Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет197/252
Дата08.02.2022
өлшемі3,55 Mb.
#120068
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   252

9. ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ




Шағын жинақты мектептерде білім беру қызметін ұйымдастыруда Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты басшылыққа алынады.


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы шағын жинақты мектепті білім алушылар контингенті шағын, біріктірілген сынып жиынтықтары және оқу сабақтарын ұйымдастырудың арнайы формасы бар жалпы білім беретін мектеп ретінде анықтайды.
Шағын жинақты мектептер мен тірек мектептердің (ресурстық орталық) қызметі жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметтің Үлгілік қағидаларына сәйкес және мектеп жарғысы негізінде жүзеге асырылады.
Шағын жинақты мектептерде үш немесе төрт сынып біріктірілген жағдайда оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзгермелі кестесі қолданылады.
ҚР БҒМ 2018 жылғы 12 наурыздағы № 91 бұйрығына сәйкес оқытуды ұйымдастыру шарттары бойынша білім беру ұйымы қызметінің үлгілік қағидаларының 13-тармағы жаңа редакцияда жазылған: «Әртүрлі жастағы оқыту әдістемелерін қолдану кезінде сыныптарды біріктіруге жол беріледі».
Сондықтан да, біріктірілген сыныптардың тиімді нұсқаларын мектеп анықтайды. Сынып саны мен балалар контингентін ескере отырып, біріктірілген сыныптарды жинақтау мәселелерін талқылауды әдістемелік бірлестіктердің отырыстарында және мектептің педагогикалық кеңесінде қарау ұсынылады.
ШЖМ-дағы оқу процесінің ерекшелігі, біріктірілген сынып-комплектіде білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқытуды ұйымдастыру болып табылады. Біріктірілген сыныптарда әртүрлі жастағы оқыту келесідей ұйымдастырылады:

  1. барлық оқу пәндері бойынша үнемі барлық сабақтарда;

  2. әр жастағы топтарда тұрақты түрде технология, дене шынықтыру, бейнелеу өнері, музыка сабақтарында;

  3. әр сыныптардағы оқу материалының мазмұны сәйкес келген жағдайда жүйелі (бір тақырыптағы сабақтар) жүргізіледі: бастауыш мектепте оқу процесін қайталанатын тақырыптар бойынша сабақтар бір уақытта барлық сыныптарда өткізілетіндей етіп жоспарлау ұсынылады; сабақтың бір бөлігі әңгімені талқылау, әңгімелесу, тәжірибе, сурет, кесте көрсету үшін қолданылуы мүмкін, содан кейін әр сыныптың білім алушылары өз бетінше оқу тапсырмаларын орындайды.

Егер мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде әртүрлі жастағы оқытуды ұйымдастыруды таңдаса, онда бір пән бойынша сабақ кестесін құру ұсынылады.
Сабақта әртүрлі жастағы білім алушылардың өзара қарым-қатынасы ұйымдастырылуы мүмкін:

  • сабақтың барлық кезеңдерінде;

  • жалпы оқу міндеттерін шешу үшін жекелеген кезеңдерде, мысалы, әдебиеттік оқу сабағында жоғары сынып білім алушылары жазушының өмірбаянымен таныстырады немесе әдеби шығарма оқиды;

– жағдай бойынша қажеттілігіне қарай, мысалы, дене шынықтыру сабағында ойын ұйымдастыру үшін, сабақ қорытындысын шығару кезінде, материалды жіберіп алған кіші жастағы білім алушыға көмек көрсету үшін.
Сабақтың әртүрлі кезеңдерінде әртүрлі жастағы балалардың өзара қарым-қатынасының арнайы тәсілдерін қолдану ұсынылады:
1. Үй тапсырмасын тексеру.

  • жоғары сынып білім алушылары кіші жастағы білім алушылардың ауызша және жазбаша үй тапсырмаларының орындалуын тексереді және бағалайды;

  • жоғары сынып білім алушылары кіші жастағы білім алушылар үшін сұрақтар мен тапсырмаларды таңдайды немесе құрастырады, содан кейін осы тапсырмалар бойынша сауалнамаға қатысады;

  • жоғары сынып білім алушылары төменгі сынып білім алушыларына жауап беру барысында көмектеседі.

2. Жаңа материалды оқыту (мысалы «Дүниетану» оқу пәні бойынша):

  • жоғары сынып білім алушылары кіші жастағы білім алушыларына жаңа материалды айтады, «дүниетану» пәні бойынша мәтінді оқиды»;

  • жоғары сынып білім алушылары мәтінмен жұмысты ұйымдастырады (мәтіннің қажетті үзіндісін қарындашпен белгілеу; мәтін мазмұнын қайта айту, мәтінді талқылау; мәтін бойынша сұрақтар құрастыру);

  • жоғары сынып білім алушылары кіші жастағы білім алушылармен бірге тірек материалдарын, сызбалар, кестелер құрастырды (оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы негізінде);

  • жоғары сынып білім алушылары кіші жастағы балалармен бірге бірлесіп бақылау, тәжірибе жасау, оқу құралдарымен жұмыс және т. б. ұйымдастырады.

3. Оқытылған материалды бекіту (мысалы әртүрлі оқу пәндері бойынша):

  • жоғары сынып білім алушылары кіші жастағы білім алушылармен бірге кроссворд, ребус құрастырады және оларды шешеді, тапсырмалар құрастырады және оларды шешеді, викторина сұрақтарына жауап береді;

  • оқылған қосымша әдебиетті ұжыммен талқылайды;

  • жоғары сынып білім алушылары мәтінмен жұмысты ұйымдастырады (мәтіндерді сұрақтарға, жоспарға сәйкес бөлімдерге бөлу; мазмұндау – толық, таңдау бойынша, шығармашылық тұрғыдан, қысқаша; оқығаны туралы пікір дайындау);

  • жоғары сынып білім алушылары оқу ойындары-жарыстар ұйымдастырады («өлең жолын аяқтаңыз», «мен бастаймын, ал сен жалғастырасың…»);

  • жоғары сынып білім алушылары кіші балалармен бірге фильмдердің, роликтердің және т. б. үзінділерін қарап, талқылап, түсініктеме береді;

  • жоғары сынып білім алушылары материалды бекіту және қайталау барысында кіші балаларға жеке түрде көмек көрсетеді.

4. Білімді бақылау:

  • жоғары сынып білім алушылары жалпылама сабақтар дайындайды;

  • жоғары сынып білім алушылары материалдарды, оқу тапсырмаларын, конкурстар дайындайды;

  • жоғары сынып білім алушылары сынақ өткізеді, дербес жұмыстар жүргізеді, оларды тексереді және бағалайды;

  • өзара бақылау.

Білім беру мазмұнын жаңартудың қазіргі жағдайында шағын жинақты мектеп педагогтары біріктірілген сыныптардағы сабақта бағдарламалық материалмен өзіндік жұмыстың істеудің ұзақтығын өз бетінше анықтайды. Біріктірілген сыныптардағы оқыту ерекшелігі үнемі өз бетінше жұмыс істеуге негізделген. Сондықтан жаңартылған білім беру мазмұны аясында ұсынылатын стратегиялар, оқыту әдістері мен технологиялары ШЖМ жағдайында жұмыс істеу үшін де қолайлы. Алайда барлық стратегиялар білім алушылар саны аз сыныптарда, сынып-кешендерде қолданылмайды. Бұл жағдайда педагогтың шығармашылық тәсілге баса назар аударуы қажет. Егер сабақтағы жұмыс түрлері бұрынғыша болса, онда олардың мазмұны өзгереді. Осылайша, білімді проблемалық тапсырмалар, бағдарламалау, зерттеу элементтері бар шығармашылық есептер арқылы өз бетінше алуға болады.
Сабақта жаңа материалды бекітуді әртүрлі жаднамалар, алгоритмдер, схемалар мен кестелер, презентациялар және т. б. қолдану арқылы жүргізу қажет. Қайталау кезінде нұсқаулықтарды, үлгілерді, органайзерлерді және т.б. пайдалануға болады. Сонымен қатар жаңартылған білім мазмұны аясында дайындықтан өткен мұғалімнің арсеналында жұптық және шағын топтарда жұмысты ұйымдастыру үшін белсенді әдістердің түрлері көп.
ШЖМ-да жаңартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқытуды ұйымдастыру мәселесі өзекті болып табылады және біріктірілген сыныптардың жағдайларына бейімделу мәселесін шешу бағытында арнайы әзірлемелерді талап етеді.
2019-2020 оқу жылында жаңартылған оқу бағдарламалары бойынша оқитын шағын жинақты мектептердің біріктірілген сыныптарында оқу процесін ұйымдастыру үшін оқу бағдарламаларын бейімдеудің келесі механиздері ұсынылады: ұзақ мерзімді жоспарларды талдау негізінде біріктірілген сыныптар үшін ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарларды құру. Ол үшін біріктірілген сыныптарда оқытылатын оқу материалының мазмұнын алдын ала талдау қажет. Алынып отырған бейімделген материал негізінде тақырыптарды салыстыру және саралау жолымен оқыту мақсаты анықталады және жаңартылған бағдарламалар бойынша білім алатын біріктірілген сыныптар үшін ұзақ мерзімді жоспар жасалады. Ұзақ мерзімді жоспар бойынша орта мерзімді жоспар әзірленеді.
Келесі кесте жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқитын шағын жинақты мектептердің біріктірілген сыныптары үшін орта және қысқа мерзімді жоспарларды әзірлеу алгоритмін айқын көрсетеді.
1-сызба. ШЖМ біріктірілген сыныптары үшін орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларды әзірлеу алгоритмі



Біріктірілген сыныптарда оқу үдерін ұйымдастыру және өткізу үшін орта мерзімді жоспарда оқыту мақсаттары жаңартылған бағдарламалар бойынша толықтырылады және түзетіледі. Оқу материалын біріктіру кезінде сағат санының сәйкестігін салыстырып, оларды бекіту және жинақтау, білімін тексеру сабақтары есебінен қайта бөлу қажет. Бейімделген оқу бағдарламасына сәйкестендірілген оқу мақсаты жаңартылған бағдарламалар бойынша білім алатын біріктірілген сыныптар үшін қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасау үшін бағдар болып табылады.


Мысал ретінде шағын жинақты мектептердің біріктірілген 5, 6-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» бойынша параллель тақырыптарды өткізуді ұсынады. Мысалы, 5-сыныпта екінші тоқсанда «Абайды оқы, таңырқа!», ал 6-сыныпта – «Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...» бөлімдері оқытылады. Бірінші бөлімде (5) қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Ғылым таппай мақтанба», «Бірінші сөз», «Жетінші сөз», «Отыз бірінші қара сөз» оқытылса, екінші бөлімде С.Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы» өлеңдері оқытылады.
Төртінші тоқсанда 5-сыныпта «Отбасы құндылықтары» бөлімі бойынша Т.Нұрмағамбетовтің «Анасын сағынған бала» әңгімесі, Нұрдәулет Ақыштың «Нағыз әже қайда?» әңгімесі 6-сыныпта оқытылатын «Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым» бөлімі бойынша Е.Жүністің «Менің атым -Тәуелсіздік» өлеңі, А.Алтайдың «Прописка», Р.Ғамзатовтың «Ана тілі», «Менің Дағыстаным» шығармалары ұлттық құндылық мәселелерін шешуге бағытталған.

123-кесте. Жаңартылған бағдарлама бойынша «Қазақ әдебиеті» пәнінен шағын жинақты мектептің 5-6-шы біріктірілген сыныптарына арналған оқу материалының мазмұнын талдау







Оқу материалының мазмұны
5-сынып

Тақырып
тардың сәйкестігі
(5-сынып)

Тақырып
тардың сәйкестігі
(6-сынып)



Оқу материалының мазмұны
6-сынып

5.2.1.1

«Керқұла атты Кендебай» ертегісі

+

+

6.1.1.1

«Аяз би » ертегісі

5.1.2.1

«Қобыланды батыр»жыры

+

+

6.2.4.1

«Алып Ер Тұңға» жыры

5.3.2.1

Асан қайғы «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы

-

-

6.3.4.1

Әл Фараби «Қашықтасың туған жер», «Тіршілікте құрыштай бол төзімді»

5.1.4.1

Асан қайғы «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы

+

+

6.3.4.1

Доспамбет жырау «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Айналайын Ақ Жайық»

5.1.4.1



Дулат Бабатайұлы «О,Ақтан жас, Ақтан жас»

+


+

6.2.4.1

Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»

5.2.4.1

Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл»

+

+

6.1.4.1

Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба»



5.2.4.1

Ыбырай Алтынсарин «Атымтай Жомарт»

+

+

6.1.2.1

Абай Құнанбайұлы «Бірінші сөз»

5.3.3.1



Ыбырай Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады»

+

+

6.1.2.1

Абай Құнанбайұлы «Жетінші сөз», «Отыз бірінші сөз»

5.1.2.1

А.Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы

-

-

6.1.4.1

С.Торайғыров
«Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы»

5.3.4.1



«Адамдық диқаншысы» өлеңі

-

-

6.2.2.1

С.Мұратбеков «Жусан иісі»

5.1.1.1
5.1.2.1

Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» хикаяты

-

-

6.1.1.1

О.Бөкей «Тортай мінген ақ боз ат»

5.1.3.1



М.Қабанбай «Бауыр»

+

+

6.1.2.1

Қалқаман Әбдіқадыров «Қажымұқан»

5.1.3.1



Т.Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала» әңгімесі

-

-

6.1.4.1

Е.Жүніс «Менің атым-Тәуелсіздік» өлеңі

5.1.3.1



Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?» әңгімесі

-

-

6.1.1.1

А.Алтай «Прописка»

5.1.3.1

Д.Лондон «Мексика ұлы»әңгімесі

-

-

6.2.2.1

Р.Ғамзатов «Ана тілі», «Менің Дағыстаным»





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет