Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет90/184
Дата07.02.2022
өлшемі4,48 Mb.
#89342
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   184
Байланысты:
О у жылында аза стан республикасыны жалпы орта білім беретін м

Мазмұндама

- мазмұндау кезінде ойды өзгертпей сақтай білу;
- орфографиялық нормаларды сақтай білу.


Шығарма

  • жоспар құра білу;

  • ой бірізділігін сақтай білу;

  • орфографиялық нормаларды сақтай білу.


Көру диктанты
Бұл диктант түрі білім алушылардың көру, есту, есте сақтау, затты тану сияқты қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі. Көру диктанты үшін әріп, буын, жеке сөздер, сондай-ақ жазылуы қиын сөздер мен сөз тіркестері және шағын мәтіндер, жұмбақтар, мақалдар, жаттауға берілгсн өлеңдерді алуға болады.

- есте сақтау арқылы мәтін жаза білу;
- емлені жазу кезінде ережелерді қолдана білу;
- оқылған материал бойынша тыныс белгілерін қою;
- жазылған мәтін үлгісі бойынша тексеру.


Шығармашылық диктант — үйрету диктанттарының ішінде мазмұн, құрылым, әдіс-тәсіл жағынан ең күрделісі, білім алушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерін арттыру көрсеткіші. Бұл диктанттың көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қою, сөздерді дұрыс орналастыру арқылы сөйлем құрау, басы жазылған мәтінді аяқтау сияқты басқа диктанттарға ұқсамайтын өзгешеліктері болады.

- белгілі бір сөзді немесе грамматикалық нысанды таңдай біледі;
- сөздерді жазу кезінде орфографиялық ережені қолдана алады.




Графикалық (сызба) диктантты сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсету, керісінше, берілген сызба бойынша сөйлем құрау сияқты түрлі нұсқада жүргізуге болады

- емлені жазу кезінде ережелерді қолдана білу;




Суретті диктант (дыбыссыз диктант) – мұғалімі үнсіз пәндік суретті көрсетеді, білім алушылар заттың атауын жазады.

- суреттегі бейнені сөздермен сәйкестендіре білу;
- бейнеленген суретті сөздермен жаза білу;
- емлені жазу барысында ережелерді қолдана білу


Еркін диктант мәтінді жазу барысында білім алушылар жекелеген сөздерді ауыстыра алады, сөйлемнің құрылымын өзгерте алады. Мәтін әуелі тұтас оқылады, сонан соң бөліктері бойынша (3-4 сөйлем); әрбір бөлігі қайталап оқығаннан кейін жазылады. Білім алушылар мәтіннің әр бөлігін есте сақтау арқылы жазады. Бұл жұмыс түрі білім алушыларды мазмұндама жазуға дағдыландырады.

- сөздерді мағынасы жағынан таңдай біледі/алмастыра алады;
- мәтіннің бөлігі бойынша есте сақтай отырып, жаза біледі;
- сөздерді жазу кезінде орфографиялық ережелерді қолданады;
- оқылған материал бойынша тыныс белгілерін қоя біледі.




Өздік диктант
Білім алушылар өтілген материалдарға байланысты әріптер мен буындарды, сөз бен сөз тіркестерін және жекелеген сөйлемдер мен жаттап алған өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді естеріне түсіріп, ойлана отырып өз бетінше жазады.
Диктанттың бұл түрінің өткенді қайталап, тіл ұстартуда маңызы зор. Мұғалім өздік диктантты қай күні болатынын, нені қайталап келу керектігін білім алушыларға алдын ала ескертіп қояды.

- емлені жазу кезінде ережелерді қолдана біледі




Іріктеу диктанты – есту немесе көру диктантының түрі. Бүкіл мәтінді жазу емес, тек қана оқылған ережелер орфограммасы бар сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді жазғызу. Қосымша тапсырма қоса жүруі мүмкін.

- оқылған орфограммалары бар сөздерді таңдай біледі;
- сөзді жазу кезінде орфографиялық ережені қолдана біледі.



Пән бойынша жиынтық бағалау бөлім бойынша (БЖБ) және тоқсан бойынша (ТЖБ) жиынтық бағалау рәсімдерінің нақты санымен әр тоқсанда 1 рет өткізіледі. Төменде бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны (55-кесте).
55-кесте – «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны



Сыныптар

Бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша
жиынтық бағалау рәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

2-сынып

2*

2*

2*

2*

3-сынып

2*

2*

2*

2*

*Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   184




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет