Назар аударыңыздар!
2018-2019 оқу жылының ұзақтығы: мектепалды сыныптарда – 32 апта, 1-сыныптарда – 33 апта, 2-11(12)-сыныптарда – 34 апта.
«Орта білім беру ұйымдарында 2018 - 2019 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 5 шілдедегі № 322 бұйрығымен 2018-2019 оқу жылы барысындағы каникул күндері белгіленді:
1-11(12)-сыныптарда: күзгі каникул –7 күн (2018 жылғы 29 қазан - 4 қарашаны қоса алғанда),
қысқы – 10 күн (2018 жылғы 31 желтоқсан – 2019 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда),
көктемгі – 13 күн (2019 жылғы 21 наурыз - 2 сәуірді қоса алғанда);
мектепалды сыныптарда:
күзгі каникул – 7 күн (2018 жылғы 29 қазан - 4 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 14 күн (2018 жылғы 27 желтоқсан – 2019 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда),
көктемгі – 15 күн (2019 жылғы 21 наурыз - 4 сәуірді қоса алғанда);
мектепалды және 1-сыныптарда: қосымша каникулдар: 7 күн (2019 жылғы 4 - 10 ақпанды қоса алғанда).
Сабақтардың өткізу мерзімі мереке күндерімен сәйкес келген жағдайда, тақырыбын/оқу мақсаттарын оқу пәні бойынша жақын/ұқсас тақырыптармен/оқу мақсаттарымен біріктіріп/тұтастырып, мерекелік күндерге дейін немесе мерекеден кейін аздаған сағат санымен оқыту қажет.
Бұл ретте жеңіл мақсаттарды қарастырып, жазба жұмыстарын жоспарламаған жөн. Қайталауға берілген сағаттар есебінен, оқу бағдарламаларының кіріктіруін ескере отырып, сабақтарды келесі күнге ауыстыруға болады.
Назар аударыңыздар!
Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім ұйымы қызмет көрсететін аймақта тұратын барлық балаларға қолжетімді болуды қамтамасыз ете отырып, 7 жастағы және ағымдағы жылы алты жасқа толатын барлық балаларды бірінші сыныпқа қабылдайды.
Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін, төмендегідей құжаттар қажет:
1) баланың ата-анасы немесе басқа да заң өкілдерінің өтініші;
2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) денсаулық жағдайы туралы анықтама (форма 026/у-3);
4) 3х4 см көлеміндегі 2 дана фотосурет.
Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына баратын балалардың құжаттары ата-аналарынан немесе басқа да заң өкілдерінен ағымдағы жылдың 1 маусымынан 30 тамызына дейін қабылданады. Баланы бірінші сыныпқа қабылдау кезінде қосымша құжаттар сұралмайды.
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 254 қаулысы.
Достарыңызбен бөлісу: |