Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет39/136
Дата07.02.2022
өлшемі0,88 Mb.
#96630
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   136
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат 2019-2020

Ұлы қазақ ақыны, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай, «Абай өз халқының және барша адамзаттың баласы» тақырыптық сынып сағатын ұйымдастыру және өткізу, сыныптан тыс іс-шаралар: тақырыптық салтанатты сапқа тұру, әдеби оқулар, викториналар мен ұлы ойшылдың шығармалары бойынша білімпаздар байқауын өткізуді ұсынамыз.
Өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарын сақтау мен арттыру мына жобалар арқылы жүзеге асырылады: «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстанның 100 жаңа есімі», «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру»
Тәрбие жұмысының үшінші бағыты «Ұлттық тәрбие» оқушыларға қазақ тілін білу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік атрибуттары мен мемлекеттік рәміздері туралы жарыстар мен олимпиадалар өткізу, әрбір мектепте музейлер ашу, атақты спортшылар, ғалымдар, көрнекті тұлғалар, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жоба жеңімпаздарымен кездесулер, сонымен қатар, өлкенің тарихи-мәдени мұраларына жататын объектілерінде мектеп оқушыларына өлкетану бойынша тақырыптық сабақтар өткізу арқылы жүзеге асырылады.
Аталған бағыт шеңберінде мынадай жобаларды жүзеге асыру ұсынылады: «Менің Отаным – Қазақстан» балалар мен жасөспірімдер туризмі және өлкетануды дамыту, экспедиция, жорықтар, экскурсиялар ұйымдастыру, «Тарих мұрасы», «Өз жеріңді таны» (өлкетанулық білімін және мектеп туризмін, тарихи-археологиялық қозғалысты арттыру, туған өлкенің тарихын, мәдениетін және дәстүрлерін терең зерттеу) «Табиғат бесігі» (туған жерге жауапкершілікпен және аялап қарау)
Мұғалімдер әдістемелік көмек ретінде Академияда әзірлеген ұсынымдамаларды пайдалана алады: «100 жаңа есім» жобасының қаһармандары – «ұлттың «алтын» қоры», «Қазақстанның киелі орындары - Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша тәрбие жұмысының құрылымдық жүйесін ұйымдастырудың модельдері».
Тәрбие жұмысының төртінші бағыты «Отбасы тәрбиесі» ата-аналарды ағарту мақсатында, олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін және мектепте балаларды тәрбиелеу үшін жауапкершілігін арттыруға арналған.
Отбасы - адамның бастапқы әлеуметтенуінің негізі. Мектептің ата-аналармен өзара әрекеттесуі баланы тәрбиелеуге, сенімге, сыйластыққа, шыдамдылыққа және бір-біріне қолдау көрсетуге өзара мүдделілік қағидаттарына негізделуі керек.
Қазіргі уақытта мектеп пен ата-аналардың құқықтары мен міндеттерін реттеу үшін олардың арасындағы үлгі шарт міндетті түрде жасалады. Осы құжат негізінде ата-аналар оқушыға білім беру мен тәрбиелеу мәселелері бойынша білім беру ұйымымен бірлесіп әрекет жасауға, ҚР-ның қолданыстағы заңнамасында көзделген ата-аналар комитетінің, қамқоршылық кеңестің, ата-аналар жиналыстары шешімдерін ескеру, ата-аналар комитеттері арқылы білім беру ұйымдарының басшы органдарының жұмысына қатысу тәрбие-білім беру процесін жүзеге асыруға қатысуға құқылы.
Білім беру ұйымдарын басқару органдарының жұмысына кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары және басқа да заңды өкілдері ата-аналар комитеті арқылы қатысуға құқылы.
Мұғалімдердің ата-аналармен ынтымақтастығы тәрбиелеу міндеттерін және баланың даму бағдарламасын айқындау, сондай-ақ осы міндеттерді бірлесіп жүзеге асыру болып табылады. Ата-аналардың интеллектуалдық және материалдық деңгейдегі айырмашылықтары, олардың отбасында және мектепте балаларды тәрбиелеудегі ұстанымы, отбасымен қарым-қатынас жасауда жекелеген әдіс-тәсілдері мұғалімдер мен сынып жетекшісінің қызметі үшін негіз болуға тиіс.
Бұл үшін отбасылар және ата-аналармен жұмыс істеудің топтық және жеке түрлері пайдаланылады: тәжірибе алмасу конференциясы, тренингтер, ең табысты ата-аналардың шеберлік сабақтары, пікірталастар, сұрақ-жауап кештері, мұғалімдер, психологтер, мектеп әкімшілігімен кездесу, ата-аналар жиналысы, сондай-ақ, ата-аналар мен балалардың қатысуымен іс-шаралар ұйымдастыру.
Әрбір оқу тоқсанының соңында қорытындысы бойынша қоғамдық тыңдаулар (ашық баяндамалар) өткізу және ата-аналар қоғамдастығының алдындағы қамқоршылық кеңестің ашық есеп беруі, Білім күніне арналған жалпыұлттық сынып сағаттары, «Менің отбасым» «Жылдың үздік жанұясы», «Жазда жанұямызбен» жас ата-аналар фестиваль-байқаулары, «Жылдың ең үздік ата-аналар кеңесі», «Жылдың үздік қамқоршылық кеңесі» слеттер, ата-аналар комитетінің форумдары, конкурстар, спорттық іс-шаралар: «Әкем, анам, мен - спорттық жанұя», «Көңілді старттар», ірі жарыстар (оқушы ата-аналарының командалары, мұғалімдер) дәстүр бойынша қалады.
Осының барлығы отбасылық тәрбие мәселелері бойынша ата-аналық жауапкершілік пен құзыреттілік деңгейін көтеруге ықпал етеді. Сынып жетекшілері мен пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде ата-аналармен сабақтарды ұйымдастыруда әлеуметтік педагогикалық және психологиялық қызметтер мамандарына ұсынылған әдістемелік ұсынымдамалар Академия сайтында орналастырылған.
Тәрбие жұмысының бесінші бағыты «Еңбек,, экономикалық және экологиялық тәрбие». Білім алушыларда кәсіби өзін-өзі анықтауға деген саналы көзқарастарын қалыптастырады, адамның экономикалық ойлау мен экологиялық мәдениетін дамытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   136




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет