Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет146/184
Дата07.02.2022
өлшемі4,48 Mb.
#89342
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   184
Байланысты:
О у жылында аза стан республикасыны жалпы орта білім беретін м

9 ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


«Жалпыға арналған» білім беру парадигмасының құрамдас бөлігі болып табылатын инклюзивті білім беру барлық балалардың жалпы білім беретін мектепке бару және зияткерлік немесе физикалық қабілеттеріне, мәдени, әлеуметтік, этникалық, нәсілдік, діни тиесілігіне қарамастан, құрбыластарымен бірлесіп оқу мүмкіндіктерінің теңдігін көздейтін тәсілді білдіреді.


Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамытудың қолданыстағы нормативтік құқықтық базасының басты постулаты ‒ білім беру ортасын білім алушының жеке ерекшеліктері мен білім беру қажеттіліктеріне бейімдеуді қамтамасыз ететін, педагогикалық әдісті ескере отырып, олардың тұратын жері бойынша барлық білім алушылар үшін тең білім беру мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге негізделеді.
ҚР «Білім туралы» Заңының баптарында білім алушылардың білім беру бағдарламаларына тең қолжетімділікті, түзету-педагогикалық және әлеуметтік қолдауды, мүмкіндігі шектеулі балалардың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігін қарастыратын мемлекеттің білім беру саласындағы саясатының мәні мен принциптері айқындалған. Мысалы, ҚР «Білім туралы» Заңының 3-бабында «...1) баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі; 2) білім беру жүйесін дамытудың басымдығы; 3) әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі...» деген принциптерібелгіленген [2].
Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңында (2002 жылғы 11 шілдедегі №343) мүмкіндігі шектеулі балалар үш жастан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, арнайы және жалпы білім беру ұйымдары жағдайында бастауыш және негізгі орта білімді жеті-он жастан бастап алуға мүмкіндігі бар екені анықталған.
Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылармен бірлесе оқытатын қалыпты (бұдан әрі - инклюзивті) және арнайы сыныптарын жалпы білім беретін мектепте құру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген «Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік ережелерінде» (бұдан әрі – Үлгілік ережелер) берілген.
Үлгілік ережелердің 19-тармағына сәйкес жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті және арнайы сыныптар халықтың қажеттілігін, ата- аналардың мүддесін есепке ала отырып, білім беруді жергілікті басқару органдарының келісімі бойынша ашылады.
Арнайы сыныптардың толымдылығын анықтауда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің Үлгілік ережелерінің 3-тармағын және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы29 желтоқсандағы № 179 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелерін (9-қосымша, 2-кесте) басшылыққа алу ұсынылады;
- жалпы білім беретін мектептердегі инклюзивті және арнайы сыныптарға балаларды қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі, орта,жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» (1-қосымша) мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Жалпы білім беретін мектептегі арнайы сыныптар жұмысы ұзартылған күн тәртібінде ұйымдастырылады, яғни бұзылған қызметтерді еңсеру мен орнын толтыру және қажетті денсаулық сақтаушы педагогикалық режимді қамтамасыз ету бойынша қажетті жағдайларды құру. Қажет болған жағдайда, ұзартылған күн тәртібіне жалпы білім беретін сыныптардың ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылар да қатысаалады.
Арнайы сыныптардағы оқу процесі бұзылыс түріне қарай мүмкіндігі шектеулі білім алушыларға арналған үлгілік оқу жоспарымен және арнайы оқу бағдарламаларымен және ОӘК-менреттеледі.
Жалпы сыныптарға қосылған ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар жалпы білім беретін оқу бағдарламасы бойынша, арнайы оқу бағдарламаларымен,психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының (бұдан әрі ПМПК) ұсыныстарына сәйкес жеке оқу жоспарымен және жеке оқу бағдарламаларымен оқуы мүмкін.
Жаңартылған білім мазмұнын жүзеге асыру жағдайында мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу жетістіктерін бағалауда критериалды бағалау жүйесі қолданылады. Мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың нәтижелерін бағалауда МЖБС берілген білім алушылар дайындығының деңгейіне қойылатын талаптарға бағдарлану керек. Бірақ кейбір балаларға бағдарламаны меңгеруге ұзағырақ уақыт керек. Нәтижесінде олар қалыпты дамыған балалардың бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейімен сәйкес деңгейге жетеді. Жалпы білім беретін мектептің ерекше білім беруге қажеттілігі бар, оның ішінде есту, көру қабілеті, тірек-қимыл аппараты бұзылған, күрделі тіл кемістігі бар, психикалық дамуы тежелген түлектерге алған білім деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.
ҚР МЖМБС сәйкес білім сапасын арттыру бойынша жұмыстың негізгі бағыттары тез өзгермелі әлемде табысты болу, жалпы білім беретін мектептерде зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған Қазақстан Республикасының азаматын қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім алуға қажеттілігін қанағаттандыратын үздік білім беру ресурстары мен технологияларына білім процесіне қатысушылардың барлығына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады.
Инклюзивті білім беру қалыпты дамыған құрдастарымен бірге оқитын мүгедек балалар үшін білім беру нәтижелерінің мақсаты мен оны түсінудегі өзгерістерді неғұрлым толық көрсетеді. Білім беру нәтижелерін бағалауды өзгерту бағыттарының бірі даму мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудегі жаңа мақсаттарды қалыптастыратын құзыреттілік тәсілдемесі болып табылады.
«Құзыреттілік тәсіл» түсінігі оқыту процесінің тұлғада басты (базалық, негізгі) және пәндік құзыреттерді қалыптастыру мен дамытуға бағыттылығын білдіреді. Білім алушылардың құзыреттілігін қалыптастыру тек жаңартылған білім мазмұнын ғана емес, сондай-ақ оқытудың тиімді әдістері мен технологияларын іске асырумен байланысты.
Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылардың оқу бағдарламасын меңгерудің ерекшеліктеріне байланысты мұғалім олар үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бейімдей алады. Ал сабақтар ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды оқытуға жеке амалдарды қолдану арқылы жүргізіледі.
Білім беру ұйымдарында балалардың денсаулығын сақтау, сондай-ақ білім алушылардың ерекше білім алу және қосымша білім беру қызметтерін алудағы олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жайлы жағдай құру қамтамасызетіледі.
Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі жеке оқу жоспарлары мен жеке бағдарламаларды, ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасын бекітеді.
Оқытудың түзете-дамыту бағыттылығы жалпы білім беретін цикл пәндері, түзету пәндері аясында, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесінде іске асырылады.
Жалпы алғанда, «үйде оқыту»түсінігінің мәнін анықтауда көптеген зерттеушілер мен практиктер үйде оқыту – бұл білім беру немесе оқыту формасы емес, ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту процесін ұйымдастыру жағдайлары деген пікірді ұстанады.Яғни, үй жағдайында оқуға ауыстырылған балалар мектептің білім беру процесінің толыққанды қатысушысы болып табылады [29].
Балаларды үйде оқытуды ұйымдастыру мәселелері, оның ішінде нормативті-құқықтық негіздері, білім беру мазмұны, үйде оқыту процесіне қатысушылардың қызметі мен міндеттері, білім салалары бойынша үйде оқыту ерекшеліктері, оқу уақытының нормасы мен оны есепке алу, үйде білім алушылардың оқу нәтижелерін бақылау бойынша ұсынымдар Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА 2017 жылы әзірлеген «Үйде оқытылатын балаларды жалпы білім беру мектебінің оқу бағдарламаларымен оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар» құралында толық қарастырылған (Академия сайты:www.nao.kz).
Үйде оқытуды жүзеге асыру бойынша барлық қажетті ұйымдастыру іс-шаралары мен тәртіптері жалпы білім беретін ұйымдар үшін белгілі және жаппай толық көлемде іске асырылуда. Алайда, оқу жылының барысында ең алдымен, жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқу бағдарламаларын енгізуге және осыған байланысты критериалды бағалау тәртібіне, екіншіден, жеке сипаттағы жағдайларға байланысты мәселелер орын алуда.
Зерттеушілердің пікірінше, балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерінің маңызды аспектілерінің бірі оқытуды сапалы жекелендіру, әрбір балаға өзіне ғана сәйкес қарқын мен білімді меңгеру әдісін, оқу жетістіктерін бағалауға қажеттілік болып табылады. Өз кезегінде, әрбір білім алушының білім беру нәтижелері оның білім алу процесінде меңгеріп жатқан бағдарламаның құрылымы мен мазмұнына байланысты болады
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушылар үшін, соның ішінде үйде оқытылатын балалар үшін білім беру процесін жеке білім беру бағдарламаларын әзірлеу арқылы жекелендіру іске асырылады. Қазіргі таңда инклюзивті оқытуға көшу кезеңінде нормативті құжаттарда жеке бағдарламаның құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптар жоқ екендігін атап өткен жөн. Жеке білім беру бағдарламаларының құрылымдық-мазмұндық аспектілерге қатысты бұл мәселе Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА-да зерттеу мен жобалау кезеңінде.
Дегенмен, әрекеттегі заңнамаға сүйенетін болсақ, ҚР «Білім туралы» Заңының 3-бабында «білім саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері» анықталған: 1) баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі;2) білім беру жүйесін дамытудың басымдығы;3) әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі. Ал «адамдардың жекелеген санаттары үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың ұсынымдары ескеріле отырып айқындалатын, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің даму және әлеуеттік мүмкіндіктерінің ерекшеліктері ескерілетін арнайы оқу бағдарламалары әзірленеді» деп айтылған 14-бабына (аталған құжаттың) сәйкес туындаған мәселелер бойынша шешім табуға болады.
Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу объектісі білім беру процесі болып табылады. Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мәні – оның әлеммен, қоршаған ортамен (ересектермен, құрбыластарымен), өз-өзімен қарым-қатынасы жүйесі ретінде баланың даму жағдайы. Ерекше қажеттіліктері бар білім алушыларды сүйемелдеу командалық жұмыс стилін, әртүрлі мамандардың (психологтың, логопедтің, арнайы педагогтың, әлеуметтік педагогтың), мұғалімдер мен ата-аналардың тығыз өзара іс-қимыл жасасуын болжайды.
Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу білім берудің әр деңгейінде басым міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   184




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет