Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет10/136
Дата07.02.2022
өлшемі0,88 Mb.
#96630
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   136
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат 2019-2020

Үй тапсырмасын:

  1. Мерекелік және демалыс күндері (жалпы дамуы, жобалық жұмыстар және математикалық мектептерде есептерді шешу үшін көркем, қосымша әдебиеттерден басқа);

  2. бақылау жұмыстарын өткізгеннен кейін;

  3. бірінші сынып білім алушыларына (екінші жартыжылдықтан бастап көлемі 20 минуттан аспайтын уақыт ішінде оқылатын тапсырмалар берілуі мүмкін) бермеу ұсынылады.

Бейнелеу өнері, көркем еңбек, музыка, өзін-өзі тану, еңбекке баулу, технология, алғашқы әскери дайындық, дене шынықтырудан үй тапсырмасын басқа пәндермен кіріктіріп беру ұсынылады.
Білім алушылар сабақта оқыту мақсаттарына жетсе («біледі», «түсінеді», «қолданады», «талдайды», «бағалайды» және «жинақтайды»), үй тапсырмасын орындаудың қажеттілігі болмайды.
Орта білім беру ұйымдарының басшыларына педагог қызметкерлердің үй тапсырмасын ұйымдастыру бойынша жұмыстардың кезеңділігі мен мерзімдерін басқаруды мектепішілік бақылау жоспарына жазып, мектеп директорының бұйрығымен жыл сайын бекітіп отыру ұсынылады.
Үй тапсырмасын беру кезінде бастауыш сынып мұғалімдеріне, пән мұғалімдеріне:

  1. білім алушыларға үй тапсырмасын сабақ үстінде, қоңырауға дейін хабардар ету;

  2. үй тапсырмасын орындау бойынша нұсқау беру;

  3. көлемі аз тапсырмалар (орындалуы міндетті) және көлемі көп тапсырмаларды (орындалуы ерікті түрде) үйлестіріп беру;

  4. сабақта үй жұмысы бойынша қателермен жұмыс жүргізу ұсынылады.



Назар аударыңыздар!
«Жол жүру ережелері» кіріктірілген оқу бағдарламасы (бұдан әрі – ЖЖЕ) сынып сағаттарының есебінен және сабақтан тыс уақытта жүргізіледі де, тақырыбы мен мерзімі сынып журналының жеке бетіне жазылады.
1-4-сыныптар – әр сыныпта 6 сағаттан;
5-8-сыныптар – әр сыныпта 10 сағаттан өткізіледі.
1-8-сыныптарға арналған сабақтың үлгі ретінде алынған тақырыптары 2017-2018 оқу жылына арналған Әдістемелік-нұсқау хатта берілген.
ЖЖЕ оқу курсы бойынша сыныптың қағаз түріндегі журналының соңғы беттеріне жазылады. Сондай-ақ сыныптың электрондық журналында толтыру үшін қосымша беті бар.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) қызметінің үлгілік қағидаларының 19 т. сәйкес, білім алушылардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкiлдерінiң мүдделерiн ескере отырып және жергiлiктi білім берудi басқару органдарымен келісу бойынша білім беру ұйымдарында инклюзивті сыныптар (бір сыныпта ерекше білім беру қажеттілігі бар екі баладан артық оқытылмауы тиіс) және (немесе) бұзушылық түрлері бойынша арнайы сыныптар ашылуы мүмкiн.
Инклюзивті сыныптардағы ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің ұсынысы бойынша жалпы білім беретін оқу немесе жеке бағдарламалар бойынша білім ала алады.
Мемлекет инклюзивті білім беру принциптерін жүзеге асыру барысыда мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың білім алуы, бұзушылықтарды түзету және бейімделуі үшін арнайы жағдай құруды қамтамасыз етеді.
Балаларға
деген толеранттылықты тәрбиелеу мақсатында білім алушыларға инклюзия режимінде жылына бір рет әр сыныптардың паралелінде инклюзивті білім беруді түсіндіру бойынша ата-аналар жиналысын өткізу ұсынылады.
Білім беру ұйымдары оқу процесін қашықтықтан білім беру технологиялары (бұдан әрі – ҚБТ) бойынша жүзеге асыра алады.
ҚБТ білім берудің барлық деңгейінде мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға, соның ішінде мүгедек-балаларға, I және II топтағы мүгедектерге, бала жасынан мүгедек тұлғаларға қатысты.
ҚБТ бойынша оқыту бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларымен жүргізіледі.
Білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ, тиісті білім беру бағдарламасы бойынша оқу пәндерін өз бетінше оқитын, экстернат - оқыту түрі қолданылуы мүмкін.
Экстернат түріндегі оқыту негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, сонымен қатар мамандырылған және жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   136




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет