12. 5-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
87. Оқушылардың дайындығы пәндік, тұлғалық, жүйелі-әрекеттік нәтижелеріне қарай бағаланады.
88. Пәндік нәтижелері екі аспектен қарастырлады: білу керек және орындай алу керек.
89. Технология (ер балаларға арналған), 5 сыныптың соңында оқушылар
1) мектеп шеберханасындағы тәртіптің жалпы ережелерін және еңбектің жеке гигиенасын;
2) қол саймандарымен жұмыс істеген кезеңіндегі қауіпсіздік ережелерін;
3) топырақ зерттеу негіздерін және топырақ өңдеу техникасын, тыңайтқыштар түрлерін;
4) сәндік-гүлдік дақылдарын өсіру технологиясын;
5) ағаштың негізгі түрлері мен қасиеттерін, оларды қолмен өңдеу технологиясын;
6) металлдардың негізгі түрлері мен қасиеттерін, оларды қолмен өңдеу технологиясын;
7) графикалық құжаттар туралы қарапайым мәліметтерді;
8) қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің дәстүрлі түрлері жайлы жалпы мәліметтерді;
9) электр тізбегі, оның элементтері және электр схемаларындағы шартты графикалық белгілеулері туралы жалпы мәліметтерді;
10) сырт киімді, аяқ киімді және жиһазды күтуге арналған қазіргі заманғы құралдарын;
11) шығармашылық жобаны орындау кезеңінде құрылымдау және модельдеу негіздерін білу/түсіну тиіс.
1) жұмыс орнын ұйымдастыруды;
2) технологиялық қасиеттеріне байланысты материалды танып және таңдай білу, үлгі бойынша қолмен өңдеуге арналған саймандарды іріктеп алуды;
3) бұйымды жасау кезінде ағаш пен металды қолмен өңдеу әдістерін қолдануды;
4) технологиялық операцияларды анықтау және орындауды;
5) бұйым жасаудың технологиялық картасын оқу және әзірлеуді;
6) еңбек өнімін таратуға және дайындап шығаруға байланысты жұмыс жоспарларын құрастыруды;
7) геометриялық пішінді оюлардың қарапайым түрлерін пышақ немесе қашаумен орындауды;
8) конструктор бөлшектерінен қарапайым электр тізбегін құрастыруды;
9) киім және жиһаз қаптауышы бетінен дақтарды кетіре білуді;
10) технологиялық іс-әрекеті кезеңінде шығармашылық мақсаттарды шешу әдістерін қолдануды меңгеруі тиіс.
90. 6 сыныптың соңында оқушылар
1) мектеп шеберханасындағы тәртіптің жалпы ережелерін және еңбектің жеке гигиенасын, шеберхана жабдықтарын және ағашты қолмен өңдеу кезеңіндегі еңбек қауіпсізідігі ережелерін;
2) өсімдік шаруашылығының негізгі салаларын, жеміс-көкөніс дақылдарын өсіру технологиясын;
3) табиғи ағаштың қасиеттерін, құрылысын және кемістіктерін, жасанды ағаш материалдардың негізгі түрлері мен қасиеттерін;
4) цилиндр қалпындағы бөлшектің графикалық бейнелеуін;
5) цилиндр тәрізді бөлшекті қол сайманымен жасау технологиясын;
6) қозғалыс берілісінің механизмін және бұрғылау станогінің құрылысын;
7) амперметрдің, вольтметрдің, омметрдің құрылыстарын және осы құрылғыларды пайдалану ережелерін;
8) қазақтардың және Қазақстан Республикасының басқа халықтарының қолданбалы өнерін;
9) ағашты ою түрлерін және ағашты оюдың техникасы мен әдістерін;
10) металл мен теріні көркем өңдеу түрлерін;
11) тұрғын жай интерьерінің әр-түрлі стильдерін;
12) шығармашылық жобаны орындау кезеңінде құрылымдау және модельдеу негіздерін
білу/түсіну тиіс.
1) жұмыс орнын ұйымдастыруды;
2) тұқымдарды, егуге арналған көшет материалдарын дайындау, оқу-тәжірибелік учаскесінде көкөніс дақылдарына арналған жерді өңдеуді;
3) технологиялық қасиеттеріне, суретіне, эскизге байланысты материал таңдау, оларды өңдеуге арналған құрал-саймандарын іріктеп алуды;
4) қол саймандары көмегімен цилиндр тәрізді бөлшек жасауды;
5) бұйым жасау барысында материалдарды өңдеудің заманауи әдістерін және инновациялық технологияларын қолдануды;
6) технологиялық карта бойынша металдан бұйым жасауды;
7) тоқтың, кернеудің және кедергінің қуатын өлшейтін құралдарын пайдалана білуді;
8) құрылымдау және модельдеу әдістері мен принциптерін анықтау, бұйым композициясы қасиеттерін ажырату және пайдалануды;
9) тауарлар мен қызметтердің тұтынушылық қасиеттерін бағалауды;
10) еңбек өнімін жасау және таратуға бағытталған іс-әрекет жоспарларын құрастыруды;
11) тұрғын жай интерьері элементтерінің эскиздерін жасауды;
12) әр-түрлі материалдардан сәндік-қолданбалы мақсатындағы бұйымдарды жасап шығаруды;
13) технологиялық іс-әрекеті кезеңінде шығармашылық мақсаттарды шешу әдістерін қолдануды меңгеруі тиіс.
91. 7 сыныптың соңында оқушылар
1) қолмен өңдеу кезіндегі техникалық қауіпсіздігіне жалпы талаптарын және токарь станогында жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін;
2) жеміс-көкөніс дақылдарын өсіру технологиясын;
3) ағашты біріктірудің негізгі түрлері;
4) ажырайтын және ажырамайтын біріктірулер туралы жалпы мәлімет;
5) металлкесу станоктары туралы жалпы мәлімет;
6) тұрмыстық электр құралдарының, автоматикалық құрылғылардың түрлері мен қызметі, тұрмыстық электротехникалық құрылғыларындағы автоматика элементтері;
7) пәтер микроклиматын қолдауға арналған заманауи құралдары білу/түсіну тиіс.
1) көкөніс дақылдарын күтуді;
2) материалдарды өңдеудің қазіргі заманғы әдістерін және бұйым жасаудың инновациялық технологияларын қолдануды;
3) қарапайым біріктірулерді қолдана отырып, ағаштан бұйымдар жасауды;
4) сыртқы және ішкі бұрандаларды ою операцияларын қолдана отырып, металдан бұйымдар жасауды;
5) технологиялық құжаттарын оқу және дайындауды;
6) металды көркем өңдеудің әр-түрлі әдістерін қолдануды;
7) шығармашылық мақсаттарды шешу әдістерін технологиялық іс-әрекетінде қолдануды;
8) әр-түрлі материалдардан сәндік–қолданбалы өнер бұйымдарын жасауды;
9) дәнекерлеуді қолдана отырып электрмонтаждық жұмыстарды орындау, автоматика құрылғыларының қарапайым схемаларын жинауды;
10) жарық беру құрылғыларын орналастыру жоспарын дайындау, жарнама арқылы тұрмыстық техникасын таңдауды меңгеруі тиіс.
92. 8 сыныптың соңында оқушылар:
1) ағаш пен металды қолмен және механикалық түрде өңдеу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтауына қойылатын талаптарын;
2) ауыл шаруашылығының дамуына ғылымның әсерін;
3) органикалық және минерал тыңайтқыштарының негізгі түрлерін;
4) ағаштан бұйым жасауға арналған конструкторлық және технологиялық құжаттарын дайындауды;
5) токарлық-бұранда кесу станогының құрылысын, негізгі токарлық операцияларын;
6) шығармашылық жобаларды орындау кезінде құрылымдау және модельдеу негіздерін;
7) өндірістің негізгі салаларын, құрылымдық материалдарын өңдеумен, олардан бұйымдар жасаумен, өнім алумен және агротехнологиямен байланысты мамандықтарын.
білу/түсіну тиіс.
1) жұмыс орнын ұйымдастыруды;
2) жеміс ағаштары мен жидек бұталарын күтуді;
3) технологиялық және пайдалану қасиеттерін ескере отырып материалды анықтау және таңдауды;
4) ағаш пен металл өңдеуге арналған құралдарын, еңбек құрылғылары мен аспаптарын сызбасы және эскизі бойынша таңдауды;
5) металға бұранда ою жұмыстарын орындауды;
6) графикалық құжаттарды оқу және дайындау, технологиялық құжаттаманы жетілдіруді;
7) құрылымдау мен моделдеу қағидаттары мен әдістерін анықтау, бұйым композициясы қасиеттерін ажырату және пайдалануды;
8) технологиялық іс-әрекеті кезінде шығармашылық мақсаттарды орындау әдістерін қолдануды;
9) әр-түрлі материалдардан сәндік-қолданбалы өнері бұйымдарын жасауды меңгеруі тиіс.
93. 9 сыныптың соңында оқушылар
1) еңбекті қорғауға байланысты негізгі құқықтық, нормативтік және заңнамалық актілерін;
2) қол саймандарымен, электр аспаптарымен, металл және ағаш өңдеу станоктарында жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін;
3) құрылымдық және жасанды материалдардың негізгі түрлері мен қасиеттерін, оларды өңдеу технологияларын;
4) қайта құру іс-әрекетіндегі сызбаларын, схемаларын және белгілерін;
5) құрылымдық, табиғи және жасанды материалдарын көркем өңдеу туралы жалпы мәліметтерін;
6) шығармашылық жобаны орындау кезіндегі құрылымдау және моделдеу негіздерін;
7) кәсіптік білім алу және жұмысқа орналасу жолдары туралы мәлімет алу көздерін;
8) өндірістің негізгі салаларын, құрылымдық материалдарын өңдеумен, олардан бұйымдар жасаумен, өнім алумен және агротехнологиямен байланысты мамандықтарын;
білу/түсіну тиіс.
1) жұмыс орнын ұйымдастыруды;
2) материалды технологиялық, экономикалық және пайдалану қасиеттерін ескере отырып ажырату және таңдау, нұсқасы, суреті, эскизі, сызбасы бойынша оларды өңдеуге арналған құралдарын, еңбек құрылғылары мен аспаптарын іріктеп алуды;
3) материалдарды өңдеудің заманауи әдістерін, бұйымдар жасаудың инновациялық технологияларын қолдануды;
4) технологиялық операцияларды анықтау және орындауды;
5) графикалық құжаттарды оқу және дайындау, технологиялық құжаттаманы жетілдіруді;
6) құрылымдау мен моделдеу қағидаттары мен әдістерін анықтау, бұйым композициясы қасиеттерін ажырату және пайдалануды;
7) тауарлар мен қызметтердің тұтынушылық сапасын бағалауды;
8) еңбек өнімін жасау және тарату іс-әрекеті бойынша жоспар құруды;
9) технологиялық іс-әрекеті кезінде шығармашылық мақсаттарды шешу әдістерін қолдануды;
10) әр-түрлі материалдардан сәндік-қолданбалы өнері бұйымдарын жасауды меңгеруі тиіс.
94. Технология (қыз балаларға арналған) 5 сыныптың соңында оқушылар:
1) асүй мен асханаға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарды;
2) азық-түліктерді өңдеу; қазіргі асүй жабдықтарының түрлерін;
3) бутерброд пен ыстық сусындар дайындау технологиясы мен түрлерін;
4) көкөністердің тағамдық құндылығын;
5) тоқыма талшықтарының жіктелуін;
6) матаның өңі мен теріс жағын;
7) матаның негіз жібін, өңі мен теріс жағын анықтау;
8) мата, жіп, ине таңдауды;
9) қолмен тігілетін инешаншымдар мен тігімдерді орындауды;
10) матаны сырып тігу, бастыра тігу, бүгіп тігу, шеттіктеу тігістерімен біріктіру және өңдеуді;
11) ішкі көрініс, сәулет қысқаша мәліметтерді;
12) ұлттық салт-дәстүрлерді;
13) тұрғын үйдің ішкі көрінісін әрлеу, әсемдеу тәсілдерін
14) мақта мен зығырдан тігілген киімдер күтімін;
15) аяқ киімді күту тәсілдерін;
16) киімді күтудің шартты белгілерін;
17) маңызды көкөніс дақылдарын (пияз тектес, асқабақ тектес, асханалық);
18) көшеттерді отырғызу ережелерін (қырыққабат, бұрыш, баклажан, қызанақ);
19) жобаны таңдаудың себебін (мәселелері, қажеттілігі), міндетін, қолдану аймағын;
20) халық шығармашылығының түрлерін;
21) жобаны дағды, білім алудағы шығармашылық жұмыс ретінде, халық дәстүрі мен тарихына құрмет ретінде
білу/түсіну тиіс.
1) асүй құрал-жабдықтарымен жұмыс істеуді;
2) сыртқы түріне қарап азық-түліктердің сапасын анықтауды;
3) тағам өнімдерін механикалық және жылумен өңдеуді;
4) жұмыртқа, көкөністерден жасалған тағамдар, бутерброд және ыстық сусындар дайындауды;
5) матаның түрлерін анықтауды;
6) мата, жіп, ине таңдауды;
7) қолмен тігілетін инешаншымдар мен тігімдерді орындауды;
8) матаны сырып тігу, бастыра тігу, бүгіп тігу, шеттіктеу тігістерімен біріктіру және өңдеуді;
9) сәндік және әрлеу жұмыстарын орындауды;
10) жиһазды орналастыру, түстерді таңдауды;
11) киім тазалау және дақтарды кетіруді;
12) киімге қарапайым жөндеу жұмыстарын жүргізуді;
13) киімді жөндеудің тиімді тәсілдері және оны күтудің құралдарын таңдауды;
14) бөлме жағдайында көшеттер отырғызуды;
15) өсімдіктерді көшіріп отырғызу, суару, күтуді;
16) тұқымның өнгіштігін тексеруді;
17) өсімдікті топыраққа отырғызуды;
18) шығармашылық қызметте өзінің мүмкіндіктерін бағалауды;
19) жобаны дайындау, туындаған идеяны жүзеге асырылатын нәтижесіне дейін жеткізу бұйым дайындауды;
20) жасалған жұмысты бағалауды;
21) құрақ техникасын орындау, кілемше, панно, көрпе, майлық, үйкекті (заттың астына қоятын бұйым) тігуге байланысты жұмысты технологиялық жағынан дұрыс орындауды;
22) дайын бұйымды әсемдеуді меңгеруі тиіс.
95. 6 сыныптың соңында оқушылар:
1) көкөніс шаруашылығының күзгі жұмыстарын орындауды;
2) жеміс ағаштары мен жидек дақылдарын отырғызу ережелерін;
3) жидектік дақылдарды вегетативтік көбейту жөнінде;
4) жидектік дақылдарды отырғызу ережесін, күту, арамшөптер мен зиянкес жәндіктерден қорғау тәсілдерін;
5) жемістер мен жидектердің емдік қасиеттерін;
6) асхана, асүйге қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар;
7) ыстық өнімдермен жұмыс істеу ережесін;
8) адам ағзасына қажетті минералдық тұздар мен микроэлементтердің маңызы туралы жалпы мағлұматтарды;
9) сүттің химиялық құрамын, сүт сапасын анықтау тәсілдерін, сүттің аспаздық маңызын, қоректік құндылығын;
10) сүт пен сүт өнімдерінен жасалған қазақ халқының ұлттық тағамдарын дайындау технологиясын;
11) жармадан ботқа пісіру ережесін, бұршақ тұқымдастардан, макарон өнімдерінен тағам түрлерін дайындаудың ерекшеліктерін, пісіру кезінде қосылатын судың қатынасын;
12) ұлттық тағам түрлерін;
13) дастарқан әзірлеу ережесін.
14) жануарлардан талшықтар алу тәсілдерін;
15) талшықтардан тоқыма өндірісі және үй жағдайында жіп алу тәсілдерін;
16) жануарлардан алынатын табиғи талшықтардың қасиеттерін;
17) қарапайым өрімдерді, саржалық және атластық өрім раппортын, матаның өңі мен теріс жағын, мата ақауларын анықтауды;
18) жүн және жібек маталардан тігілген киімдер күтімі ерекшеліктерін,
тігін машинасының міндеттерін, құрылысы мен жұмыс істеу принципін;
19) тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін;
20) тігін инесінің құрылысын;
21) иненің құрылысын;
22) жеңіл киімге талаптар;
23) бұйым дайындауға қолданылатын маталар мен өңдеу түрлерін (материалдар, түсі, символикасы, ою-өрнегі);
24) өлшем алу ережесі және оның шартты белгілерін;
25) жапсырма және бастырмалы тігісті орындау технологиясын;
26) жабық және ашық қиықты бүгіп тігуді;
27) бұйым өңдеудің негізгі технологиялық тәсілдерін;
28) дайын бұйым сапасына қойылатын талаптарды;
29) ішкі көріністегі композицияның маңызын;
30) ішкікөріністегі әсемдеу тәсілдерін;
31) ұлттық дәстүрге сай келетін интерьер ерекшелігін;
32) киіз үй аспаптары және жиһаздарын, әшекейлерін;
33) киім мен аяқ киім күтіміне қойылатын негізгі талаптарды;
34) киім күтімі символдарын;
35) аяқ киім сақтау тәсілдерін, кептіру ережелерін;
36) жобаның негізгі құрамын;
37) жоба оқу саласы түрі ретінде;
38) адамдардың қажеттіліктерін анықтау тәсілдерін;
39) нақты бұйымды дайындау үшін қандай білім, білік және дағдыларға ие болу керектігін;
40) шығармашылық жобаны қалай жоспарлау және жүзеге асыру керектігін
білу/түсіну тиіс.
1) жемістің пісуін анықтауды;
2) өнімді, тұқымдарды жинауды;
3) сыртқы белгілеріне қарап, жармалардың сапасын анықтай білуді;
4) макарон, бұршақ тұқымдас дақылдар дәндері өнімдерінен, сүт және сүт өнімдерінен ботқа, тағамдар дайындай білуді;
5) жарма, бұршақ тұқымдастарына, макарон өнімдеріне алғашқы өңдеу жүргізуді;
6) асүй жабдықтарымен, құралдарымен және аспаптарымен жұмыс істеуді;
7) кешкі ас дайындауды және кешкі асқа дастарқан әзірлеуді, қонақты дастарқанға шақыруды;
8) сүттен дайындалатын қазақ ұлттық тағамдарын дайындауды;
9) ыдыс жууға және зарарсыздандыруға арналған құралдарды қолдануды;
10) саржалық және сәтендік өріммен тоқылған жүн және жібек маталарды тани білуді;
11) маталардың эксплуатациялық қасиеттерін анықтауды және оларды бұйымдар дайындау кезінде сарамандық жұмыста қолдана білуді;
12) жіптің керілуі мен инешаншым ұзындығын реттеуді;
13) машинаны тазалауды және майлауды;
14) аяқ және электр берілісті тігін машинасында жұмыс істеуді;
15) тігісті машинаның кері жүрісімен бекітуді;
16) машинаға инені орнатуды;
17) мата түріне байланысты ине мен жіп түрлерін таңдай білуді;
18) тігім сапасын реттеуді;
19) түзу және ирек тігімді орындауды;
20) киімді жобалауды, конструкциялауды және модельдеуді;
21) өлшем алуды және жазуды;
22) сызбаларды оқуды және құруды;
23) пішімді матаны пішуге дайындауды;
24) пішімді матаға үнемді орналастыруды;
25) пішім бөлшектерін өңдеуге дайындауы;
26) өлшеу жүргізуді;
27) ақауларды анықтауды және жүргізуді;
28) мата және өңдеу түрін таңдауды;
29) киімге арналған өңдеуді (символдарды, ою-өрнектерді, қолмен тігілетін тігіс түрлерін) технологиялық нақты қолдана білуді;
30) бұйым суретін және эскизін жасауды;
31) киімді көркем әшекейлеуді (бұйымды кестемен, ызбамен, жиектеу таспасымен, шілтер, жапсырма, машина да ирек тігіммен әрлеуді);
32) есік, терезе дизайнын орындауды;
33) қолда бар материалдардан үйдің керек-жарақтары мен киіз үй жиһаздарын, әшекейлерін жасауды;
34) пәтерді, үйді құрғақ және ылғалды жиыстыруды;
35) бұйым етегін жөндеуді;
36) аяқ киімнің ішкі жағын дезодорациялауды;
37)өзінің жобалық қызметінің міндетін қысқаша қисындап мазмұндауды;
38) өзінің жобасына қажетті ақпаратты іріктеуді және қолдануды;
39) жұмысын жоспарлауды және бұйым дайындауды;
40) дайындалған бұйымдарға қойылатын сәйкестік талаптар тізбесін анықтауды;
41) бұйым дайындауға кететін шығындарды анықтауды;
42) экологиялық тазалығын ескере отыра бұйымның сапасын анықтауды;
43) бұйымды жобалау мен дайындау кезінде пайда болатын кемшіліктерді талдауды және қиыншылықтарды анықтауды;
44) жобаны қорғау барысында өз көзқарасын білдіруді және тұжырымын дәлелдеуді меңгеруі тиіс.
96. 7 сыныптың соңында оқушылар:
1) азық-түліктерді өңдеудің температуралық режімі мен тағамды өңдеудің ұзақтығын сақтаудың санитарлық маңызын;
2) ыстық тағамдармен жұмыс істеу ережелерін;
3) балық пен қамырдан тағамдар әзірлеу технологиясын, олардың адамның тамақтануындағы маңызын, сақтау мерзімдерін;
4) түскі асқа дастарқанды жабдықтау ережесін;
5) химиялық талшықтар (негізгі және бейматалар) өндірісінің ерекшеліктерін;
6) өндіріс жағдайында жіп алу жолдарын;
7) химиялық талшықтардың (жасанды және синтетикалық) қасиеттерін;
8) химиялық талшықтардан тігілген киімдерді күту ерекшеліктерін;
9) маталардың түрлерін, олардың қолданылуын;
10) аралыққа және жылылыққа салынатын материалдардың айырмашылығын;
11) химиялық талшықтардан жасалған бұйымдарды күту бойынша белгілерді, кір жуудың және ылғалды-жылумен өңдеу режимдерін;
12) тігін машинасының құрылғыларын;
13) машина тігістерін, оның түрлерін (біріктіру, шет тігісі, әрлеу);
14) тігін машинасымен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін;
15) жеңіл ақауларды жою тәсілдерін;
16) жұмыс орнындағы жабдықтарға қойылатын талаптарды;
17) иық бұйымдарының сызбасын құру үшін өлшем алу ережесін және олардың шартты белгілерін жазуды;
18) өз өлшемдері бойынша дайын пішімді өзгерту тәсілдерін;
19) бұйым дайындау кезінде қолданылатын маталар мен әшекейлерді;
20) бұйымды өңдеудің технологиялық реттілігін;
21) дайын бұйымның сапасына қойылатын талаптарды;
22) адам өмірінде пәтер интерьеріндегі бөлме өсімдіктерінің маңызын;
23) пәтерде бөлме өсімдіктерін тиімді орналастыру тәсілдерін;
24) гүл шоғын құрастыруға қойылатын эстетикалық талаптарды;
25) қолөнер тарихын;
26) ілгек бізбен тоқуға арналған материалдар мен құралдарды;
27) ілгек бізбен жұмыс істеу тәсілдерін;
28) тоқу кезінде қолды дұрыс ұстауды;
29) түрлі іліп тоқу (шалу) технологиясын;
30) жайманы шеңберлеп тоқуды;
31) өрнек раппортын және оны жазуды;
32) ілгек бізбен тоқудың шартты белгілерін;
33) жобаның мақсаты мен міндеттерін;
34) жобаны жоспарлау және жүзеге асыруды;
35) бұйым дайындау технологиясын;
36) өзіндік құнын;
37) білімдері мен іскерлігіне өзіндік баға беруді
білу/түсіну тиіс.
1) балықтың сапалылығын анықтауды;
2) консервілердің жарамдылық мерзімдерін анықтауды;
3) ас үй жабдықтары, құралдар және құрылғылармен жұмыс істеуді;
4) балықтан тағамдар әзірлеуді;
5) ұн өнімдерін пісіруді;
6) химиялық талшықтардан жасалған маталарды тануды;
7) табиғи және химиялық талшықтардан жасалған маталардың құнына салыстырмалы талдауды;
8) табиғи және химиялық талшықтардан жасалған маталардың қасиеттерін анықтауды;
9) жасанды және синтетикалық маталардың қасиеттерін анықтауды;
10) бұйымның қасиеттерін біле отырып, бұйым дайындау кезінде материалды дұрыс пайдалануды;
11) бұйымдарды жуу үшін ұнтақты таңдауды;
12) жіптің тартылуын және тігіс жиілігін реттеуді;
13) тігін машинасының кері жүрісімен тігісті бекітуді;
14) тігін машинасын тазалау және майлауды;
15) тігін машинасының инесін материалдың қалыңдығына сәйкес дұрыс таңдауды және оны орнатуды;
16) жөрмелген және шеттіктеу тігістерін орындауды;
17) киімді жобалауды, конструкциялауды және модельдеуді;
18) өлшем алуды және жазуды;
19) пішім және матаны пішуге дайындауды;
20) мата жайылмасына пішімді тиімді орналастыруды;
21) бұйым өлшемін алуға дайындау, өлшемін жүргізуді;
22) ақауды анықтауды және түзетуді;
23) жапсырманы жапсыруды;
24) мата жиегі мен түймелікті торлауды;
25) жекелеген шет тігістерін орындауды;
26) пәтердің ішкі көрінісіне арналған бөлме өсімдіктерін таңдауды;
27) гүлдерден композиция құрауды;
28) өсімдіктер күтімін;
29) гүлдерге жарық түсуін ескере отырып талаптарға сәйкес олардың пәтерде орналасуын анықтауды;
30) ілгек бізбен дұрыс жұмыс істеуді;
31) түрлі іліп (шалу) тоқуды;
32) бұйымға арналған жайма тоқуды;
33) шеңберлеп тоқуды;
34) тоқу кезінде сызбаны пайдалануды;
35) сән журналымен жұмыс жасауды;
36) масштабты немесе нақты өлшемде жеңіл бұйымдарды тоқуды;
37) бұйым тоқуға арналған жіптер мен ілгек бізді таңдауды;
38) бұйымның үлгісін әзірлеуді;
39) жобаның тақырыбын таңдау критерийлерін анықтауды,
40) негізгі және қосымша ақпараттарды дұрыс таңдау мен қолдануды;
41) жұмысты жоспарлау мен бұйымды дайындауды;
42) бұйымды дайындауға кететін шығындарды анықтауды;
43) кіріс түсіру мақсатымен дайындалған бұйымды өткізуді;
44) экологиялық жағдайды ескере отырып, бұйымның сапасын бағалауды;
45) кемшіліктерді талдауды және қиыншылықтарды анықтауды;
46) жобаны қорғау барысында өз көзқарасын білдіруді меңгеруі тиіс.
97. 8 сыныптың соңында оқушылар
1) азық-түліктермен жұмыс істеу кезінде сақталатын санитарлық-гигиеналық ережелерді;
2) ауру тарататын микробтар және одан сақтануды;
3) бірінші тағамдар әзірлеу технологиясын, олардың адамның тамақтануындағы маңызын;
4) сорпа дайындауға қойылатын талаптар;
5) ашытқылы қамыр дайындау тәсілдерін;
6) үй жағдайында консервілеу негізін;
7) белдемшелерді конструкциялауды (құрастыруды);
8) өлшем алу ережесін және олардың шартты белгілерін жазуды;
9) бұйым дайындау кезінде қолданылатын маталар мен өңдеу түрлерін;
10) бұйымды өңдеудің негізгі технологиялық тәсілдерін;
11) бұйымды өңдеудің технологиялық реттілігін;
12) отбасы, қызмет, қажеттіліктер, отбасылық экономика, кәсіпкерлік жөнінде түсінікті;
13) әлеуметтік, материалдық, орынды (тиімді) қажеттіліктерді;
14) отбасы бюджетінің шығыс бөлігі және балансын;
15) шаруашылықты орынды жүргізу ережесін;
16) шығынды жоспарлауды;
17) жеке бюджет, қор (ақша) жинақтауды;
18) жоба тақырыбын таңдау, ойын жүзеге асыруды, таңдаған тақырыбын негіздеуді;
19) жобаны орындауға қажетті материалдарды іріктеуді;
20) өзіндік құнын алдын-ала есептеуді;
21) бұйымды дайындау технологиясын және бұйымды өткізуді (тауар, қызмет, бұйымдар, іс-шаралар)
білу/түсіну тиіс.
1) асүй жабдықтары, құралдар және құрылғылармен жұмыс істеуді;
2) қоспа сорпа дайындауды;
3) ашытқылы қамыр дайындау және олардан өнім дайындауды;
4) орамжапырақты ашытуды;
5) белдемшені жобалау, конструкциялау және модельдеуді;
6) өлшем алу және есептеуді;
7) сызбаны оқу және сызуды;
8) матаға пішімді үнемді орналастыруды;
9) пішім бөлшектерін өңдеуге дайындауды;
10) өлшеу жүргізуді, ақауларын жөндеуді;
11) бұйымды тігу кезінде технологиялық операцияларды дұрыс орындауды;
12) матаны және әрлеу түрлерін таңдауды;
13) мата жиегі мен түймелікті торлауды;
14) қажеттілігіне қарай орынды сұрыптап, сатып алуды (қажетті, бірақ міндетті емес);
15) ақшаны сауатты жұмсауды;
16) өз шығындарын талдауды;
17) шығармашылық жобаны дұрыс безендіруді (дизайн-папка);
18) жобаны таңдау кезінде пайда болатын мәселелер мен қажеттіліктерді анықтауды;
19) бұйымға қойылатын негізгі талаптарды айқындауды;
20) жұмысты жоспарлау және бұйымды дайындауды;
21) экономикалық тұрақтылықты;
22) қиыншылықтарды анықтауды, талдауды және бұйымның сапасын бағалауды;
23) жобаны қорғау барысында өз көзқарасын білдіруді және тұжырымын дәлелдеуді меңгеруі тиіс.
98. 9 сыныптың соңында оқушылар
1) азық-түліктерді өңдеудің температуралық режимі мен сақтау ұзақтығының санитарлық маңызын;
2) еттен әзірленетін тағамдардың жіктелуін, гарнир, тұздық түрлерін, әзірлеу технологиясын;
3) етті дәстүрлі мүшелеу және еттен табақ тарту ретін;
4) ас мәзірінің түрлерін;
5) бұйым дайындау кезінде қолданылатын маталар мен әрлеу түрлерін;
6) өлшем алу ережесін және олардың шартты белгілерін жазуды;
7) бұйымды өңдеудің негізгі технологиялық тәсілдерін;
8) бұйымды өңдеудің технологиялық реттілігін;
9) қолөнер тарихын, бүгінгі күні қолданбалы өнердегі маңызын;
10) үйде қолданылатын қазақ халқының дәстүрлі бұйымдарын жасау негізін, материалдар мен құралдарды;
11) жұмыс тәсілдерін; орындау технологиясын;
12) кәсіби қызметтің маңызын;
13) өнер, тамақтану, сауда саласының кәсіптерін;
14) кәсіби өзіндік анықтаудағы тұлғаның ерекшелігін;
15) кәсіби жарамдылық, денсаулығына байланысты кәсіп таңдауды;
16) ХХІ ғасырдың кәсіптерін (жұмыстың ерекшелігі мен маңызын);
17) жобаның мақсаты мен міндеттерін, оның қажеттілігін, пайдасы мен құндылығын;
18) бұйымды жоспарлау және дайындау технологиясын;
19) өзіндік құнын, дайын бұйымды өткізуді
білу/түсіну тиіс.
1) ас үй жабдықтары, құралдар және құрылғылармен жұмыс істеуді;
2) азық-түлік сапасын;
3) еттің сапалылығын анықтауды;
4) механикалық және жылумен өңдеуді;
5) жаншылған және бұқтырылған еттен өнім, палау, қуырдақ әзірлеуді;
6) ас мәзірін құруды;
7) киімді жобалау және модельдеуді;
8) өлшем алуды және есептеп жазуды;
9) сызбаны түсінуді және сызуды;
10) бұйым бөлшектерін калькаға немесе қағазға көшіруді;
11) матаның үстіне пішімді тиімді орналастыруды;
12) пішім бөлшектерін өңдеуге дайындауды;
13) дайын бұйымның өлшемін жүргізуді және кесдескен ақауды түзетуді;
14) бұйымды тігу кезінде технологиялық операцияларды дұрыс орындауды;
15) матаны және әрлеудің түрлерін таңдауды;
16) таспадан, бисерден, жіптен, жүн және иірімжіптерден жеңіл бұйымдар жасауды;
17) үйді, пәтерді безендіруді;
18) бисер тоқу техникасымен композиция жасауды;
19) кәсіпке өзіндік талдау жүргізуді;
20) кәсіби өзіндік анықтаудағы тұлғаның ерекшелігін;
21) «Мамандық нұсқаушысы» анықтамалық әдебиеттермен жұмыс жасауды;
22) өмірлік жоспар құру, түйіндеме жазуды;
23) жоба тақырыбын таңдау критерийлерін анықтауды;
24) бұйымның үлгісін, эскизін әзірлеу, жетілдіруді;
25) бұйымды дайындауға кететін шығындарды анықтауды;
26) ақпаратты дұрыс іріктеп алуды және пайдалануды;
27) жұмысты жоспарлау және бұйымды дайындауды;
28) кемшіліктерге талдау жасауды;
29) жұмысты бағалауды;
30) жобаны қорғау барысында өз көзқарасын білдіруді;
31) білімдері мен іскерлігіне өзіндік баға беруді;
32) дайындалған бұйымды өткізуді меңгеруі тиіс.
99. Жеке тұлға нәтижелері, оқушылар
1) оқуға, еңбекке деген жауапты көзқарастарын, оқушылардың өзін-өзі дамыту, өздігімен білім алуға дайындықтары мен қабілеттіліктерін, тұрақты танымдық мүдделерін, мамандықты саналы түрде таңдауға дайындықтарын қалыптастыру, сонымен қатар, әлеуметтік маңыздылығы бар еңбекке қатысу тәжірибесін дамыту;
2) белсенді азаматтық ұстанымын, жоғары патриоттық сезімдерін білдіру;
3) басқа адамға деген саналы, сыйластық және тілектестік көзқарасты, басқа адамдармен диалог құру қабілеттілігін қалыптастыру;
4) әлеуметтік нормаларын, топтар мен қоғамдастықтарда тәртіп ережелерін меңгеру;
5) адамгершілік мінез-құлықты, өз қылықтарына деген жауапты көзқарасын тәрбиелеу;
6) экологиялық мәдениеті негіздерін қалыптастыру;
7) қазақтардың сәндік-қолданбалы өнерін меңгеру арқылы эстетикалық сана-сезімін тәрбиелеу және оны көрсете білу керек.
100. Жүйелілік-әрекеттік нәтижелері, 5-9 сынып оқушылары
1) өздігінен өзінің оқу мақсаттарын анықтауға,ғылыми мәліметтерді талдауға, өңдеуге, синтез жасауға және қолдануға икемділігін;
2) жобалау және құрылымдау әдістерін игере білуін;
3) оқу мақсатының дұрыс орындалуын бағалай білуін;
4) оқу мақсаттарын шешу үшін белгілер мен нышандарды, моделдер мен схемаларды қайта құра және пайдалана алуын;
5) мұғаліммен және жолдастарымен оқу қызметтестіктерін және бірлескен іс-әрекеттерін ұйымдастыра білуін, дамыған коммуникативтік қабілеттерін меңгергенін;
6) қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларын меңгергенін көрсете білу керек.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына
47-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |