Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


-сыныпта «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінің оқу бағдарламасын, оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін апробациядан өткізу



бет176/184
Дата07.02.2022
өлшемі4,48 Mb.
#89342
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   184
Байланысты:
О у жылында аза стан республикасыны жалпы орта білім беретін м
file 00015DL88777434304, file 00015DL88777434304, 1566913256337, 1566913256337, 6клСОЧ для уч-ся, file 00015DL38052811739, file 00015DL38052811739, file 00015DL38052811739, donaeva-balgyn-sabitovna-sor-i-soch-1, donaeva-balgyn-sabitovna-sor-i-soch-1, donaeva-balgyn-sabitovna-sor-i-soch-1, donaeva-balgyn-sabitovna-sor-i-soch-1, 16.-Англи-хэл-суурь-2019, sabaq-kz attachment tzhb.-soch-aylshyn-tl-6-synyp...., sabaq-kz attachment tzhb.-soch-aylshyn-tl-6-synyp....
12.3 10-сыныпта «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінің оқу бағдарламасын, оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін апробациядан өткізу


«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқулықтарды апробациядан өткізу «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламалары» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 92 бұйрығына сәйкес 17 пилоттық мектептің 10 сыныптарында (4 қосымша) 2018-2019 оқу жылы жүзеге асырылады.


«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні инвариантты компоненттің стандартты деңгейіндегі таңдау пәні болып табылады. Білім алушылар бұл пәнді таңдаған жағдайда, оқу жүктемесі 2 сағатты құрайды.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін оқыту Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарына сәйкес жалпы білім беретін мектептің 10-сыныптарында 2019-2020 оқу жылынан және 11-сыныптарда 2020-2021 оқу жылынан бастап оқытылады.
Пәннің мақсаты – білім алушыларды кәсіпкерлік, бизнес, экономика, менеджмент және маркетинг негіздері бойынша базалық білім беру, олардың таңдауы бойынша жауапкершілікке тәрбиелеу және қазіргі нарық жағдайында болашақта өз бетінше әрекеттену үшін дағдылардың практикалық базасын қалыптастыру. ХХІ ғасырдың мамандарына қажет экономикалық және әлеуметтік даму стратегияларын, экономикалық білім негіздерін және кәсіпкерлік қызметтің негіздерін білу.
Пәнді оқытудың негізгі міндеттері:
1. Білім алушылардың кәсіпкерлік қызмет негіздері туралы түсініктерін қалыптастыру;
2. Кәсіпкерлік пен бизнестің теориялық негіздерін, жеке қаржылық сауаттылықтың практикалық дағдыларын қалыптастыру;
3. Кәсіпкерлік қабілетін дамыту, белсенді өмірлік ұстанымы және өз әлеуетін іске асыру мүмкіндіктерін көре білу;
4. Бизнес идеяларын қалыптастыру және оларды кәсіпкерлік қызметтің деңгейіне дейін дамыту, бәсекеге қабілетті ортада өзгеретін бизнес-модельдеу және бейімделу;
5. Бизнестің және зерттеулердің тұрақтылығын арттыру мақсатында заманауи ақпараттық технологияларды қолдану.
Осылайша, «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу бағдарламасын апробациядан өткізу білім берудің жаңа стандарты, оқудың жаңа формалары мен әдістері, білім алушылардың нақты мақсаттарына қол жеткізу бойынша оқыту процесін тексеру мен жетілдіруге бағдарланған және оларды белгілі бір деңгейде білім алу мен оқу және өмірдегі мәселелерді шешуде қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін оқытудың қорытындысы бойынша «сынақ»/ «сынақтан өтпеді» деп жазылады. Қалыптастырушы бағалау пәнді оқу барысында білім алушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг өткізу мақсатында және оқу процесінде оларға қолдау көрсету үшін жүргізіледі. Әрбір тоқсан және оқу жылының қорытындысы бойынша сынып журналына «сынақ»/«сынақтан өтпеді» деп жазылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   184




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет