Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет36/136
Дата07.02.2022
өлшемі0,88 Mb.
#96630
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   136
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат 2019-2020

Перспективалық жоспар өтпелі тақырыптар негізінде оқу жылына құрылады. Өтпелі тақырыптар тізбесінің үлгісі (2017-2018 оқу жылындағы Әдістемелік нұсқау хатта, 1 Қосымша) жарияланды. Перспективалық жоспарды құрастыруға Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негіз болып табылады.
Педагог өтпелі тақырыптарды таңдауда өңірлік ерекшеліктерге, балалардың жастарына немесе білім беру ұйымының тақырыптық бағытына бағдар жасай отырып, шығармашылық құзыреттілігін танытуы тиіс. Жоспарланатын өтпелі тақырыптар, олардың бірізділігі мен саны №1 педагогикалық кеңесте қарастырылады және бекітіледі. Педагог-мамандар (қазақ, орыс, ағылшын тілі мұғалімдері, дене шынықтыру нұсқаушысы және т.б. ) бекітілген өтпелі тақырыптарға сәйкес перспективалық жоспар құрастырады.
Перспективалық жоспарға сәйкес әрбір аптаға білім беру салаларын («Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет») кіріктіретін, өтпелі тақырыптар негізінде іске асырылатын циклограмма құрылады.
Мектепалды даярлық сыныпта ( топта) жүргізілген мониторинг баланың түрлі кезеңдердегі даму динамикасын анықтауға, педагогтың одан әрі әрекетін белгілеуге, баланың жеке дамуына қажетті жұмысты жүргізуге мүмкіндік береді. Мониторингті жүргізудің негізгі әдісі балаға күні бойы жүргізілетін бақылау әдісі болып табылады. Мониторинг жүргізу үшін индикаторлар Үлгілік оқу бағдарламасында жартыжылдықтар бойынша ұсынылған білім беру салалары бойынша күтілетін нәтижелер болып табылады.
Диагностика оқу жылының басында, ортасында және соңында жүргізіледі:
- бастапқы –қыркүйек;
- аралық – қаңтар;
- қорытынды – мамыр.
Бастапқы бақылау ересек топтың ІІ жартыжылдықтағы күтілетін нәтижелері негізінде жүргізіледі. Педагог психологпен және педагог-мамандармен бірге Үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнының игерілу деңгейін анықтайды.
I жартыжылдықтың қорытындысы бойынша аралық диагностика (қаңтарда) жүргізіледі. Аралық диагностиканы жүргізудің мақсаты баланың даму динамикасын анықтау болып табылады.
Қорытынды диагностика ІІ жартыжылдықтың нәтижелері негізінде жүргізіледі. Мониторинг нәтижелері бойынша Үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнының игерілу деңгейі анықталады және баланың одан әрі дамуы белгіленеді.
Стандарт талаптары бала дамуының 3- деңгейін ұсынады:Требования Стандарта предполагает наличие 3-х уровней развития ребенка:
1-деңгей – бала қандай да бір іс-әрекетті қайталайды;
2-деңгей – бала өзінің не істеп жатқанын түсінеді;
3-деңгей – бала өзінің жасай алатынын қолданады.
Мониторинг нәтижелері Бақылау парағында толтырылады. Алынған мәліметтер негізінде Баланың жеке даму картасы толтырылады, оны балалармен жұмыс істейтін педагогтер мен мамандар толтырады және баланың білім беру ұйымында болған барлық кезеңінде жүргізіледі.
«Қорытынды» бөлімде баланың оқу жылы соңындағы жетістіктері белгіленеді және келесі жылға түзету жұмысы бойынша шаралар анықталады.
Оқу жылының соңында педагог бастапқы, аралық, қорытынды мониторинг нәтижелерімен Жинақ есепті құрастырады, балалардың іскерліктері мен дағдыларының даму динамикасын бағалау үшін (әдіскерге) оқу ісінің меңгерушісіне тапсырады. (7 Қосымша).
Ұйымдастырылған оқу қызметін өткізуге қойылатын талаптар
1) ұйымдастырылған оқу қызметінің ең жоғары шекті көлемі мен ұзақтығын қамтамасыз ету ;
2) мектепалды даярлық сыныбының ұйымдастырылған оқу қызметі санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелерге сәйкестілігі.
Мектепалды даярлық Үлгілік оқу жоспарына (ҚР БҒМ 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557бұйрығы) сәйкес жүргізіледі және бес күндік оқу аптасына есептелген. Нормативтік апталық оқу жүктемесі балалардың жас және жеке ерекшеліктері ескеріліп, жан-жақты дамытуға бағытталған «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру саларын кіріктіру негізінде ұйымдастырылған оқу қызметі барысында жүзеге асырылады.
Балаларды тәрбиелеу мен оқыту бірыңғай Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қ Р БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 бұйрығы) негізінде жүзеге асырылады.
Апталық оқу жүктемесінің ең жоғары шекті жалпы көлемі-20 сағат. Ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы – 25-30 минутты құрайды.
Білім беру ұйымының мүмкіндіктерін ескере отырып (кабинеттердің болуы, штат кестесінің сәйкестігі) қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша ұйымдастырылған оқу қызметін жүргізу кезінде шағын топтарға бөлу ұсынылады.
Сабақтар арасындағы үзілістерде орташа қарқынды қимылды ойындар, дербес қызмет ұйымдастырылады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу жоспарына сәйкес мектепалды даярлық сыныбы үшін аптасына вариативті компонент – 2 сағатты құрайды.
Вариативті компонентті анықтау кезінде балалардың жас және жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктері, қажеттіліктері, мүдделері және білім беру ұйымы қызметінің бағыттары ескерілуі тиіс. Вариативті компонент мектепалды даярлық сыныбы балаларының рұқсат етілген жүктемесінің деңгейінен аспауы тиіс.
Педагог мамандығының кәсіби құзыреттілігі мен беделін арттыру;
Педагогтың қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалар мен нормативтер негізінде жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта Министрлік әзірлеп жатқан ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасында педагогтың әлеуметтік кепілдіктері бойынша нормалар қарастырылған (тұрғын үй сатып алудың басым құқығы, еңбек демалысы ұзақтығы 56 күн, педагог балаларына кезектен тыс балабақшадан орын беру, ауылдық жерде - жоғары жалақы 25%, коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша қолдау, көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау және басқалары).
Баланы тәрбиелеу және дамыту, оның ішінде инклюзивті білім беру мәселелерінде педагогтар мен ата-аналарды қолдау.
Стандартта ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды жас тобына қосу шарттарын көздейтін норма енгізілген. Бір топқа осы санаттағы үш баладан артық емес балалар енгізілуі мүмкін, бұл ретте балалардың жалпы саны ерекше білім беру қажеттілігі бар бір балаға үш тәрбиеленушіден азаяды.
Балалардың физикалық және психикалық денсаулығын нығайту
Ағымдағы оқу жылында қауіпсіз білім беру ортасын құруға, балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау міндеттерін шешуге бағытталған денсаулық сақтау технологияларын қолдануға ерекше назар аударылатын болады. Балалармен, ата-аналармен жұмыс тәжірибесін алмасу, тарату үшін педагогтар қауымдастығының онлайн порталын енгізу.
Балаларды жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға баулу («Рухани жаңғыру» бағдарламасы»)
Замануи жалпыадамзаттық, ұлттық және этномәдени құндылықтар негізінде Қазақстан халқының рухани-адамгершілік мұрасына баулу жөніндегі жұмысты, тәрбие процесіне ата-аналардың жауапкершілігін арттыру және белсенді түрде қосылуын жалғастыру.
Балаларды құрдастарына жақсы қарым-қатынас жасауға үйрету; адамгершілікке баулу; адамдарға деген құрмет сезімін, мейірімді, қайырымды іс жасауға деген ниетін тәрбиелеу.
Мектепке дейінгі ұйымның және орта білім беру ұйымының мектепалды сыныбы (тобы) түлегі келесідей сапаларды меңгеруі тиіс:
1) дене бітімі дамыған;
2) білуге құмар;
3) креативті;
4) өзіне сенімді және белсенді;
5) эмоционалды елгезек;
6) әлеуметтік дағдыларды және ересектермен, құрдастарымен өзара қарым-қатынас жасаудың, өз бетінше үйренудің дағдылары мен әдістерін меңгерген;
7) өзі, отбасы, қоғам (жақын әлеумет), мемлекет (ел), әлем және табиғат жөнінде алғашқы түсініктері бар;
8) орта білім беру ұйымында оқуға қажетті біліктер мен дағдыларды игерген.
Мектепалды даярлық сыныптары педагогтарының құжаттарын ресімдеуге қойылатын талаптар
Іс жүргізудің жай-күйі мен дұрыс ұйымдастырылуы, құжаттардың уақтылы орындалуы және олардың сақталуы үшін жауапкершілік білім беру ұйымының басшысы мен орынбасарына (әдіскеріне) жүктеледі.
Тәрбиелеу – оқыту процесін сапалы жүзеге асыру үшін педагогтарға ҚР БҒМ 2019 жылғы 17 мамырда5ы № 217 «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендерінің, құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тізбесін бекіту туралы» бұйрығын басшылыққа алуы қажет. Осы тізбеде көрсетілмеген оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, құралдар және басқа да қосымша әдебиеттер білім беру ұйымының педагогикалық процесінде пайдаланыла алмайды.
«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының сайтында «НҚА» айдарында нормативтік-құқықтық актілер (Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, Үлгілік бағдарлама, Үлгілік оқу жоспары, балалардың біліктіліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізу бойынша әдістемелік ұсыныстар және басқалары) орналыстырылған.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесін реттейтін барлық нормативтік құқықтық актілер «Әділет» ҚР НҚА АҚЖ-да орналастырылған және барлығына қолжетімді болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   136




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет