«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ
Жалпы орта білім деңгейінде «Математика және информатика» білім саласы бойынша «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия», «Информатика» пәндері екі бағыт бойынша (жаратылыстану-математикалық бағыт және қоғамдық-гуманитарлық бағыт) оқытылады.
Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша математикадан білім мазмұны білім алушылардың бойында қоршаған әлем туралы біртұтас түсініктің қалыптасуына, білім алушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға ықпал ететін жалпы ғылыми біліктерді меңгеруіне бағытталған. Кейбір нақты математикалық жағдаяттардың математикалық моделін интерпретациялауда және құрастыруда қалыптасатын біліктілік жаратылыстану-математикалық бағытта шынайы процестер мен құбылыстарды, теориялық мәселелерді зерттеуде және қолданбалы есептер шығаруда қолданылады.
Математиканы оқытуда қалыптасқан теориялық сұрақтар мен есептерді шешудің зерттеу аппараты жаратылыстану-математика пәндерін оқыту үшін үлкен рөл атқарады. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы сыныптарда математика пәнін оқыту математикадан білімі мен біліктілігінің белгілі деңгейін талап ететін мамандық бойынша оқу орнында білім алушының оқуын жалғастыру мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарда математика курсын оқытудың ерекшелігі – адамды жалпы мәдени дамуға бағыттау, математика заңдарымен таныстыру және қазіргі заманауи өмірде еркін бағдар алуына қажетті адамның іс-әрекеттеріне байланысты математикалық білім мен біліктілікті қалыптастыру болып табылады. Бұл курс үшін көптеген дәлелдеулері бар теориялық деректер берілмейді, теоремалардың қатаң түрде дәлелдеулері өте аз мөлшерде, негізінен, нақтылы пайымдаулардың үлгілері ретінде беріледі, түсіндірулер көрнекіліктермен негізделеді, жаттығулардың күрделілігі қарапайым деңгейімен шектеледі. Курстың кейбір дәстүрлі бөлімдері жалпыланған түрде (дәлелдеулерсіз, түсініктер деңгейінде) оқытылады.
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 11-сыныптары үшін «Информатика» пәнін оқытудың мақсаты қазіргі кездегі визуалды программалау технологиялары мен ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйесін меңгеру, сонымен қатар осы құралдармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру болып табылады. Мұнда есептерді шығару базасында оқыту жүйелік және алгоритмдік ойлауды дамытуға бағытталған, бұл іс-әрекеттің үздіксіз жалғасы практикумдық жұмыс жасау болып саналады.
Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 11-сыныптары үшін «Информатика» пәнінен оқыту мақсаты қазіргі кездегі ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйесін меңгеру, білім алушыларды ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарымен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, білім алушыларды жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды үнемі пайдалануға дағдыландыру, танымдық және зияткерлік қабілеттерін дамыту болып табылады. Мұнда информатиканы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тереңдетіп оқытуға бағытталған.
«Математика және информатика» білім саласының пәндері бойынша білім сапасын жетілдіру мақсатында келесі педагогикалық тәсілдерді қолдану ұсынылады: саралап оқыту, іс-әрекеттік оқыту, жеке тұлғаға бағытталған оқыту, жүйелі оқыту.
Білім алушылардың «Математика және информатика» білім саласының пәндеріне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында жобалық әдістерге баса назар аудару ұсынылады. Әр сыныптар бойынша жобалық іс-әрекетті оқытуға жеке сағаттар бөлінген. Жобалау технологияларын қолдану информатика пәні бойынша ғана оқу сапасын көтеріп қоймайды, пәнаралық байланыс жасайды. Жобалық іс-әрекеттерге тақырыптарды мұғалім өз қалауы бойынша өткен тараулардан алуына болады. Жобамен жұмыс істеу барысында білім алушылар топтасып немесе жеке жұмыстарын жоспарлау, мақсат қою, қажетті ақпаратты іздеу, гипотезаны ұсыну және дәлелдеу, эксперименттер жүргізу, жасаған жұмыстарын талдау және бағалау, сондай-ақ, өз жобаларын қорғай алу біліктерін дамытады.
2019-2020 оқу жылындағы 11-сыныптарда «Математика және информатика» білім саласының пәндерінен өткізілетін бақылау жұмыстарының нормасы келесі кестеде берілген.
12-кесте –Өткізілетін бақылау жұмыстарының нормасы
Сынып
|
Пән
|
Аптадағы сағат саны
|
Оқу жылындағы сағат саны
|
Бақылау жұмыстарының нормасы
|
11 ЖМБ
|
Алгебра және анализ бастамалары
|
3
|
102
|
6-7
|
Геометрия
|
2
|
68
|
4-5
|
Информатика
|
1
|
34
|
4-5
|
11 ҚГБ
|
Алгебра және анализ бастамалары
|
3
|
102
|
5-6
|
Геометрия
|
1
|
34
|
3-4
|
Информатика
|
1
|
34
|
2-3
|
Бақылау жұмыстарына пәндерге сәйкес жартыжылдық және жылдық бақылау жұмыстары, практикалық жұмыстар кіреді.
Сыныпты екі топқа бөлу қалалық білім беру ұйымдарында сыныптарда білім алушылар 24-ке немесе одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар 20-ға немесе одан артық, шағын жинақты мектептерде кемінде 10-ға толған жағдайдажүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |