Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


«Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны



бет130/136
Дата07.02.2022
өлшемі0,88 Mb.
#96630
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   136
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат 2019-2020

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны


Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.


71 кесте - Жиынтық бағалау процедураларының саны бөлім/өтпелі тақырып үшін



Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

10-сынып

1

1

1

1

«Дүниежүзі тарихы» оқу пәнін оқытудың ерекшеліктері

«Дүниежүзі тарихы» оқу пәнінің мазмұны адамзаттық өркениеттің этногенез, политогенез, культурогенез негізгі мәселелері бойынша тереңдетілген білімді қалыптастыруға бағытталған.


10-сыныпта «Дүниежүзі тарихы» пәнін оқыту білім алушылардың әлемдік мәдени-тарихи процестің мәнін оның бірлігі мен әртүрлілігін терең түсінуге бағдарланған.
«Дүниежүзі тарихы» оқу пәнінің тереңдетілген курсы әлемдік тарихтағы оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді бағалау және жіктеу, жүйелеу, қорытындылау, талдау үшін қажетті тарихи ойлау дағдысын дамытуды қарастырады. Осы оқу пәнінің аксиологиялық мақсаты білім алушыларды ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға құрмет көрсетуге тәрбиелеу болып табылады.
«Дүниежүзі тарихы» пәнін оқытудың негізгі міндеттері:

  • әлемдік-тарихи процесс туралы толық біртұтас білім қалыптастыру;

  • оқиғалар мен құбылыстарды тарихи себептілігі, салыстырмалылығы мен әртүрлі көзқарастар, тарихи оқиғалар және тұлғаларға баға беруде сыни тұрғыдан зерттеу барысында, өткен және қазіргі таңдағы пікірталастық мәселелерге білім алушы тарапынан өзіндік көзқарас білдіруді дамыту;

  • тарихи деректердің әртүрлі типтерімен жұмыс жасау, іздеу және тарихи материалды жіктеу дағдыларын дамыту;

  • әртүрлі деректерді қолдана отырып жобалық, зерттеу әрекетін және тарихи реконструкция дағдыларын дамыту;

  • қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени мәселелерді ұғыну үшін тарихи білімдері мен дағдыларынқолдана білу қабілетін дамыту;

  • коммукативтік дағдыларды дамыту: өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық жеткізе білу, топта жұмыс жасау, әртүрлі деректерден алынған ақпараттарды пайдалану.

«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесі:

  • қоғамдық-гуманитарлық бағытта 10- сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу жылына 102 сағатты;

  • жаратылыстану -математикалық бағытта 10-сыныпта аптасына
    2 сағат, оқу жылында 68 сағатты қамтиды.

10-сыныпта «Дүниежүзі тарихы» оқу пәні бойынша қоғамдық-гуманитарлық бағытта әр бөлімнен кейін зерттеу жұмысы тақырыптары берілген:

  • Әлемдік тарих контекстіндегі өркениеттердің өзара әрекеттесу және өзара ықпалдасу тәсілдері;

  • Әлем тарихындағы этникалық және әлеуметтік процестер;

  • Әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелерді шешу жолдары;

  • Мәдениет – адамзаттың рухани-адамгершілік құндылықтарының көрінісі ретінде.

Осы тақырыптар көлемінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   136




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет