«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ
«Математика және информатика» білім саласы бойынша жаңартылған оқу бағдарламаларымен келесі пәндер оқытылады:
1) «Алгебра және анализ бастамалары» – 10-сынып;
2) «Геометрия» – 10-сынып;
3) «Информатика» – 10 сынып.
Оқу пәндері бойынша оқу жүктемесінің көлемі төмендегі кестеде көрсетілген.
63-кесте – Оқу жүктемесінің көлемі
Сынып
|
Оқу пәнінің атауы
|
Апталық
жүктеме
|
Жылдық
жүктеме
|
10 ЖМБ
|
Алгебра және анализ бастамалары
|
4
|
136
|
Геометрия
|
2
|
68
|
Информатика
|
1
|
34
|
10
ҚГБ
|
Алгебра және анализ бастамалары
|
3
|
102
|
Геометрия
|
1
|
34
|
Информатика
|
1
|
34
|
Жалпы орта білім беру деңгейінде «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия» пәндерін оқыту маңызды болып табылады, себебі оны оқып-үйрену барысында математиканың практикалық маңыздылығы, тұлғаның логикалық және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыру мен дамыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Сондай-ақ, ғылыми-жаратылыстану пәндерін оқып-білуге қажетті математикалық білім мен білік негіздерін игеру қоршаған ортаның біртұтастығы туралы түсінікті қалыптастыруға ықпал етеді.
Мақсаты: қазіргі замандағы қоғамда өзін еркін сезінуге адамға қажетті ойлау қасиеттерін қалыптастыру арқылы оқушылардың зияткерлік деңгейін дамыту; практикалық іс-әрекеттерде қолдануда, басқа пәндерді үйренуде, білім алуды жалғастыруда қажетті математикалық білімді меңгеру.
Міндеттері:
Бағдарламаның «Алгебра», «Статистика және ықтималдықтар теориясы», «Математикалық модельдеу және анализ» бөлімдері бойынша математикалық білім, білік және дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға жағдай жасау;
әртүрлі мәнмәтіндегі есептерді шешуде математикалық тілді және негізгі математикалық заңдарды қолдануға, сандық қатынастар мен кеңістіктік формаларды оқып білуге ықпал ету;
есептерді шешу мақсатында оқушылардың білімдерін математикалық модельдерді құруға және керісінше, шынайы процестерді сипаттайтын математикалық модельдерді суреттеп беруге бағыттау;
практикалық есептерді шешуде, алынған нәтижелерді бағалау мен олардың нақтылығын айқындауда лайықты математикалық әдістерді таңдап алу үшін логикалық және сыни тұрғыдан ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
коммуникативтік дағдыларын, оның ішінде, ақпаратты дұрыс және сауатты түрде беру, сонымен қатар түрлі ақпарат көздерінен, басылымдар мен электрондық құралдардан алынған ақпаратты қолдану қабілетін дамыту;
өздігінен және топта жұмыс істеуде қажетті тәуелсіздік, жауапкершілік, белсенділік, табандылық пен толеранттылық сияқты тұлғалық қасиеттерді дамыту;
математиканы оқыту процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану дағдыларын дамыту.
2019-2020 оқу жылындағы 10-сынып оқушыларына арналған информатика пәнін оқып үйрену жаңартылған мазмұны бойынша жалпы орта білім деңгейіндегі әлеуметтік-гуманитарлық пәннің 10-11-сыныптарының информатика пәні бойынша типтік оқу жоспарына сәйкес жүзеге асырылады (Білім және ғылым министрінің бұйрығына 16-қосымша). Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 410-қосымша) және типтік оқу жоспарларына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығына, Білім және ғылым министрінің бұйрығына 191-қосымшаға сәйкес, жалпы орта білім берудің деңгейінің 10-11 сыныптарына арналған «Информатика» пәні бойынша; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына қосымша 407-қосымша.
Жалпы білім беру мектептің профильді сыныптарында информатика курсын оқыту қоршаған орта туралы ақпаратты алуға, іздеуге, талдауға, сын тұрғыдан бағалауға, ақпаратты таңдап алуға; ақпаратты жіберуге; объектілер мен үдерістерді жобалауға, өз іс-әрекеттерін жоспарлауға; жоспарларды құруға, түзетуге және іске асыруға бағытталған.
Әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы 10-сыныптағы информатиканы оқыту мақсаты қазіргі кездегі ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйесін меңгеру, оқушыларды ақпараттық мәдениетке қалыптастыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарымен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, оқушылар жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды үнемі пайдалануға дағдыландыру, танымдық және зияткерлік қабілеттерін дамыту болып табылады.
Бұл білім саласы пәндерінің мазмұны бөлімдер бойынша берілген. Бөлімдер бөлімшелерге бөлініп, әр бөлімшені оқып игеру сыныптар бойынша күтілетін нәтижелер:дағдылар немесе біліктер, білім немесе түсініктертүрінде оқу мақсаттары жүйесінде көрсетілген.
Сонымен қатар, жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларында барлық пәндер бойынша ұзақ мерзімді жоспар берілген. Онда курс материалы тоқсандарға бөлініп көрсетілген. Ұзақ мерзімді жоспарда тақырыптарды игеруге және бөлімшелерді игеруге жұмсалатын сағат сандары көрсетілмеген. Бөлімшелердің арасында сағат санын бөлу құқығы практик-мұғалімге берілген, бірақ материал көрсетілген тоқсанда толық оқытылып болуы тиіс.
2013 жылғы оқу бағдарламаларымен салыстырғанда оқу пәндердің базалық мазмұнында аздаған өзгерістер бар.
1. 10-сынып, «Алгебра және анализ бастмалары», жаратылыстану-математикалық бағыт.
Пәнді оқытуға аптасына 4 сағат бөлінген. Осыған сәйкес пәннің базалық мазмұны кеңейтілген.
Бірінші. Дәстүрлі түрде оқытылып келе жатқан бөлімдер тақырыптармен толықтырылған. Атап айтқан:
«Функция, оның қасиеттері және графигі» бөліміне «Бөлшек-сызықты функция»;
«Кері тригонометриялық функциялар» бөліміне «Кері тригонометриялық функциялары бар қарапайым теңдеулер»;
«Туынды» бөліміне «Кері тригонометриялық функциялардың туындылары»;
«Туындының қолданылуы» бөліміне «Функция графигінің иілу нүктелері, функция графигінің дөңестігі»
«Кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары» бөліміне «Үлкен сандар заңы».
«Ықтималдық» бөліміне «Жуықтап есептеулер үшін Ньютон биномы (натурал көрсеткішті)», «Толық ықтималдық формуласы және Байес формуласы», «Бернулли формуласы және оның салдарлары», «Нақты құбылыстар мен процестердің ықтималдық модельдері».
Екінші. «Көпмүшелер» жаңа бөлімі қосылған. Бірнеше айнымалысы бар көпмүшелер және олардың стандарт түрі. Біртекті және симметриялы көпмүшелер. Бір айнымалысы бар көпмүшенің жалпы түрі. Көбейткіштерге жіктеу әдісі арқылы бір айнымалысы бар көпмүше түбірлерін табу. Көпмүшені көпмүшеге «бұрыштап» бөлу. Безу теоремасы, Горнер схемасы. Анықталмаған коэффициенттер әдісі. Бүтін коэффициетті көпмүшенің рационал түбірлері туралы теорема. Квадрат теңдеу түріне келтірілетін жоғары дәрежелі теңдеулер. Үшінші дәрежелі көпмүше үшін жалпыланған Виет теоремасы.
2. 10-сынып, «Алгебра және анализ бастмалары», қоғамдық-гуманитарлық бағыт.
Пәнді оқытуға аптасына 4 сағат бөлінген. Қолданыстағы оқу бағдарламасымен салыстғанда шамалы өзгерістер енгізілген. Ол өзгерістер комбинаторика мен ықтималдықтар теориясы материалдарымен байланысты.
Қолданыстағы бағдарламада 11-сыныпта оқытылатын «Кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары» тарауы 10-сыныпқа көшірілген.
11-сыныпта «Ықтималдық» бөлімі «Ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелері» тақырыбымен толықтырылған. Бұл тақырып қолданыстағы бағдарлама бойынша жаратылыстану-математика бағытында ғана оқытылатын.
3. 10-сынып «Геометрия» оқу пәні, жаратылыстану-математикалық бағыт.
«Геометрия» оқу пәнінің базалық білім мазмұнында қолданыстағы оқу бағдарламасымен салыстырғанда өзгерістер жоқ.
Оқытудың бұл бағытында «Геометрия» пәнін оқытуда пәннің практикалық бағыттылығы күшейтіледі.
4. 10-сынып,«Геометрия» оқу пәні, қоғамдық-гуманитарлық бағыт.
«Геометрия» оқу пәнінің базалық білім мазмұнында қолданыстағы оқу бағдарламасымен салыстырғанда өзгерістер жоқ.
Әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы 10-сынып «Информатика» пәнінің негізгі мазмұны келесі бөлімдерден тұрады:
1) «Компьютерлік жүйелер».
Ақпараттық қауіпсіздік: «ақпараттық қауіпсіздік», «құпиялылық» және деректердің «тұтастығы»; қауіпсіздік шаралары - резервтік көшіру және деректерді шифрлау; жеке сәйкестендіру әдістері;
2) «Ақпараттық объектілерді өңдеу және қайта құру»
Дизайн теориясы: «дизайн», «қолданылуы», визуалды дизайн классификациясы; ақпарат қабылдау принциптері; «жақсы дизайн» қағидаттары (ыңғайлылығы, қарапайымдылығы); графикалық файл пішімдері; графикалық файлдарды түрлендіру; веб-сайт дизайнының орналасуын дамыту;
Бейнежазба жасау: видео түсірілімнің және бейнежазбаның негізгі қағидалары; бейнемен жұмыс істеу бағдарламалары; бейнероликтерді монтаждау;
Веб-дизайн: сайтты құрастырушы; веб-беттегі мультимедиа; веб-сайтты дамыту әдістері; сайтты жариялау;
3) «Ақпараттық процестер мен жүйелер»
Ақпараттық технологияларды дамытудың заманауи үрдістері: машина жасау принциптері, нейрондық желілер; жасанды интеллект қолдану салалары; Blockchain(блокчеин) технологиясының мақсаты мен қағидаты.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-сыныптағы «Информатика» пәнін оқып-үйрену мақсаты аппараттық-бағдарламалық қамтамасыз ету, деректерді таныстыру, ақпараттық процестер мен жүйелер, ақпараттық объектілерді құру, компьютерлік желілерді құру және трансформациялау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша терең білім мен дағдыларды қамтамасыз ету болып табылады.
10 сыныпқа арналған «Информатика» пәнінің негізгі мазмұны келесі бөлімдерден тұрады:
1) аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету: басқару блогының функциялары, арифметикалық логикалық блок және жады регистрлері процессордың бөлек бөліктері ретінде;
2) деректерді ұсыну: сандар жүйесі: ондық, екілік, сегіз, он алтылық. Компьютердің логикалық негізі: логикалық операциялар (ажыратылу, біріктіру, инверсия); логикалық өрнектер; шындық кестесі; компьютерлік логика элементтері (конъюнктор, дисюнктор, инвертор); логикалық схемалар. Ақпараттық кодтау: Unicode (юникод) және ASCII (аск(и)й) таңба кодтау кестелері;
3) ақпараттық процестер мен жүйелер: реляциялық деректер базасы: өріс, жазба, индекс, бастапқы кілт; Bigdata (бигдейта) (үлкен деректер). Деректер базасын құру structured query language («құрылымдық сұрау тілі») (бұдан әрі - SQL-код): деректер типтері, бір кестелік және көп кестелі дерекқорлар; нысандар; есептер; сұраулар.
4) ақпараттық объектілерді құру және трансформациялау: веб-дизайн: HTML (Hyper Text Markup Language - «гипермәтінді белгілеу тілі»), CSS (Cascading Style Sheets ) - каскадты стиль кестелері); сценарийлерді пайдалану; мультимедияны веб-параққа енгізу;
5) қосымшаларды жасау: алгоритмдер мен бағдарламалар: анықталған функциялар мен процедуралар; жолдармен жұмыс істеу; файлдармен жұмыс істеу; сұрыптау әдістері; графтарда іздеу алгоритмдері;
6) компьютерлік желілер мен ақпараттық қауіпсіздік: компьютерлік желілерді ұйымдастыру: желілік компоненттер (түйіндер, маршрутизаторлар, ажыратқыштар); IP адресі; DNS - домендік атаулар жүйесі; жеке виртуалды желілер. Ақпараттық қауіпсіздік: ақпараттық қауіпсіздік, құпиялылық, тұтастық және қолжетімділік; деректерді шифрлау; Пайдаланушы деректерін қорғау шаралары - құпия сөздер, тіркелгілер, аутентификация, биометриялық аутентификация.
Ұзақ мерзімді жоспар жаңартылған мазмұнның барлық оқу жоспарларына қосылады, онда оқу материалы тоқсанға бөлінеді. Ұзақ мерзімді жоспарларда тақырыпты зерделеу үшін және бөлімдерді зерттеу үшін сағаттардың саны көрсетілмейді. Бөлімшелер арасында сағат бөлу құқығы мұғалімге беріледі.
10 сыныпта «Информатика» пәні бойынша оқыту нәтижесі:
- оқушыда келесі ұғымдарды қалыптастыру: қоғамдағы ақпараттық процестердің рөлін түсіну, адам қызметінің түрлі салаларында ақпараттық технологияларды пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективалары; күнделікті өмірде, зерттеулерде және одан әрі жұмыс істеуде ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану дағдылары; ақпараттық мәдениет - жалпыға бірдей қабылданған ережелерді ұстануға және жеке және бүкіл қазақстандық қоғамның мүдделеріне сай әрекет етуге; компьютерлердің негізгі қағидаттарын түсіну, жүйелерді талдау, шешімдерді әзірлеу, бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдану, оларды жетілдіру және жетілдіру, сондай-ақ олардың өнімдерін бағалау;
- талдау, абстракция, модельдеу және бағдарламалау арқылы әртүрлі мәселелерді шешудің тиімді және ұтымды жолдарын табу мүмкіндігі;
- логикалық, алгоритмдік және есептік ойлау қабілеті;
- пән бойынша концептуалды аппараттарды байыту, информатиканың терминдерін түсіну.
Сыныпты 2 топқа бөлу қалалық жалпы білім беру ұйымдарында 24 және одан да көп оқушыларды, ал ауылдық жерлерде - 20 және одан да көп оқушыларды, ал шағын мектептерде кемінде 10 оқушы қамтитын сыныпта өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |