Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер



бет101/184
Дата07.02.2022
өлшемі4,48 Mb.
#89342
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   184
Байланысты:
О у жылында аза стан республикасыны жалпы орта білім беретін м

Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер:
5 - 8-сыныптарда оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен (ҚР Әділет министрлігінде 2017 жылы 13 қарашада № 15982 тіркелген) бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.
Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының құрамына енгізілді және ұзақ мерзімді жоспарда әр сынып бойынша оқылатын шығармалар, тілдік дағдылар бойынша күтілетін нәтижелер оқыту мақсаттары түрінде нақты көрсетілді.
«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 5-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
2) 6-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
3) 7-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
4) 8-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағатты құрайды.
«Қазақ тілі» пәнін оқыту мақсаты – жалпы білім беретін негізгі мектептерде ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру және қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
«Қазақ тілі» пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы бағдарламаның қолданыстағы бағдарламадан ерекшелігі қазақ тілін функционалдық-коммуникативтік тұрғыдан оқытуға назар аударылып, төрт дағдыға негізделген:

  1. тыңдалым жәнеайтылым;

  2. оқылым;

  3. жазылым;

  4. әдеби тіл нормаларынсақтау.

«Тыңдалым және айтылым» бөлімі білім алушылардың төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:
- берілген ақпаратты түсіну;
- негізгі идеяны және түрлі жағдайлар тұрғысынан мәтіндегі көптеген көзқарастарды анықтау;
- тыңдалған материалға жауап беру;
- жасырын мәтінді анықтау, болжау;
- қоғамдық және іскерлік жағдайлардағы тіл мәдениетін түсіну және іске асыру;
- тыңдаушылардың назарын аудару үшін әдеби тәсілдерді пайдалану;
- тыңдалған материалды бағамдау;
- мультимедиа ресурстарын пайдалана отырып, сөйлеу және тыңдау.
«Оқылым» бойынша:
- жазбаша ақпаратты түсіну;
- мәтіннің негізгі идеясы мен құрылымын анықтау;
- мәтіндегі лексиканың ерекшеліктерін түсіну;
- сұрақтарды тұжырымдау және бағамдау;
- мәтіннің түрлері мен стилін анықтау;
- әртүрлі оқылым стратегияларын пайдалану;
- түрлі ақпарат көздерінен қажетті ақпаратты алу;
- мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау.
«Жазылым» бойынша:
- өз көзқарасын білдіре отырып мәтін жазу;
- тиісті стильді пайдалана отырып, алуан түрлі тақырып бойынша мәтін жазу;
- жоспар құру;
- өзіндік стильде мәтін құру;
- тыңдалым, оқылым және аудиовизуалды материалдар негізінде шығармашылық жұмыс жазу;
- түрлі жанрда мәтін құру;
- мәтіндерді салыстыру;
- мәтіндерді түзету және түрлендіру;
- оқырманның қызығушылығын оятып, сендіріп жазу;
- эссе жазу.
«Әдеби тіл нормаларын сақтау» бөлімі аясындағы бөлімшелер білім алушылардың төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:
- орфографиялық норма;
- орфоэпиялық норма;
- лексикалық норма;
- грамматикалық норма;
- пунктуациялық норма.
Оқыту мақсаттары мұғалім мен білім алушыларға болашақ қадамдары туралы өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсететін 4 бөлімнен тұрады және олардың жүйесі бірізді, оңайдан қиынға қарай, шиыршық принципі сақталып жасалған.
Оқу мақсаттарымен жұмыс жүргізу жолдары:

  • оқу жоспарында көрсетілген оқыту мақсаттары білім алушылардың айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым әрекеттерін қамти отырып, коммуникативтік дағдыларын сенімді қалыптастыруға, сол негізде сыныпты аяқтағанда күтілетін нәтижеге қол жеткізуге бағытталған;

  • мұғалім сабақ жоспарын құруда лексикалық тақырыпты басшылыққа ала отырып, сынып деңгейіне, тақырып қажеттілігіне қарай бір академиялық сағатта бір немесе екі коммуникативтік әрекетті негіз етіп алады, ал басқа коммуникативтік әрекеттер жанама түрде қолданыла береді. (Мысалы, тыңдалым/ айтылым, оқылым/ жазылым);

  • әрбір әрекет бірнеше оқу мақсаттары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Сабақ жоспарын құру барысында коммуникативтік әрекеттің барлық түрін бір деңгейде қатар алмаған дұрыс. Олардың бірі не екеуі негізгі болса, қалған екеуі жанама түрде дамытыла береді. Мұғалім орта мерзімді жоспарда ұсынылған лексикалық тақырыпқа бөлінген оқу мақсаттарының орын тәртібін сабақ түрі мен әдістерінің қажеттілігіне қарай өзгерте алады.

Бағдарлама білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға, сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамытуға ықпал етеді.
«Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасында білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сай қызықты болатын, өмірмен байланысты лексикалық тақырыптар ұсынылды. Мысалы, «Ғарышты игеру», «Қызыл кітапқа енген жануарлар», «Энергия ресурстары» , «Туризм. Экотуризм», «Театр», «Заң» бөлімдеріне қатысты лексикалық тақырыптар білім алушының белсенді сөздік қорын байытуға, алған білімін күнделікті өмірде қолдана алуға, өз ойын ашық, еркін жеткізе білуге мүмкіндік береді.
Бағдарлама мазмұнына түрлі санаттағы мәтіндермен жұмыс істеу түрлері енгізілді. Мысалы, оқылымның «Мәтіннің стильдік ерекшелігін тану» оқу мақсатын жүзеге асыру үшін 5-сынып білім алушылары ауызекі сөйлеу және жазба стильдегі мәтіндердің айырмашылықтарын таныса, одан жоғары сыныптарда әртүрлі стильдегі мәтіндердің тілдік құралдарын анықтайды. Оқу мақсаттарын жүйелі түрде жүзеге асырудың нәтижесінде білім алушылардың мәтінді талдау дағдысы қалыптасады. Білім алушы табиғат пен қоршаған ортаны тануда, күнделікті тұрмыс-тіршілікте кездесіп қалатын табиғи құбылыстардың сырын ашуда, ой бөлісуде, пікір алмасуда тілді құрал ретінде пайдаланып, грамматикалық заңдылықтар мен формаларды дұрыс қолдана білуге үйренеді. Білім алушылар грамматиканы дәстүрлі «жаттанды» әдіспен емес, өмірмен байланысты мәнмәтінде меңгереді. Ол оқу бағдарламасында сөйлеу әрекеті түрлері бөлімінен бөлек «Әдеби тіл нормасы» бөлімінде көрініс табады.
Грамматика бөлек қарастырылмай, лексикалық тақырыптар аясында әдеби тілдік норма арқылы функционалдық-коммуникативтік мәнмәтінде оқытуға бағытталған. Грамматикалық бірліктердің мәтінді құруға қатысуда қандай функционалдық мағыналық қызмет атқарғанын таныту міндеті жүктеледі.
Мәтінді оқыту кезеңдері:
Мәтіналды (тыңдалым, оқылымалды) тапсырма:мәтін тақырыбын ашуға бағытталған тапсырмалар, ой шақыру, сөздерді алдын-ала үйрету, мәтін мазмұнын болжауға байланысты сұрақтар қою, т.б.
Мәтінмен жұмыс тапсырмалары:әртүрлі оқылым/тыңдалым дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар (сұрақтар). Алғашқы тапсырмалар жалпы мазмұнын түсінуге бағытталса, кейінгі жаттығулар нақты ақпаратты табуға арналуы тиіс.
Мәтіннен кейінгі тапсырма: мәтінде көтерілген мәселеге, ақпараттарға байланысты талқылау сұрақтары. Мұндағы сұрақтар олар үйренген жаңа сөздерді, мәтінде кездестірген сөздерді қолдана отырып, жауап бере алатындай ұйымдастырылуы қажет. Сонымен қатар сұрақтар білім алушылардың өмірлік тәжірибесімен де байланысып, өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік бере алатындай жасалуы керек.
«Қазақ тілі» пәнінің жаңартылған оқу бағдарламасы білім алушысына қазақ тілін ана тілі ретінде тілдік қатынас және таным құралы ретінде оқытуды, сөз, сөз тіркесі, сөйлемнің мәтін түзімдік қызметін танытуды, тілдік бірліктердің табиғатына сай мәтін құратуды, мәтін құратудағы заңдылықтарды үйретуді, тілдік жағдаяттарда ауызша және жазбаша сөйлеудің нормаларын меңгертуді, әсерлі сөйлеудің лексика-грамматикалық тәсілдерін меңгертуді көздейді.
Күнделікті сабақ жоспарын құруда назар аударатын мәселелер:

  1. ұзақ мерзімді жоспарда көрсетілген оқу мақсаттары арқылы білім алушылардың тілдік дағдылары дамытылып, жетілдіріліп отырады және тарау аяқталған соң сол дағдылар бойынша бағаланады;

  2. мұғалім сынып ерекшелігін ескере отырып, бір тарау барысында оқу мақсаттарының ретін, оларға ұсынылатын сағат санын өзі таңдап жоспарлай алады және мектеп журналына белгілі бір тарау бойынша ұсынылған тақырыпшаларды жазған дұрыс;

  3. бір сабаққа таңдалатын оқу мақсатының саны 1-3 аралығында болуы қажет, үштен артық мақсат таңдалса білім алушыға қиын тиеді және оны жүзеге асыру мүмкін болмайды;

  4. қалыптастырушы және жиынтық бағалау оқу мақсаттарында көрсетілген дағдылар бойынша жүзеге асады;

  5. күрделі деп танылған оқу мақсаттарын мұғалім сабақ мақсатына қарай бейімдейді және бірнеше бөлікке бөліп, бірнеше сабаққа жоспарлай алады;

  6. бір сабақта сөйлеу әрекетінің бір немесе екі түрі ғана таңдалады. Егер сөйлеу әрекетінің екі түрін таңдаған кезде рецептивті (тыңдалым, оқылым) продуктивті дағдыға шығып отыруы қажет. Яғни білім алушы тыңдаған не оқыған материал негізінде ауызша/жазбаша тапсырмалар орындауы қажет;

  7. тыңдалым және оқылым дағдыларын қалыптастыру барысында мәтін кезеңдерін (мәтіналды кезең, мәтінмен жұмыс кезеңі, мәтінсоңы кезеңі) қатаң сақтау қажет;

  8. жазылым және айтылым дағдыларын қалыптастыру барысында білім алушыларға тақырып бойынша үлгі мәтіндер берілуі керек;

  9. айтылым (диалог, монолог, полемика), жазылым (хат, хабарлама, мақала, т.б.);

  10. грамматика коммуникативтік контексте оқытылады, яғни грамматика теориясынан гөрі оның функционалдығына, білім алушылардың тілдік бірліктерді ауызша және жазбаша түрде орынды қолдана білуіне аса мән беріледі;

  11. лексикалық тақырыптар бойынша материал таңдау барысында қазақ тілі пәні мұғалімінің басты міндеті білім алушының сол тақырып бойынша тілдік қорын байыту, тақырып бойынша ақпараттар бере отырып, шынайы өмірмен байланыс орнату, пәнаралық байланысты жүзеге асыру барысында білім алушылардың академиялық сөздерді орынды қолдана білуіне ықпал ету.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   184




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет