Қазақстан тарихы пәнінен ауызша емтихан билеттерінің құрылымы мен мазмұны:
1-2- сұрақтар ежелгі және орта ғасырдағы, жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы курсы материалдарын;
3-сұрақ практикалық сипаттағы тапсырмаларды (тарихи карталар, термин сөздермен жұмыстар, тұлғаларға тарихи сипаттама және т.б.) қамтиды.
Әрқайсысы ең жоғары 10 балмен бағаланатын 1 және 2 сұрақтарды бағалауға қойылатын талаптар:
базалық деңгейдегі жауапқа 1-6 балл;
жоғары деңгейдегі жауапқа 7-10 балл.
Базалық деңгей:
- Қазақстан тарихындағы негізгі фактілерді, құбылыстар мен процестерді білуі, тарихи оқиғаларды уақыт шеңберімен баяндай алуы.
Жоғары деңгей:
- қосымша тарихи, хронологиялық, картографиялық деректер негізінде қоғамдық-саяси жағдайды сипаттау, тарихи оқиғаларды талдау, жүйелеу, себеп-салдарлық байланыстарды анықтау;
- жинақтау, бағалау негізінде ой қорытынды жасау.
Тарихи карталармен, терминологиямен жұмыс және тарихи тұлғаларды сиптаттау барысында билеттің 3-сұрағын максималды 10 балмен бағалауға келесі талаптар қойылады:
тарихи картадан оқиғалар мен нысандарды көрсету;
тарихи фактілерді, құбылыстар мен процестерді тірек-сызбаларға түсіру, хронологиялық тізбек құру;
тұлғаға тарихи сипаттама беру және оның тарихта алатын орнын бағалау;
иллюстративті материалдар арқылы оқиға желісін баяндау.
20-кесте – Бағалау критерийлері
№
|
Критерийлер
|
Балдары
|
1
|
Жалпы білім деңгейі
|
1 балл
|
2
|
Нақты проблеманы білу және тарихи дереккөздерді пайдалану
|
5 балл
|
3
|
Логикалық және талдамалық ойлауы және баяндау стилі
|
2 балл
|
4
|
Тарихиматериалдыашудағдылары
|
1 балл
|
5
|
Сындарлы тұжырымдар мен қорытындылар жасау мүмкіндігі
|
1 балл
|
Ескерту: Билеттің әрбір 3 сұрағына жауап 10 (он) балмен бағаланады. Жалпы алғанда, 3 сұрақтың ең жоғары жиынтық балы 30 балды құрайды.
Сұрақтарға жауап беру барысында жинақтаған балды бес балдық бағалау жүйесіне ауыстыру шкаласы төменде көрсетілген.
21- кесте – Есептеу шкаласы
Бағалаудың бес балдық жүйесі бойынша баға
|
«2»
|
«3»
|
«4»
|
«5»
|
Жалпы балл
|
0-4
|
5–16
|
17–24
|
25–30
|
Емтихан жұмысының ұзақтығы сыныптағы білім алушы санына (параллелдердегі) байланысты.
Емтиханда заманауи техникалық құралдар мен құрылғыларды қолдануға тыйым салынады. Барлық қосымша қажетті материалдарды (карталар, сызбалар, кестелер және т.б.) мұғалім дайындайды.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша ұсынылатын сайттар: http://www.tarih-begalinka.kz; http://www.e-history.kz; http://bilimsite.kz/tarih/; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.
«Дүниежүзі тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар:
http://www.world-history.ru; http://historic.ru; http://historyatlas.narod.ru; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.
Сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмыстары білім алушыларды қоғамдық өмірге бейімдейтін, жұмыс тәжірибесін жинақтайтын, жаңа жағдайдағы қарым-қатынасқа үйрететін, қызығушылықтар мен талаптарды іске асыратын әлеуметтік ортаның бір бөлігі болып табылады:
«Тарих» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2019-2020 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:
Ұшқыш-шабуылдаушы, Кеңес Одағының Батыры Нүркен Әбдірұлы Әбдіровтің туғанына 100 жыл. (1919 жыл.9 тамыз);
Мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың туғанына 125 жыл. (1894 жыл.26 желтоқсан);
Республикалық «Казахстанская правда» газетінің шыққанына 100 жыл. (1920 жыл.1 қаңтар);
Кеңес Одағының Батыры, «Ленин» ордені мен бірқатар медальдардың иегері Сұлтан Біржанұлы Баймағамбетовтың туғанына 100 жыл. (1920 жыл.1 сәуір);
Қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, ойшыл, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбайұлының туғанына 175жыл. (1845 жыл.10 тамыз);
Ұшқыш-шабуылдаушы, КСРО еңбек сіңірген әскери ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, «Ленин», төрт мәрте «Қызыл Ту», «Александр Невский», I дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендері мен бірқатар медальдардың иегері Леонид Игнатьевич Беданың туғанына 100 жыл. (1920 жыл.16 тамыз);
Кеңес Одағының Батыры, «Ленин» ордені мен бірқатар медальдардың иегері Төлеген Тоқтаровтың туғанына 100 жыл. (1920 жыл.19 желтоқсан);
Иса Тілембайұлы және Досан Тәжиев бастаған Патшалық Ресейге қарсы ұйымдастырылған Ұлт-азаттық көтеріліске 150 жыл. (1870 жыл).
Мектепте сыныптан тыс жұмыстар төмендегі шаралар арқылы жүзеге асады:
- базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда мектептен тыс сабақтар ұйымдастыру;
- таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен олимпиадалар жүргізу;
- оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу;
- кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу және т.б.
Сыныптан тыс жұмыстар білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге үйретеді. Сонымен қатар, теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және білім алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |