Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ



бет79/184
Дата07.02.2022
өлшемі4,48 Mb.
#89342
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   184
Байланысты:
О у жылында аза стан республикасыны жалпы орта білім беретін м

АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ

«Адам және қоғам» білім саласы«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық», «Өзін-өзі тану» пәндерін қамтиды.


«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы ерекшеліктер.
Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныбында тарихты оқыту –өткен тарихи оқиғаларды түсіну және оларды талдау негізінде қазіргі замандағы орнын анықтау, азаматтық ұстанымын қалыптастыру және оқиғалар мен құбылыстарға жеке көзқарасын білдіре отырып, олардың маңызы мен мәнін түсінуді қамтамасыз ететін жеке тұлғаның тарихи санасын қалыптастыруға бағытталған.
«Адам. Қоғам. Құқық» пәнін оқыту – адам, қоғам және құқық туралы, қоғам дамуының негізгі үдерістері, әлеуметтік факторлардың адам өміріне әсері туралы ғылыми білімді меңгеруге негізделген.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесі қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарда:
10-сыныпта аптасына 2 сағаттан, оқу жылында 68 сағатты;
11-сыныпта аптасына 2 сағаттан, оқу жылында 68 сағатты қамтиды.
«Дүниежүзі тарихы» пәні бойыншаоқу жүктемесі:
қоғамдық-гуманитарлық бағытта:
10 сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылына 68 сағатты;
11 сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылына 68 сағатты.
жаратылыстану -математикалық бағытта:
10 сыныпта – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағатты;
11 сыныпта – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
«Адам. Қоғам. Құқық.» пәні бойыншаоқу жүктемесі қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарда:
10-сыныпта ­аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағатты;
11-сыныпта­ аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
2018/2019 оқу жылында «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам.Құқық» пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастыруда келесі оқу бағдарламалары қолданылады:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген, 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған Қазақстан тарихы пәнінің оқу бағдарламасы.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11- сыныптарына арналған Дүниежүзі тарихы пәнінің оқу бағдарламасы.
3.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген, 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Адам. Қоғам. Құқық» пәнінің оқу бағдарламасы
«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы әдістемелік ерекшеліктер
Тарихты 10-11 сыныптарда оқыту келесі біліктерді қалыптастыруға бағытталуы тиіс:

  • әртүрлі деректердің ақпараттарымен (соның ішінде интернетте ұсынылған) жұмыс істей білу;

  • анық тарихи фактілерден түсіндірулер мен көзқарастарды айыра білу;

  • өзінің зерттеу және оқу әрекеттері нәтижесін бағалау және таныстыра білу, кемшіліктердің себептерін анықтау;

  • тарихи оқиғалар мен қатысушыларға өз қарым-қатынасын түсіндіре білу;

  • қазіргі әлеуметтік-тарихи процестер мен дамудың ықтимал нұсқаларын болжауды талдай білу үшін игерген тәжірибесін, әрекетін және меңгерген білімдерін қолдана білу;

  • қауіпсіз мәдениет қалыптастыру арқылы түрлі жағдайларда қауіп-қатерлерді талдай білуі және қауіпсіздікті қамтамасыз ете білуі керек.

Жалпы білім беру деңгейінде «Адам. Қоғам. Құқық» пәнін оқыту:

  • 10-сыныпта адам мен қоғам арасындағы қатынастардың құқықтық реттелуі, отбасылық құндылықтар, адам құқықтары, оның қорғалуы, мәдени құндылықтарды оқытуда білім алушыларды жауапкершілікке, мінез-құлық ережелерін қалыптастыруға, адами құндылықтарды, тұлға аралық қасиеттерді сақтауға;

  • 11-сыныпта білім алушыларды адам өмірінің мәні, құқықтық мемлекет дамуының ерекшеліктерін анықтауға, қазіргі өркениеттік әлемде құқықтық сананы қалыптастыру, түрлі жағдайларда қауіп-қатерді азайту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеуге бағытталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   184




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет