Байланысты: О у жылында аза стан республикасыны жалпы орта білім беретін м
Аутистикалық спектрі бұзылған (АСБ) балалар үшін білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері Аутистикалық спектрдің бұзылуы – бұл мінез-құлық сипаттамаларының үлкен әртүрлілігіне байланысты кемшіліктер, олар ең төменнен бастап айқын көрінетін әртүрлі формаларда байқалуы мүмкін. Бала өзін ақыл-ой кемістігі бар және жоғары интеллектуалды, қандай да бір салада парциалдық дарынды, бірақ бұл ретте қарапайым тұрмыстық және әлеуметтік дағдылары жоқ етіп көрсетуі мүмкін; кейбір балалар бір жағдайларда ебедейсіз болып көрінсе, басқа жағдайларда таңқаларлық ептілік көрсетеді.
Танымдық белсенділік ерекшеліктері: - қоршаған әлемді тануда білуге құмарлықтың және белсенділіктің болмауы;
- заттар мен материалдарды олардың пайдалану мүмкіндіктерінеқарай саралай алмайды, олардың қасиеттерін ескермей пайдаланады;
- ақпаратты кешеуілдетіп өңдеу;
- назар аударудың мүмкін еместігі;
- бірлескен зейіннің болмауы;
- көру шегінен тыс жердегі көзбен қабылдау басымдығымен көру назарының фрагментарлығы;
- дыбыс немесе көру қоздырғыштарына байланысты зейіннің алаңдаушылығы;
- назарын ұсақ бөлшектерге аударады және басты картинаны елемейді;
- еліктеу қабілеті бұзылған;
- жаңа қозғалыс актілерін орындау қабілеті бұзылған;
- объектінің бейнесін қалыптастырудағы қиындықтар;
- етістіктер мен есімдіктерді түсінбей қиналу;
- айтылғанды сөзбе-сөз түсіну;
- абстрактілік ойлау мен қорытындылаудың қалыптаспауы, нақты өзара әрекеттесуді талап етеді;
- дағдыларын ұқсас материалға, басқа жағдайға ауыстырудың қалыптаспауы;
- нақты әрекет түрлерін өз бетінше орындаудағы қиындықтар;
- ұйымдастырушылық дағдылары, жоспарлау немесе таңдау дағдылары қиындатылған;
- дағдылардың бір және сол немесе әртүрлі салаларындағы тұрақсыз көрсеткіштер, кейде кейбір салаларда айрықша жоғары көрсеткіштер көрсетеді (парциалды дарындылық);
- қызба, компульсивті және табандылық әрекеттерге бейім; мінез-құлқы қарама-қайшы;
- күте алмайды немесе бос (ұйымдастырылмаған) уақытын пайдалана алмайды;
- меңгерген қағидаларды, сигналдарды және басқа да модельдерді басшылыққа алады;
- білім беру саласындағы өзгерістерге қарсылық білдіреді.
Білім алушылармен жұмыс істейтін барлық мамандар білім беру процесіне қатысты ортақ тәсіл қабылдауға, баланың мінез-құлқына пікірлері, әсіресе көтермелеу мен жазалауды пайдаланумен байланысты жағдайларда бірдей болуға тиіс және қойылған, орындалатын міндеттерден шегінбеу керек.
Педагог-ассистенттің (тьютордың) сүйемелдеуі аутизммен ауыратын баланы білім беру ортасына, әсіресе баланың бейімделуі кезеңінде, табысты қосу үшін қажетті шарт болып табылады
Күштеп мәжбүрлемей, баланың танымдық әрекеттегі табиғи қажеттілігіне сүйену керек. Оқыту позитивті атмосферада өтуі тиіс.
Барлық балаларға өз әрекеттерінің ретін дауыстап айту қажет. Басқаларға кедергі жасамау үшін балаларды тыныш, жарты дауыспен сөйлеуге, «еріндерімен» сыбырлауға үйреткен жөн. Бірақ оларға дауыстап айтуға тыйым салуға болмайды ‒ жаңа және қиын материалды сыртқы сөйлеу тілі арқылы түсініп меңгереді.
Алгоритмді білу –аутист балалардың мықты жағы. Бір рет және дұрыс оқыту керек. Орта және үлкен жастағылар үшін бір ғана алгоритм бар. Қайтып үйретуге болмайды!
Аутизмі бар баланың спецификалық сипаттамаларды жеңу жолдары ұсынылады: - ақпаратты сызбалар, көрнекі суреттер арқылы жеткізу,
- қатты жалықтырмау,
- оқу кеңістігін нақты ұйымдастыру,
- жазылған сақтау жүйелерін пайдалану,
- бала пайдаланатын заттарды жазып қою,
- балаға есімін атап сөйлеу,
- өзіне-өзі қызмет көрсету және тұрмыстық бағыт-бағдар дағдыларына үйрету,
Әлеуметтік өзара әрекеттесу саласындағы ерекшеліктер: - жақын адамдармен байланысының бұзылуы;
- ересек адамның сөзіне жауап берген кезде күлімдемеу;
- балалармен сайма-сай байланыстың болмауы: басқа балаларды елемейді, достасуға, қарым-қатынас жасауға мүлдем тырыспайды;
- қоғамда өзін-өзі ұстау нормалары мен қағидаларын түсінбейді;
- эмоцияларының диапазоны тар, сайма-сай емес көріністер көрсетуі ықтимал (орынсыз күледі немесе айқайлайды);
- оқиғалар мен адамдар арасындағы байланысты меңгерудегі қиындықтар;
- басқа адамдардың (және өзінің) болжамдары мен жоспарларын түсінуге қабілетсіздігі;
- кейбір балаларда сөйлеу тілі дамуының кеш қалғаны немесе сөйлеу тілінің жақсы дамығаны байқалады, бірақ әрқашан коммуникативті функциялары бұзылғаны білінеді: ол басқалардың не айтып жатқанын естіместен, өзінің қызығушылықтары туралы ғана әңгімелейді;
- эхолалиялар тән (естіген сөздерін немесе сөз орамдарын тез арада немесе кешеуілдетіп қайталай беру);
- сөйлеу тілінде жеке есімдіктерді дұрыс пайдалана білмеу;
- коммуникациялық құралдар жиынтығы шектеулі, бұл ретте оларды жағдайға барабар пайдалана алмайды;
- өрістетіп айту және диалог құру кезіндегі қиындықтар;
- көмек сұрауға қиналады;
- функциялық және рөлдік ойынды имитацияламайды немесе көрсетпейді.
Жаңа үй-жайдан қорқу сезімі болмаған жағдайда, балаға сыныбы қайда екенін, сабақ қайда өтетінін, балалар қай жерде тамақтанатынын, дәрігерге қай жерге баратынын көрсетіп, білім беру ұйымының кеңістігімен біртіндеп таныстыру маңызды;
Баланың сыныптағы жеке орындарын (шкаф, парта) белгілеу үшін визуалды маркерлерді пайдалануға болады: белгілі сурет, егер бала оқи білсе – оның есімін жазу. Бұл балаға жаңа жағдайды қабылдауға, өзін қауіпсіздікте сезінуге көмектеседі.
Жеке (сурет немесе символдары бар) кестені пайдалану, онда әр сабақты ретімен орналастыру ұсынылады; бұл баланың күн тәртібін алдын ала білуіне және артық алаңдаушылықты болдырмауға көмектеседі.
Жұппен сапқа тұру, шығар алдында кезектілікті сақтау, әлеуметтік қабылданған ара-қашықтықты сақтау, әлеуметтік мінез-құлық ережелерін арнайы үйрету қажет;
Балалар аутизммен ауыратын балалармен достасып кеткен жағдайларды көтермелеу ұсынылады.
Педагогтер сыныптағы балалар мен ата-аналарға аутизммен ауыратын бала құрбылыстарына қарағанда өзін неліктен басқаша ұстайтыны туралы түсіндірулері қажет. Әртүрлілік құрметтелуі тиіс.
Мінез-құлық ерекшеліктері: - қолынан ұстағанды, құшақтағанды ұнатпайды немесе ширығып қалады;
- стереотипті (қайталанатын) қозғалыстар: саусақтарымен тарсылдатады, қолын сілкілейді, теңселеді және т.с.с.;
- кейбір дыбыстық қоздырғыштарға өте сезімтал; кейбір дыбыстық қоздырғыштарға ден қоймайды;
- стереотипті және қайталана беретін сөйлеу тілі немесе идиосинкразиялық сөйлеу мәнері;
- қандай да бір заттарға асыра назар аудару; қалыпты тәртіпті ұстануға негізсіз табандылық көрсетеді және оны өзгертуге қарсылық білдіреді;
- көптеген қорқыныштарды сезінеді: әртүрлі тұрмыстық шудан, газет сыбдырынан, масаның ызыңынан қорқу, тактильді гиперестезиямен байланысты қорқулар және т.б.), бірақ шынайы қауіптен қорықпайды;
- барабар емес, сандыраққа ұқсас қорқынышты сезінеді, оларды сандыраққа алғышарт ретінде бағалауға болады;
Ықтимал стимулдар мен агрессия белгілерінің бастапқы көріністеріне көз салып қарау қажет. Баланың назарын басқа әрекеттерге ауыстырып, тіпті алаңдаушылықтың ең алғашқы белгілерінің өзін ойын фрагменттеріне көшіру керек;
Мінез-құлықты қадағалау мен бақылау барабар емес әрекеттің себебін түсіндіруге көмектесуі және қаламайтын мінез-құлықты түзететін әрекеттерді меңзеп көрсетуі мүмкін;
Сонымен бірге күн тәртібіндегі аздаған өзгерістердің өзі баланың мінез-құлқын өзгерте алатынын және алаңдаушылық немесе күйзеліс түрінде байқалатынын ескеру керек. Сондықтан білетін өзгерістер туралы баланы алдын ала ескерткен жөн.