Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет128/136
Дата07.02.2022
өлшемі0,88 Mb.
#96630
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   136
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат 2019-2020

Жұмыс түрлері

10 сынып

Көрсетілім

1

Зертханалық тәжірибелер

9

Практикалық жұмыстар

4



«Химия» пәні бойынша жиынтық бағалау процедураларының саны»
Пән бойынша жиынтық бағалау әр тоқсанда 1 рет бөлім (СОР) үшін және тоқсан (СОЧ) үшін жиынтық бағалау процедураларының нақты санын жүргізуді көздейді. Төменде бөлім / өтпелі тақырып үшін жиынтық бағалау процедураларының саны көрсетілген.
70 кесте - Жиынтық бағалау процедураларының саны бөлім/өтпелі тақырып үшін



сыныптар

Жиынтық бағалау процедураларының саны
бөлім/өтпелі тақырып үшін

1-тоқсан

2- тоқсан

3- тоқсан

4-тоқсан

10 ЖМБ

3

3

3

3

10 ҚГБ

3

3

3

2

«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Адам және қоғам» білім саласы «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Құқық негіздері», «Өзін-өзі тану» пәндерін қамтиды.


«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» және «Құқық негіздері» оқу пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы ерекшеліктер.
Жалпы орта білім беру деңгейіндегі тарих пәні өткен тарихты ұғыну және қазіргі әлемде өз орнын, азаматтық ұстанымы және оқиғалар мен құбылыстарға деген қарым-қатынасын анықтап, олардың мәні мен бағытын түсіну арқылы тұлғаның тарихи санасын қалыптастыруға бағытталған.
Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты алғышарттарының бірі – азаматтардың құқықтық білімін жетілдіріп, құқықтық сана, құқықтық сауаттылық пен мәдениениетінің қалыптасуы. Азаматтардың құқықтық санасы қалыптасу үшін құқықтық білімді игеру қажет. Сондықтан жалпы білім беретін мектептерде «Құқық негіздері» пәнін оқыту оқушылардың, қазіргі қоғамдағы құқықтық және саяси қатынастардың субъектісі ретінде, өз құқытары мен міндеттемлерін жүзеге асыру үшін қажетті білім мен дағдыларды игеруге бағытталған.
2019/2020 оқу жылында 10-сыныпта «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» және «Құқық негіздері» оқу пәндері бойынша оқу процесі «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы
7 наурыздағы № 105бұйрығымен
бекітілген оқу бағдарламаларымен жүзеге асырылады:
- жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы;
- жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы;
- жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы;
- жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Құқық негіздері» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы;
- жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Құқық негіздері» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламалары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтында орналастырылған (https://www.nao.kz/ Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету/ Оқу бағдарламалары/ Жалпы орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламалары. Қазақстан тарихы. Дүниежүзі тарихы. Құқық негіздері).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   136




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет