Математика бойынша қорытынды аттестаттау
Қорытынды аттестаттау аясында алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан, қоғамдық-гуманитарлық бағыт үшін 5 тапсырмадан, жаратылыстану-математикалық бағыт және математиканы тереңдетіп оқытатын мектептер (сыныптар) үшін 6 тапсырмадан тұрады.
Тапсырмалар теориялық материалды, ұғымдар мен тәсілдерді меңгеру дәрежесін, есептерді шешу біліктерін, функционалдық сауаттылық деңгейін айқындауға бағытталған.
Кез келген жазбаша емтиханды өткізу барысында басты назар оқыту бағытына, емтихан тапсырмаларының мазмұнына, жазбаша жұмысты рәсімдеуге және бағалауға аударылуы керек.
Алгебра және анализ бастамалары бойынша емтихан тапсырмаларының мазмұны туралы
І. Жалпы білім беретін мектептердің 10-11-сыныптарында оқыту бағыттар бойынша жүргізіледі, сонымен қатар жекелеген мектептерде (сыныптарда) математика пәні тереңдетіліп оқытылады. Сондықтан емтихан тапсырмалары оқыту бағыттарына (қоғамдық-гуманитарлық бағыт, жаратылыстану-математикалық бағыт, математиканы тереңдетіп оқыту) сәйкес құрастырылуы тиіс.
ІІ. Емтихан тапсырмаларының мазмұны оқыту бағытына сәйкес «Алгебра және анализ бастамалары» пәні оқу бағдарламасының барлық тарауларын қамтуы тиіс.
41-кесте – «Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша оқу бағдарламасының тараулары
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт
|
Жаратылыстану-математикалық бағыт
|
Математиканы тереңдетіп оқыту
|
10-сынып
|
Функция, оның қасиеттері және графигі
|
Функция, оның қасиеттері және графигі
|
Функция, оның қасиеттері және графигі
|
Тригонометриялық функциялар
|
Тригонометриялық функциялар
|
Тригонометриялық функциялар
|
Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер
|
Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер
|
Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер
|
Туынды
|
Туынды
|
Туынды
|
Туындыны қолдану
|
Туындыны қолдану
|
Туындыны қолдану
|
11-сынып
|
Алғашқы функция және интеграл
|
Алғашқы функция және интеграл
|
Алғашқы функция және интеграл
|
Дәреже және түбір. Дәрежелік функция
|
Дәреже және түбір. Дәрежелік функция
|
Дәреже және түбір. Дәрежелік функция
|
Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар
|
Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар
|
Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар
|
Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер
|
Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер
|
Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер
|
|
Теңдеулер және теңсіздіктер, теңдеулер мен теңсіздіктер жүйелері
|
Теңдеулер және теңсіздіктер, теңдеулер мен теңсіздіктер жүйелері
|
ІІІ. Көрсетілген тарауларды ескере отырып, емтихан жұмыстарының тапсырмаларын «Есептеулер», «Өрнектерді тепе-тең түрлендіру», «Теңдеулер мен олардың жүйелері», «Теңсіздіктер мен олардың жүйелері», «Функция және оның графигі», «Мәтіндік есептер» бөлімдері бойынша құрастыру ұсынылады. Мәтіндік есептер жазық фигураның ауданы және дене көлемін табу, ең үлкен немесе ең кіші мәнді табу есептерін және т.б. құрайды. Барлық тапсырмалар А, В, С, деңгейлеріне бөлінеді:
- А деңгейінің тапсырмаларын орындау үшін білім алушыларда күрделі емес есептеулер мен түрлендірулерді, теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің стандарт тәсілдерін меңгеру бойынша базалық білімдері мен дағдылары болуы тиіс;
- В деңгейі – күрделілігі орташа деңгейдегі тапсырмалар;
С деңгейі тапсырмаларын орындау үшін білім алушыларда оқу бағдарламасымен бекітілген көлемде терең теориялық білімі болуы тиіс.
Оқыту бағытын ескере отырып, бақылау жұмысындағы емтихан тапсырмаларын төмендегідей бөлу ұсынылады:
1) қоғамдық-гуманитарлық бағыты сыныптары үшін үш тапсырма - А деңгейі, бір тапсырма – В деңгейі, бір тапсырма – С деңгейі, барлығы 5 тапсырма (3А + 1В + 1С);
2) жаратылыстану-математикалық бағыты сыныптары үшін үш тапсырма - А деңгейі, екі тапсырма - В деңгейі, бір тапсырма - С деңгейі, барлығы 6 тапсырма (3А + 2В + 1С);
3) физика-математикалық мектеп сыныптары (математиканы тереңдетіп оқытатын) үшін 1 тапсырма – А деңгейі, 3 тапсырма – В деңгейі, екі тапсырма – С деңгейінен, барлығы 6 тапсырма (1А + 3В + 2С).
Достарыңызбен бөлісу: |