Байланысты: О у жылында аза стан республикасыны жалпы орта білім беретін м
12.4 9 және 10-сыныптарда оқу бағдарламаларын, оқулықтары мен ОӘК апробациядан өткізу 9 және 10 сыныптардың оқу пәндері бойынша оқу бағдарламаларын, оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендерін апробациялау мониторингісінің мақсаты: білім берудің жаңартылған мазмұны үшін әзірленген оқу бағдарламасының сапасы мен тиімділігін бағалау, 30 пилоттық мектептерде 9-10-сыныптарындағы нақты оқу процесі жағдайындағы ОӘК және жаппай мектептерге енгізу үшін әзірленген оқулықтар және ОӘК одан әрі жетілдіру.
Мониторинг міндеттері:
- әзірленген оқулықтар мен ОӘК тиімділігін практикада тексеру;
- оқу материалдарының мазмұнының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы құндылықтарына сәйкестік деңгейін анықтау;
- оқу бағдарламасына сәйкес апробацияланатын оқулықтың тапсырмалары мен материалдарының оқу процесінде қолданылу деңгейін анықтау;
- жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін (оқу мақсаттарына жету және т.б.) талдау;
- жаңартылған білім беру мазмұны оқулықтары мен ОӘК өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсынымдамалар әзірлеу.
2018-2019 оқу жылында 30 пилоттық мектептің (17 қалалық, 13 ауылдық, соның ішінде 4 ШЖМ) 9-10 сынып білім алушылары үшін оқулықтар мен ОӘК апробациялауға 10 басылымның оқулықтары қатысады. Бұдан басқа 9 және 10 сыныптарда «Ағылшын тілі» пәні бойынша 4 басылым оқулықтарының апробациясы жүргізіледі.