Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер



бет119/136
Дата07.02.2022
өлшемі0,88 Mb.
#96630
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   136
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат 2019-2020

Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер:
10-сыныпта оқу процесі «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 наурызда № 18382 болып тіркелді) бекітілген үлгілік оқу бағдарламаларымен жүзеге асырылады:

  • жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы;

  • жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.

Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының құрамына енгізілді және ұзақ мерзімді жоспарда әр сынып бойынша оқылатын шығармалар, тілдік дағдылар бойынша күтілетін нәтижелер оқу мақсаттары түрінде нақты көрсетілді.
Қазақ әдебиеті бағдарламасының мақсаты – білім алушыларды креативті ойлауға бағыттау. Олардың ойларын ауызша еркін жеткізуіне және жаза білуіне қолдау көрсету, дәлелдер келтіру, салыстыру және анализ жасау, бағалау дағдыларын қалыптастыру. Білім алушылар әдеби жанрларға эксперимент жасау арқылы драмалық шығарманы проза тілімен, прозаны поэзия тілімен жазу тәсілдерін меңгере алады.
«Қазақ әдебиеті» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
1) «Қазақ әдебиеті» бағдарламасы білім алушылардың сауаттылығын, олардың әдеби және эстетикалық талғамдары мен сезімдерін дамыту, ойлау қабілеттері мен танымдық және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру бағытында құрастырылған;
2) қазақ әдебиетінің құндылық ретіндегі болмысын, ұлттық мәдениеттегі маңызды орнын құрметтейді және бағалайды;
3) қазақ әдебиетінің мәдениетаралық қарым-қатынастағы рөлін, қазақ халқының қалыптасқан тарихын, алға қойған міндеттерін, мәселелерін, қарама-қайшылық пен қиындықтарын анықтайды және түсінеді;
4) түрлі жағдайларға бейімделе білу және өздігінен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастырады;
5) заманауи, ғылыми және қоғамдық дамуға сәйкес дүниетанымын дамытады.
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
- жаратылыстану-математикалық бағытта:
10-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
- қоғамдық-гуманитарлық бағытта:
10-сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
«Қазақ әдебиеті» пәндік білімнің мазмұны бөлімдерге бөлінген: түсіну және жауап беру, анализ және интерпретация, бағалау және салыстырмалы анализ. Сонымен қатар, дағдыларды қалыптастыратын бөлімшелерден тұрады. Бағдарламаның бұл бөлімшелері пән бойынша оқу мақсаттарынан тұрады.
1) түсіну және жауап беру: әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну, әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу, көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау, көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы мәселелермен байланыстыру, шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу;
2) анализ және интерпретация: әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау, шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысы, шығармадағы автор стилі мен көркемдегіш құралдардың қызметін ашу, көркем шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс жазу, әлем және қазақ әдебиетіндегі құндылықтардың үндесуін талдап, өзіндік ой қорыту;
3) бағалау және салыстыру: шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау, көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына сыни тұрғыдан баға беру, шығарманың идеясын жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу, шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу.
«Қазақ әдебиеті» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасында Блумның толық меңгерту теориясы басшылыққа алынып, көркем шығарманы толық оқыту қағидаты сақталғандықтан көркем шығарма аз берілген. ХХІ ғасырдың жаңа адамының талғамын қанағаттандырып, толғандырар сұрақтарына жауап бере алатын толыққанды әдеби шығармалар енгізілген. Бұл ерекшеліктер оқушылардың шығармадағы автордың идеясын толық түсінуге, оны жан-жақты талдай алу қабілетін дамытуға және оқырмандық қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Әдістемелік бірлестік отырыстарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру үшін (әдістемелік бірлестік, жас мамандар мектебі, педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі, шығармашылық топ және т.б.) пәнді оқыту әдістемесі мен теориясының келесі мәселелерін қарау ұсынылады:
1. Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде сабақты жоспарлау мен критериалды бағалау;
2. Тиімді сабақ. Жоспарлау. Бақылау.
3. Рефлексия – мұғалімнің кәсіби дамуының негізі;
4. Оқу мақсаттарынан сабақ мақсаттарына шығу жолдары;
5. Қалыптастырушы бағалау – бағалаудың тиімді тәсілі;
6. Тыңдалым дағдысын қалыптастыруда кездесетін қиындықтар және оны шешу жолдары;
7. Тыңдалым дағдысын қалыптастыратын белсенді әдістер;
8. ҚМЖ құрудың тиімділігі мен артықшылығы;
9. Lesson Study жүргізу жолдары және күтілетін нәтижелер;
10. Тыңдалым материалдарын пайдаланудың тиімді жолдары;
11. Грамматикалық тақырыптарды лексикалық тақырыптармен сабақтастырудағы шеберлік;
12. Сабақта саралап оқытуды жүзеге асыру;
13. «Эссе жазу стратегиясы туралы»;
14. Білім беруде қолданылатын сандық технологиялардың тиімділігі.
Негізгі білім беру деңгейіне арналған «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары бойынша құрылған жаңа білім мазмұны мұғалімді де, оқушыны да оқу әрекетіне белсенді қатысуға, өз пікірін айтуға, өзінің сөйлеген сөзіне дәлел келтіруге, кейіпкерлер арқылы өмірлік ситуацияларды шешу жолдарын ізденуге, ең бастысы жаңаша ойлайтын тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстар мен тәрбиелік іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2019-2020 оқу жылында аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударуды ұсынамыз:
2019 жылғы 9 шілде – қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі, жазушы, публицист, драматург Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 130 жыл
(1889 - 1931);
15 қазан – қазақ балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 95 жыл (1924-1991);
15 қазан – қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, ақын, жазушы, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл (1894-1939);
22 қазан – Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан тұлға Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 95 жыл (1924);
15 қараша – қазақтың көрнекті жазушысы, драматург Бейімбет Майлиннің туғанына – 125 жыл (1894-1938)
25 желтоқсан – халық жазушысы, қазақ ақыны, журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Фариза Оңғарсынованың дүниеге келгеніне 80 жыл (1939 - 2014);
2020 жылғы 10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, ойшыл, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл (1845 -1904).
2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейде мерекелеуді қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылғы 30 мамырда «Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысы жарық көрді. Қаулыда 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізу, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын Біріккен Ұлттардың Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) мен Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ) аясында мерекелеуді ұйымдастыру жөнінде тапсырмалар берілген.
5 қазан – ақын, жауынгер, Қазақстан Республикасының халық жазушысы, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, КСРО және ҚазКСР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту», II дәрежелі «Отан соғысы», «Құрмет Белгісі» ордендері мен бірқатар медальдардың иегері Жұбан Молдағалиевтың туғанына 100 жыл (1920 - 1988).
Мектепте сыныптан тыс жұмыстар төмендегі шаралар арқылы жүзеге асады:
- базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда;
- таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен олимпиадалар жүргізу;
- оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу;
- кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу және т.б.
Сыныптан тыс жұмыстар білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге үйретеді. Сонымен қатар теориялық білімін кеңейтіп толықтырады және білім алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.
«Қазақ әдебиеті» пәнінен оқушылардың оқырмандық қабілетін, сөйлеу тілін дамыту мақсатында оқу бағдарламасына қосымша жазғы демалыс кезінде оқитын көркем шығармалардың тізімі ұсынылды.
Көркем шығармалардың тізімі оқушылардың жас ерекшелігі мен келесі сыныпта оқылатын және оқулықта үзіндісі ғана берілетін шығармалар ескеріліп жасалды. Жаңа оқу жылының басында жазда оқыған шығармалары бойынша «Оқушы күнделігі», «Мен оқыған кітап» және т.б. тақырыптарда көрме өткізуге болады. Көрмеге әр оқушы өзі оқыған туынды бойынша шығармашылық жұмысын ұсынады. Жұмыс фотоколлаж, эссе, жарнама, сурет т.с.с. түрде жасалуы мүмкін. Оқушылардың жұмысын арнайы сарапшылар талдап, қорытындысын шығарады.
«Оқырман күнделігі» тақырыбындағы іс-шарада оқушы оқыған шығарманың мазмұнын:

    • сұрақ қою;

    • тірек сөздерді жазу;

    • оқиғаның түйінін жазу;

    • оқиғаны суретке түсіру түрінде дәптерге түсіреді.

Шығармалар тізімін мына сілтеме _____ арқылы тауып алуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   136




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет