Собит. “Битмас жарохат”
14) Мухтор Авезов. "Абай йули" эпопеясы
15) Ч.Айтматов "ҚиҰмат" романы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет