Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


«География» пәні бойынша жиынтық бағалау



бет100/136
Дата07.02.2022
өлшемі0,88 Mb.
#96630
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   136
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат 2019-2020

«География» пәні бойынша жиынтық бағалау
рәсімдерінің саны


Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.
50 кесте - Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаурәсімдерінің саны

Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаурәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

7-сынып

3

2

3

3

8-сынып

3

2

3

3

9-сынып

3

2

3

3



«Биология» оқу пәнін оқытуда оқу процесін ұйымдастырудағы ерекшеліктер

Биологиялық ғылымдар тірі организмдердің құрылымы мен функцияларын, олардың дамуы мен тіршілік ортасымен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Қазіргі заманғы көзқарастар бойынша өмір – бұл ірі органикалық молекулалардан тұратын және энергия мен қоршаған ортамен заттармен алмасу нәтижесінде өз өмірін сақтап қалуға және өзін-өзі қалпына келтіруге қабілетті күрделі биологиялық жүйелердің өмір сүру процесі.


«Биология» пәнінің мақсаты – білім алушылардың бойында органикалық дүниенің көптүрлілігітуралы, ондағы болып жатқан процестер мен заңдылықтар туралы білім жүйелерін қалыптастыру, сонымен қатар адам оның ажырамас бөлігі туралы саналы түсінікқалыптастыру.
Оқу пәнінің міндеттері:
1) жер бетіндегі барлық тірі ағзалардың құндылығын түсіну үшін өмірдің құрылымды-функционалды және генетикалық негіздері туралы, тірі табиғаттың негізгі патшылықтары ағзаларының көбеюі мен дамуы, экожүйе, биоалуантүрлілік, эволюция туралы білім жүйесін қалыптастыру;
2) экологиялық этика нормалары мен ережелерін, табиғатқа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру;
3) генетикалық сауаттылықты қалыптастыру – салауатты өмір салты негіздері, психикалық, тән және моральдық денсаулық сақтау;
4) оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту, биологиялық білімдерін практикада қолдануға ұмтылу, медицина, ауыл шаруашылығы, биотехнология, экологиялық менеджмент және қоршаған ортаны қорғау саласындағы практикалық іс-шараларға қатысу.

«Биология» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:


1) 7-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
2) 8-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
3) 9-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
Оқу пәнінің мазмұны 4 бөлімді қамтиды:
1) тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылымы мен қызметтері;
2) көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік. Эволюциялық даму;
3) ағза мен қоршаған орта;
4) қолданбалы кіріктірілген ғылымдар
Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасына жаңадан қосылған тақырыптар:

  • Дихотомиялық әдіс. Дихотомиялық кілттерді қолдану;

  • Аэробты және анаэробты тыныс алу

  • Дүниежүзілік Тұқым қоры;

  • Жасушалардың сызықтық ұлғаюын есептеу;

  • Биотехнологиялық үдерістің жалпы сызбасы және биотехнологияда алынатын өнімдері;

Сонымен қатар жаңа бағдарламада терең меңгеруге арналған бірқатар тақырыптар берілген:

  • Өкпедегі газ алмасу және ұлпалық тыныс алу механизмдері;

  • Контрацепцияның маңызы;

  • Ағзалардың тірі қалу стратегиялары;

  • Түрлі жағдайлардың ферменттер белсенділігіне әсері.

Бағдарламаның ерекшеліктерінің бірі – теориядан гөрі тәжірибеге қарай бағытталуы болып табылады. Білім алушыға биологиялық білім беріп қана қоймай, алған білімдерін болашақта өмірінде қолдана алатындай жағдай жасау. Оны жүзеге асыру үшін жаттанды білім бермей, өз қолдарымен тәжірибе жасауға баулу.
Мұғалімдер назарына!!!
Оқу бағдарламасы бойынша 7-9- сыныптарда қарастырылатын зертханалық жұмыстар мен модельдеу жұмыстары міндетті түрде жүргізілуі тиіс.Себебі қарастырылатын зертханалық жұмыстар мен модельдеу жұмыстары білім алушының ізденіс қабілеттерін арттыруға мүмкіндік жасайды. Модельдеу жұмыстары білім алушының өзіндік ғылыми ізденіс жұмысына бағытталған болғандықтан тоқсанның басында беріледі, оны орындау үшін нақты уақыты айқындалады. Сонымен қатар берілген жұмыстар бағаланады. Оқу бағдарламасы бойынша қарастырылған демонстрациялық жұмыстар бағаланбайды.Демонстрациялық жұмысты орындау үшін мұғалім кез-келген ақпарат көзін пайдалана алады.
Мұғалімдер назарына!
«Физика», «Химия», «Биология» және «География» курстарының оқу бағдарламаларында қарастырылатын зертханалық, практикалық жұмыстар, модельдеу міндетті түрде жүргізілуі тиіс, себебі бұл әрекет білім алушылардың ізденіс дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Демонстрациялық жұмыстардан басқа барлық жұмыстар бағаланады. Демонстрациялық жұмысты орындау үшін мұғалім кез-келген ақпарат көзін пайдалана алады

51 кесте - 7 сыныптағы зертханалық жұмыстар саны








Зертханалық жұмыстар

Модельдеу

Демонстрация

1-тоқсан

3

1

-

2-тоқсан

4

1

-

3-тоқсан

2

-

-

4-тоқсан

5

2

-

Барлығы

14

4

-

8- сыныпта 14 зертханалық жұмыс, 2 модельдеу, 2 демонстративтік жұмыс қарастырылған, оның ішінде қолданыстағы бағдарламада 8-сыныптан – 3 жұмыс алынған. 11 зертханалық жұмыс жаңадан қосылған.


52 кесте - сыныптағы зертханалық жұмыстар саны





Зертханалық жұмыстар

Модельдеу

Демонстрация

1-тоқсан

5

1

1

2-тоқсан

3

-

-

3-тоқсан

6




1

4-тоқсан

-

1




Барлығы

14

2

2

9- сыныпта 8 зертханалық жұмыс, 2 модельдеу, 2 демонстративтік жұмыс қарастырылған, оның ішінде қолданыстағы бағдарламада 8-сыныптан – 3 жұмыс алынған. 11 зертханалық жұмыс жаңадан қосылған.







Зертханалық жұмыстар

Модельдеу

Демонстрация

1-тоқсан

5

1




2-тоқсан

1

2




3-тоқсан

2

3

1

4-тоқсан

-

1




Барлығы

8

7




Білім саласы бойынша қолданбалы курстарға немесе таңдау курстарына ұсынылатын тақырыптар: «Биологиялық модельдер және қолданбалы есептер», «Әлемнің ғылыми-жаратылыстану эволюциялық бейнесі», «Биологиядағы математикалық модельдер және әдістер», «Тамақтану және денсаулық», «Экологиялық этика»,«Биология және денсаулық», «Әлемнің заманауи ғылыми-жаратылыстану бейнесі», «Биологиялық белсенді қоспалар», «Бәрі біздің түп-тұқиямызда (генетика негіздері бойынша)», «Әлемнің інжу маржаны (7–9-сынып қыздарына арналған курс)», «Менің денсаулығым – менің қолымда», «Тірі жасуша жұмбақтары», (Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтары», «Биологияның проблемалары», «Жасушалар және тері», «Үй іргесіндегі телім», «Биогеография проблемалары», «Тері – денсаулық айнасы», «Заманауи микробиология», «Нанотехнологияға кіріспе».
Мұғалімдердің өздігінен білімін жетілдіруіне және әдістемелік бірлестіктерге ұсынылатын тақырыптар: «Биология сабағында білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыру», «Биология және химия сабақтарында кіріктіріп оқытуды қолдану», «Биологияны оқытуда пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру», «Оқу еңбегінің дағдыларын қалыптастыру және ұйымдастырудағы рефлексияның рөлі», «Биология сабақтарында білім алушы тәрбиесіндегі экологиялық бағыт», «Сабақта білім алушылардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту», «Ойлау әрекетін белсендендіру кұралы ретінде жаңа материалды зерделеудегі проблемалық тәсіл», «Білім алушының белсенді өздік жұмысы арқылы проблемалық жағдайларды жасау», «Білім алушылардың сабақта және сабақтан тыс уақыттағы ғылыми және жобалық жұмыстары», «Білім алушыларды олимпиадаға дайындау әдіс-тәсілдері», «Оқу процесін жаңғырту жағдайында сабақтарға ақпараттық технологияларды қолдану».
Тақырыптар мұғалімдердің мүмкіндіктері және жағдайларына байланысты өзгертілуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   136




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет