Оқу жылында 9 (10)-сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды бітіру емтихандарының материалдарын дайындау бойынша



Дата28.01.2022
өлшемі21,66 Kb.
#115295
Байланысты:
Метод.рекомен. каз


2020-2021 оқу жылында 9 (10)-сыныптардың білім

алушылары үшін қорытынды бітіру емтихандарының

материалдарын дайындау бойынша

әдістемелік нұсқаулық
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес 2020-2021 оқу жылында 9 (10)-сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттаудың нысандары келесідей болып белгіленген:

1) қазақ/орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілінен (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп оқушылары үшін жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе);

2) математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан (бақылау жұмысы);

3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан.

Емтихан жұмыстарының материалдарын (тапсырмалар мен балдарды қою схемасы) Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы дайындаған қорытынды аттестаттау спецификациясы талаптарын негізге алып, сонымен бірге 2020-2021 оқу жылында білім беру ұйымдарындағы оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін ескере отырып, төмендегі негізде дайындау ұсынылады.

1. Қазақ/орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде білім беретін мектептер үшін (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп оқушылары үшін жазбаша емтихан (мақала, әңгіме, эссе) жұмысының сипаттамасында көрсетілгеніндей, өтілген бағдарламалық тақырыптарға сәйкес келетін екі мәтін үзіндісі дайындалады. Олардың жалпы көлемі, спецификацияда көрсетілгендей 400-450 сөз. Білім алушылар берілген мәтін үзінділері негізінде екі мәтіндегі ақпараттарды өңдей отырып, 100-150 сөзден тұратын жазба жұмысын (эссе) орындайды (спецификацияда жалпы көлемі – 170-200 сөз).

Гуманитарлық циклдағы пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептің оқушылары үшін емтихан жұмысы өтілген бағдарламалық тақырыптарға сәйкес келетін екі мәтін үзіндісі дайындалады. Олардың жалпы көлемі, спецификацияда көрсетілгендей 450-500 сөз. Білім алушылар берілген мәтін үзінділері негізінде екі мәтіндегі ақпараттарды өңдей отырып, 150-200 сөзден тұратын жазба жұмысының біреуін (мақала, эссе, әңгіме және т.б.) орындайды (спецификацияда жалпы көлемі – 200-250 сөз).

Емтихан жұмысы үшін балдар мен бағаларды қою үдерісі, бағалар сипаттамасы, балл қою кестесі пән бойынша қорытынды аттестаттау спецификасындағы тәртіпте сақталады.

2. Математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан жұмысы екі бөлімнен тұрады, тапсырмалардың жалпы саны – 15.

Тапсырмалардың үлгісі «Алгебра» пәні бойынша қорытынды аттестаттау спецификациясында (2020 жыл) берілген.

А бөлімі спецификацияда көрсетілгендей 10 тапсырмадан тұрады. Әрбір тапсырма 1 балмен бағаланады.

В бөлімі 5 тапсырмадан тұрады (спецификацияда 8-10 тапсырма).

В бөлімі тапсырмаларының тақырыптар бойынша саны мен балдарының үлестірілуі төмендегі кестеде көрсетілген.


Сандар

Алгебра

Статистика мен ықтималдар теориясы

Математикалық модельдеу және анализ

1 тапсырма

2 тапсырма

1 тапсырма

1 тапсырма

20%

(2-4 балл)



40%

(5-8 балл)



20%

(2-4 балл)



20%

(5-6 балл)



В бөлімі тапсырмаларының балл саны – 20. Қорытынды балл – 30.

3. Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан бойынша қорытынды аттестаттау спецификациясы өзгеріссіз қалады.


    
   

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет