Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


«Қазақстан тарихы» оқу пәнін оқытудың ерекшеліктері



бет129/136
Дата07.02.2022
өлшемі0,88 Mb.
#96630
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   136
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат 2019-2020

«Қазақстан тарихы» оқу пәнін оқытудың ерекшеліктері

Жалпы орта білім беру деңгейінде «Қазақстан тарихы» оқу пәнінің мазмұны Қазақстан тарихының этникалық, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени негізгі мәселелері бойынша тереңдетілген білімді қалыптастыруға бағытталған.


10-сыныпта «Қазақстан тарихы» пәнін оқыту түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның мәдени-тарихи дамуының ерекшеліктері мен мәнін білім алушыларға түсіндіруді кеңейтеді және тереңдетеді.
«Қазақстан тарихы» пәні Қазақстан тарихындағы оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді талдау, жіктеу, жүйелеу, қорытындылау және бағалау үшін қажетті тарихи ойлау дағдыларын дамытуды қарастырады.
Осы оқу пәнінің аксиологиялық мақсаты патриотизмді қалыптастыру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға құрмет көрсетуге дағдыландыру болып табылады.
«Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың негізгі міндеттері:

  • білім алушылардың тарихи оқиғалар, құбылыстарды тарихи заңдылықтарды ескере отырып зерттеу, оқиғалар мен тұлғаларға қатысты пікірлер мен берілген бағаларды салыстыру және сыни тұрғыдан талдау дағдыларын дамыту, өткен кезеңмен қазіргі уақытқа қатысты пікірталастық мәселелерге өзіндік көзқарасты қалыптастыру;

  • өлке тарихын зерделеу, өлкетанулық жұмыстарды жүргізу дағдыларын дамыту;

  • әртүрлі тарихи деректермен жұмыс істеу, тарихи ақпаратты іздеу және жүйелеу дағдыларын дамыту;

  • әртүрлі деректерді қолдана отырып, жобалық, зерттеу әрекетін және тарихи реконструкция дағдыларын дамыту;

  • қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерді түсіну үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;

  • коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру, оның ішінде, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық білдіру, командада жұмыс істей алу, түрлі деректерден алынған ақпараттарды қолдануға бағыттау болып табылады.

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесі қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарда:
10-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты қамтиды.
Тұлғаның танымдық белсенділігін, шығармашылық, жобалық-зерттеушілік қабілеттерін дамыту үшін әр тақырыптық бөлімнен кейін келесі зерттеу жұмысы берілген:

  • Әлемдік өркениет тарихындағы Ұлы Дала;

  • Дәстүрлі қазақ қоғамының этноәлеуметтік ұйымдасуы;

  • Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы;

  • Мәдениет және дәстүр – ұлттың генетикалық коды.

Сондықтан осы тақырыптар көлемінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылады. Зерттеу тақырыптары жалпылама берілген. Білім алушылар осы белгіленген тақырып шеңберінде түрлі мәселелерді қарастыра алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   136




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет