Ү й тапсырмасы Назар аударыңыздар! Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау жөніндегі Әдістемелік ұсынымдамалар ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 182 бұйрығымен бекітілді.
Үй тапсырмасын дайындау уақытын қысқарту үшін 5-11-сыныптарда қосарланған сабақтар өткізуге болады.
Үй тапсырмасын орындауда: 2-сыныпта - 50 минуттан, 3-4-сыныптарда - 70 минуттан, 5-6-сыныптарда - 90 минуттан, 7-9-сыныптарда - 110 минуттан, 10-11-сыныптарда - 130 минуттан аспауы тиіс.
Үй тапсырмасын (бір оқу күніне) орындауға жұмсалатын уақыт шығынын ескере отырып, тапсырманың көлемі бойынша нормативтер өзгертілді.