«Орман тыңшылары» ойыны
Балалар орманда болған төтенше оқиғаларды, табиғаттағы кез келген өзгерісті (ағаштардың кесілуі, сүйікті алаңындағы көп гүлдердің жұлынуы, бұлақтың ластануы) зерттеп, тексеру жүргізеді.
|
- оқиғалар тізбегін құра алады;
- өз тұжырымдарын жасай алады;
- табиғатты қорғау туралы біледі
|
5
|
«Құстар асханасы»
Жобаның мақсаты –мектеп немесе үйдің ауласындақұстардың тұрақты «асханасын» жасау және ұйымдастыру. Жобаның бірінші кезеңі – құстарғаарналған үйшіктерді дайындау бойынша әдебиеттерді зерделеу, тәжірибе алмасу, жем жинау. Жобаның екінші кезеңі – дайындалған үйшіктердің көрмесі.Жобаның үшінші кезеңі– «асхананың» салтанатты ашылуы (презентация)
|
- құстардың үйшігітуралы ақпаратпен жұмыс жасай алады;
- үйшікті жасайалады;
- үйшікті таныстыра біледі
|
6
|
«Мен өзенді қорғаймын» экологиялық міндеті
Төменгі жағын үнемі су шайып жататын жарды немесе жағалауды қалай бекітуге болатыны туралы ұсыныстарыңызды айтып көріңіз.
|
- өзенді құтқару үшін өсімдіктер тамырының
пайдаланылатынын біледі;
- өсімдіктің белгілі бір түрін (тамырымықты өсімдіктер) пайдалану керектігін дәлелдей алады;
- қандай өсімдіктіңсол жерде жақсы жерсінетінін біледі;
- өз жауабын түсіндіре біледі
|
7
|
«Жасыл досқа» хат
Мұғалім білім алушыларды белгілі бір жағдаятпен таныстырады. Балаларға хат жазуды, мысалы, ағашқа хат жазуды ұсынады. Жұмыс шағын шығарма түрінде (ойын элементтерінің болғаны жақсы) жүргізілуі мүмкін: конверткехат салынып, суреттермен толтырылады, мекенжайы толтырылады.
|
- қандай да бір жағдаятқа ене алады;
- хат жаза біледі
|
8
|
«Экологиялық мамандық»коллажы
Жобаның бірінші кезеңі – экологиялық мамандықтар деп санауға болатын мамандық түрлері (орман шаруашылығының, қорықтардың қызметкерлері, экологиялық қызмет, көгалдандыру қызметкерлері, хайуанаттар бағының қызметкерлері, дәрігер, жүргізуші, ғарышкер, аула тазалаушы, бағбан, зертханашы және т. б.)туралы білу. Балалар осы мамандықтар туралы материал жинайды. Жобаның екінші кезеңі мамандықты қорғау болып табылады. Бұл кезде білім алушыларосы мамандықтар туралы әңгімелейді, фактілер келтіреді, суреттер, плакаттар, фотосуреттер көрсетеді, сюжеттерді ойнап көрсетеді.
|
- экологиялық мамандықтар туралы ақпарат жинай алады;
- осы мамандықтыңтаныстырылымын жасай біледі
|
9
|
Табиғаттың «Шағым кітабы».
Білімалушылар «Шағым кітабына» туған өлкесінің аумағында өсетін өсімдіктер мен тіршілік ететін жануарлардан келіп түсетіншағымдарды жазады.
Жобаның бірінші кезеңі – қоршаған ортаның (жануарлар, өсімдіктер)жағдайын бақылау мақсатында экскурсия жасау, қосымша ғылыми әдебиеттерді зерделеу.
Жобаның екінші кезеңі – өсімдіктер мен жануарлар атынан шағымдарды сипаттау әңгімесін жазу.
Түскен шағымдарды талқылау және оларға жауап беру.
Үшінші кезең – материалдарды безендіру, балалардың шығармашылық жұмыстары мен суреттері орналастырылған кітап жасау.
|
- экскурсияда көргендерін салыстыра біледі;
- қосымша әдебиеттермен жұмыс жасай алады;
- өсімдіктер мен жануарлар атынанәңгіме жаза алады;
- өзінің шағын кітапшасын жасай алады
|
10
|
Экологиялық жағдаят
Жерге тасталынған банан қабығыбіздің климатта шамамен2 жылда ыдырайды.
Пластикалық пакет шамамен 96 жылға ұзағырақ уақыттаыдырайды. Пакеттің ыдырауына, шіруіне неше жыл қажет?
|
- пакеттіңшіруіне неше жыл қажет екенін біледі;
- табиғатты қорғау жөніндебіледі
|