«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Жаратылыстану» білім саласының мазмұнында «Жаратылыстану» пәні ұсынылады.
«Жаратылыстану»
«Жаратылыстану» пәнінің мазмұны «Адам – Табиғат» ғылыми білім жүйесі аясында қарапайым деңгейді қамтамасыз етеді.
Бастауыш мектепте «Жаратылыстану» пәнін оқу және меңгеру қоршаған әлемнің күрделілігі мен көпқырлылығын, сондай-ақ табиғи құбылыстар мен процестердің өзара байланысын; жанды және жансыз табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен процестердің себептерін; жаратылыстану-ғылыми білімнің адамның көптеген іс-әрекет түрлері үшін маңыздылығын; алуан түрлі практикалық және зерттеу әрекеттері арқылы алынған білімнің күнделікті өмірмен байланысын түсінуге бағытталған.
«Жаратылыстану» оқу пәні пропедевтикалық курсымен оқу пәндерінің «Биология», «Физика», «География» және «Химия» пәндерінен білім беруден кейінгі деңгейлерде, сондай-ақ негізгі зерттеу дағдыларын қалайды, кез келген сала үшін маңызды болып табылады.
Пәннің мазмұны адамның өмір сүру сапасын жақсарту құралы ретінде қоршаған ортаны ғылыми түсіну мен пайымын қалыптастыруға, күнделікті өмірде тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін білімді қолдануға, білім алушылардың табиғи қызығушылығын дамытуға бағытталған.
Бастауыш мектепте білім алушылар негізгі мектептің барлық ғылыми жаратылыстану пәндері курстарынан алғашқы білімдерін алады. Бастауыш жаратылыстану-ғылыми білімді іске асыру мұғалімнің жоғары біліктілігін талап етеді.
«Жаратылыстану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 1-сыныпта – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында – 33сағатты, 2-сыныпта – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында – 34 сағатты, 3-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағатты, 4-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағатты құрайды.
Ұзақ мерзімді жоспардың «Жанды табиғат», «Заттар және олардың қасиеттері», «Жер және ғарыш», «Табиғат физикасы» бөлімдерінің әрқайсысы «Мен – зерттеушімін» бөлімше мақсаттарымен кіріктірілген, ол білім алушылардың білік және дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған.
«Жаратылыстану» оқу пәнін оқыту және мақсаттарын іске асыру кезінде экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне, денсаулық сақтау технологияларына, зілзалалардың қауіп-қатерін азайту мен қауіпсіз ортаны құру мәселелеріне ерекше назар аударылуы тиіс.
«Жаратылыстану» оқу пәнін оқыту барысында әр тоқсанда жиынтық бағалау рәсімдерінің нақты саны қарастырылған.
33-кесте – Жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
Сыныптар
|
Жиынтық бағалаудың рәсімдері
|
І
тоқсандағы ЖБ саны
|
ІІ
тоқсандағы ЖБ саны
|
ІІІ
тоқсандағы ЖБ саны
|
ІV
тоқсандағы
ЖБ саны
|
1-сынып
|
-
|
-
|
2
|
1
|
2-сынып
|
1
|
2
|
2
|
1
|
3-сынып
|
2
|
2
|
3
|
1
|
4-сынып
|
2
|
2
|
2
|
2
|
4-сынып мұғалімдеріне практикалық және зертханалық сабақтарда сандық зертханалық жұмыстарды және РАЅСО бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізуге ұсыныс беріледі. Бастауыш мектеп мұғалімі үшін РАЅСО сандық датчиктер жинағы оқу-зертханалық жұмысты ұйымдастыруға және «Қоршаған әлем» бағдарламасы бойынша демонстрациялық эксперименттер жүргізуге мүмкіндік береді, өйткені РАЅСО сандық датчиктері эргономикалық, қарапайым және сенімді пайдалануға болады. Оның көмегімен мұғалім білім алушыларға күрделі ғылыми ұғымдарды түсінуге, олардың арасындағы өзара байланысты көрсетуге көмектеседі. Температура, электр, магнетизм, жылу және суық, климат және ауа райы, адамның жүрек-қантамыр жүйесі және тағы басқалар сияқты күрделі ұғымдар мен құбылыстар бастауыш мектептің білім алушыларына түсінікті болады. Жинақтың көмегімен 64 зертханалық, жобалау-зерттеу жұмыстарын және демонстрацияларды өткізуге болады. РАЅСО бағдарламалық жасақтамасына сілтеме: http://edcommunity.ru/equipment/brands/pasco/
Достарыңызбен бөлісу: |