«Адам. Қоғам. Құқық» пәні бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы ерекшеліктер Қоғамдық ғылымдар кешенін құрайтын кіріктірілген сипатқа тән «Адам. Қоғам. Құқық» пәнін оқыту білім алушылардың назарын қазіргі қоғамдық, саяси, мәдени, әлеуметтік құбылыстарға, оларды реттеп отыратын заңдардың өзара байланысына аударуға негізделген.
Оқу процесінде білім алушылардың бүгінгі күнгі өзекті қоғамдық және құқықтық мәселелерге қатысты пікірталасқа қатысу дағдыларын дамыту; сын тұрғысынан талдау және қоғамдық және құқықтық қатынастармен байланысты практикалық жағдаяттарды бағалау дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға көңіл бөлу ұсынылады.
Білім алушының талдау қабілетін, қызығушылығын, дербестігін, жауапкершілігін дамытуға бағытталған оқытудың ұйымдастырушылық-әдістемелік түрлері:
мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы білім алушыларды ынталандыра және дамыта оқыту;
білім алушылардың білім алуы «оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау көрсету;
білім алушыларды зерттеу және зерттеушілік жұмыстарын жүргізуге негізделген белсенді оқытуды ұйымдастыру;
білім алушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;
білім алушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар құрастыру;
білім алушылардың жеке, жұптық, топтық және сыныптық жұмыс түрлерін ұйымдастыру.
Пәндерді оқытуда білім алушылардың басқа пәндерден: «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Дүниежүзі тарихы», «Қазақстан тарихы», «Физика», «Биология», «География» және т.б. алған білімдеріне сүйену қажет.Оқыту білімді жүйелі меңгеру, оқыту міндеттерін шешу процесінде мұғалім мен білім алушының бірлескен әрекеті ретінде қызмет етеді. Бұл жерде мұғалімнің қызметі оқыту үрдісін ұйымдастыру және басқарудан көрінеді.
«Өзін-өзі тану» Өзін-өзі тану пәнін оқыту бойынша бағдарлама 9-сыныпта аптасына 1 сағаттан оқу жылында 34 сағаттық оқу жүктемесі көлемінде жүзеге асырылады.
Негізгі білім беру деңгейіндегі пәннің мазмұндық логикалық құрылымын сақтай отырып, олардың бұрын меңгерген жалпыадамзаттық құндылықтар туралы білімдерін жинақтап, қорытындылау мақсатында 9 – сыныптағы білім мазмұны мына бағытта беріледі: