Байланысты: О у жылында аза стан республикасыны жалпы орта білім беретін м
«Өзін-өзі тану» «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда білім алушылардың жас ерекшеліктеріне орай мектептің жалпы орта деңгейінде 10-11-сыныптардың базалық мазмұнында негізгі төрт тарауды қамтиды:
«Таным тағылымдары»;
«Адам болам десеңіз...»;
«Жарасымды өмір салтанаты»;
«Кең дүние келбеті».
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: аптасына 1 сағаттан, бір жылға барлығы 34 сағатты қамтиды.
Білім алушылардың білімін бағалау Білім алушылардың білім сапасын бағалау жалпыбілімберетін мектептің «Өзін-өзі тану» пәні бойынша 1-11-сыныптарына арналған оқу бағдарламаларындағы 10-11-сыныптардың бағдарламасында белгіленген «Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» негізінде жүргізіледі. Бұл талаптар білім алушылардың өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарға сүйенуге талпыну және қоғамға қызмет ету дағдыларын жетілдірудегі танымдық әрекеттерін дамытуды саралауға (мониторингіне) қызмет етеді. Адамгершілік-рухани білім беру ерекшеліктеріне сай сандық емес, сапалық бағалау маңызды, сондықтан әр жартыжылдық қорытындыда «сынақ» деген баға қойылады.
Білім алушы 10-сынып немесе 11-сынып бағдарламасындағы «Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың» жалпы көлемінің кем дегенде 2/3 бөлігіне сай өз жетістігін көрсете алса, онда «сынақ» деген баға қойылады.