Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет251/252
Дата08.02.2022
өлшемі3,55 Mb.
#120068
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   252
17.3 8-сыныпқа арналған «Қоғам және дін» курсының оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерінің апробациясы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы


27 тамыздағы №390 бұйрығына сәйкес 2019-2020 оқу жылында 31 пилоттық мектепте 8-сыныптардың «Қоғам және дін» факультативтік курсының оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері апробациядан өткізіледі.
Оқу курсы бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағатты, оқу жылында – 34 сағатты құрайды. «Қоғам және дін» курсын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы «25 » қазандағы № 545 бұйрығымен бекітілген негізгі орта білім беру деңгейінің 8-сыныбына арналған «Қоғам және дін» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы бойынша тарих және қоғамдық пәндер мұғалімдері жүргізеді.
«Қоғам және дін» факультативтік курсы – зайырлы қоғамның негізгі құндылықтары мен даму тенденцияларын түсінетін, дін және оның тарихи процестегі рөлі туралы ғылыми білімді жүйелеуге қабілетті, ғылыми дүниетаным мен ұлттық санаға ие, өркениеттің тарихи-мәдени тәжірибесі негізінде ойлай алатын рухани тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік беретін кіріктірілген әлеуметтік-гуманитарлық курс болып табылады.
Пәннің базалық білім мазмұны Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 20 маусымдағы № 500 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған Тұжырымдамасы негізінде әзірленді.
Факультативтік курсты оқытудың мақсаты:
- білім алушыларға әлемдік тарихи процестегі діннің орны, оның өзара байланысы мен қарым-қатынасы туралы, дін туралы ғылыми білім негізінде зайырлылық және мемлекет пен қоғамның зайырлы негіздері туралы түсінік қалыптастыру;
- өзге халықтардың діни мәдениетіне құрметпен қарауды, діни экстремизм мен фанатизмнің радикалды идеологиясына қарсы иммунитетті қалыптастыру.
Факультативтік курсты оқытудың міндеттері:

  • мемлекеттің білім беру жүйесінің зайырлы сипатын қамтамасыз ету принципін жүзеге асыру;

  • білім алушылардың діндердің тарихы және олардың өзіндік ерекшеліктері туралы ғылыми білімін қалыптастыру;

  • білім алушылардың зайырлы қоғам дамуының қазіргі кезеңін талдау мен жеке өмірін болжау үшін дін туралы қажетті білімді адамзат өркениетінің құбылысы ретінде меңгеруі;

  • қоғам дамуының зайырлы принциптерінің өзіндік құндылықтары мен әлем халықтарының діни мәдениеттерінің бірегейлігін ұғыну;

  • білім алушылардың азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет дамуының зайырлылық принциптеріне негізделген жеке ұстанымдары мен құндылықтық бағдарын қалыптастыру;

  • қазіргі қоғам мен жеке тұлға өміріндегі діннің рөлін анықтау;

  • әртүрлі діндер мен діни ұстанымдар құндылықтарының арасындағы байланыстарды анықтау;

  • түрлі діни мәдениеттер мен дәстүрлерге төзімділікпен қарауды қалыптастыру;

  • дін және оның тарихы туралы білімнің негізінде діни сауаттылыққа тәрбиелеу;

  • Қазақстан халқының тарихи қалыптасқан дәстүрлерін қастерлеу қабілетін арттыра отырып, қоғамдағы әр түрлі жат діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру;

  • білім алушылардың діни әдебиет, электронды ресурстар мен БАҚ материалдарын талдауға қатысты сыни ойлау дағдыларын дамыту;

  • білім алушылардың коммуникативтік байланыс дағдыларын, дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша сұхбаттастық қабілетін дамыту.

«Қоғам және дін» курсы негізінен ақпараттық-ағартушылық, сондықтан білім берудегі негізгі педагогикалық тәсілі – зайырлы, конфессиялық емес болып табылады.
«Қоғам және дін» курсының зерттеу объектісі ежелгі заманнан қазіргі кезеңге дейінгі адамзаттың діни мәдениетінің даму барысындағы оқиғалар, құбылыстар мен үрдістердің алуантүрлілігі болып табылады.
Оқу бағдарламасы дінді өркениеттердің рухани мәдениетінің бөлігі ретінде, ал адамды жалпыадамзаттық және діни мәдениеттің негізін қалаушы ретінде қарастырады. «Өнер өркениеттердің рухани әлемінің көрінісі ретінде», «Өнердегі діни бейнелер» тақырыптары білім алушыларға қоғамның дамуындағы мәдениет пен діннің тығыз өзара байланысын түсінуге мүмкіндік береді.
Білімалушылардың жоғары рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда: адам өмірі - басты құндылық, махаббат пен отбасы құндылықтары, бәсекеге қабілетті қоғам және мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы еңбектің рөлі сияқты тақырыптарды зерделеу өте маңызды.
Осы негізде қоғам мен мәдениеттің дамуына баға жетпес үлес қосқан Батыс пен Шығыстың көрнекті ойшылдарының мәдени және рухани мұрасы оқытылады.
Діни наным-сенімдер мен діндердің пайда болуы, нығаюы және дамуы туралы тарихи шолумен қатар, «Қазақстан - зайырлы мемлекет» тақырыбы берілген. Бұл білім алушылардың мемлекеттің зайырлы сипатын Республиканың табысты дамуының маңызды шарты ретінде бағалай білуіне мүмкіндік береді. «Қазақстан - дінаралық диалог пен келісім елі». «Діни төзімділік, толеранттылық және келісім – мемлекеттер мен қоғамдардың үйлесімді өмір сүруінің негізі ретінде» мазмұндық желілері курстың басты жолы болып табылады.
Білім алушылардың экстремизм мен терроризмді қазіргі әлемнің жаһандық қауіпі ретінде түсінуіне ерекше көңіл бөлінген. Сондықтан, жүйелі алынған білім бір жағынан білім алушыларды Қазақстан Республикасының толыққанды азаматы ретінде өз халқының рухани мәдениетін сақтау және қорғау қабілетін қалыптастыруға, екінші жағынан, діни сананы және дінге деген көзқарасты анықтауға, оларға құрметпен қарауға мүмкіндік береді .
Курс мазмұнында білім алушылардың өз бетімен зерттеу әрекетін ұйымдастыратын шығармашылық жобалар қарастырылған. Сонымен, «Қоғам және дін» курсы білім алушыларға қоғам, мәдениет және дін туралы, Қазақстан Республикасының дінге қатысты саясатының мақсаты мен мәні туралы қажетті білім береді. Бұл курс білім алушылардың гуманистік дүниетанымға, жалпыадамзаттық құндылықтар мен толеранттылыққа қайшы келмейтін принциптер туралы түсінігін қалыптастырады.
Оқу процесін ұйымдастыруға әдістемелік ұсыныстар
«Қоғам және дін» курсы бойынша оқу процесінде оқытудың келесі: құндылыққа бағдарланған тәсіл, тұлғаға бағдарланған тәсіл, іс-әрекеттік тәсіл, саралап оқыту тәсілі, коммуникативтік тәсілдерін қолдану ұсынылады.
Курсты оқытуда Қазақстандық патриотизмді, толеранттық сананы, тарихқа, ата-баба дәстүрі мен мәдениетіне құрмет көрсетуді, басқа халықтардың діни дәстүрлеріне сыйластықпен қарауды және экстремизм мен фанатизмнің радикалды идеологиясына қарсы иммунитетті қалыптастыруда құндылыққа бағдарланған тәсілді жүзеге асыру ұсынылады.
Тұлғаға бағдарланған тәсіл білім алушылардың жеке мүдделері мен қабілеттерін, дербес оқиғаларды талдау және бағалау үшін қоғамдағы діннің орны мен рөліне қатысты кешенді мәселелерді талқылау процесінде қолдану ұсынылады. Сонымен қатар, білім алушылардың қорытындылары мен тұжырымдарын, пайымдауларын және мәдени құбылыстар мен процестерді талқылауда жеке пікірі болуын, өз ұстанымын анықтау, қорғау қабілетін, іске асыруды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Іс-әрекеттік тәсіл білім алушылардың өзекті сұрақтарды бірлесіп талқылауға, рөлдік ойындар және басқа да шығармашылық білім беру түрлеріне белсенді танымдық қызметін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Саралап оқыту тәсілі білім алушылардың жеке қабілеттерін ескеру мақсатына олардың әр түрлі топтарының оқу қызметін, пәннің арнайы жасақталған құралдарының көмегімен ұйымдастыру және сараланған тапсырмаларды қолдануды қамтамасыз етеді.
Коммуникативтік тәсіл білім алушылардың дұрыс сөйлеуін, түрлі жағдайларда қатынас әрекетінің басқа қатысушыларымен ой бөлісу және алмасу қабілеттілігін қалыптастыруға мүмкіндік беретін тапсырмаларды, сондай-ақ шынайы коммуникативтік қарым-қатынасты (жұптық және топтық жұмыс) дамытуға бағытталған.
«Қоғам және дін» курсын оқыту барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану ақпаратты іздеу, сұрыптау және фактілер мен құбылыстар арасындағы байланыстар мен айырмашылықтарды анықтау, салыстыруға байланысты өзіндік жұмыс жасау дағдыларын дамытуға, білім алушылардың білімін кеңейту үшін мультимедиялық ресурстарды пайдалануға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы


Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы «27» тамыздағы
№ 390 бұйрығына қосымша


Негізгі орта білім беру деңгейінің
8-сыныбына арналған «Қоғам және дін» курсының оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін сынақтан өткізетін эксперименттік білім беру ұйымдарының тізімі










Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет