Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ



бет77/184
Дата07.02.2022
өлшемі4,48 Mb.
#89342
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   184
Байланысты:
О у жылында аза стан республикасыны жалпы орта білім беретін м

«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ

Жаратылыстану – табиғат заңдылықтары мен құбылыстары туралы ғылым. Жаратылыстану біртұтас жүйе ретінде қарастыруға болатын табиғи құбылыстар мен объектілердің әртүрлі қасиеттері туралы сұрақтарды кең ауқымда қамтиды. Табиғатты зерттеу қоршаған әлемді тануға деген адамның өзіндік талпынысы болды және практикалық іс-әрекетінің негізіне айналды. Негізгі түсініктер, құбылыстардың өзгеру заңдылықтары туралы өзіндік ұғым, табиғат заңдарын қолдану тәсілдері оны зерттеу кезінде туындады.Қазіргі уақытта жаратылыстану ғылымы белсенді әрекеттердің өрісі болып табылады және оларға негізделген заманауи технологиялар адам өмірінің жаңа бейнесін қалыптастырады. «Жаратылыстану» білім саласы заманауи жаратылыстанудың негізгі дүниетанымдық және әдіснамалық принциптерін, олардың басты бағыттары және әлемнің жалпы бейнесіндегі жалпы мәдени жағдайын зерделейді.


Жалпы орта білім деңгейіндегі «Жаратылыстану» білім саласы оқу пәндерінің мазмұны дүниетанымдық сипатымен ерекшеленеді, сонымен қатар білім алушылардың бойында табиғат, табиғи құбылыстар, процестер, заңдылықтар туралы түсініктерін, Жер адам өмір сүретін планета ретінде, әлемнің ғылыми бейнесінің астрономиялық құрамы туралы кешенді, жүйелі және әлеуметтік-бағытталған көзқарастарын дамытады.
Оқытудың мақсаты - органикалық дүниенің құрылысы мен тіршілік әрекеттерінің ерекшеліктері туралы және білім алушыларда тірі организмдердің жасушаға дейінгі құрылысы, тіршіліктің құрылым деңгейлері және биологиялық әртүрлілігі Жер табиғатындағы тұрақты дамудың бейнесі екендігі туралы негізгі түсінік қалыптастыру.
Оқытудың міндеттері –білім алушыларда органикалық дүниені оқып білуге танымдық қызығушылықты дамыту және білім алушыларда география, химия, физика, математика және басқа да «Жаратылыстану» білім саласындағы пәндерді оқып меңгеруге негіз болатын түсініктер мен тіректік білімдерді қалыптастыруға қажетті жағдай туғызу.
«Жаратылыстану» білім саласы құрамына география, биология, физика, химия пәндері кіреді, оларға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі төмендегідей:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   184




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет