Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Мұғалімдердің кәсіби ынтымақтастық формалары



бет16/252
Дата08.02.2022
өлшемі3,55 Mb.
#120068
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   252
Байланысты:
дебат Office Word
Мұғалімдердің кәсіби ынтымақтастық формалары:

  • әдістемелік секциялар, мұғалімдер қауымдастығы;

  • бір сынып мұғалімдерінің командалық жұмысы;

  • параллель сынып мұғалімдерінің ынтымақтастығы;

  • тіл пәндері мұғалімдерінің ынтымақтастығы;

  • тіл пәндері мұғалімдерінің және тілдік емес пәндер мұғалімдерінің ынтымақтастығы;

  • мұғалімдер мен мектеп әкімшілігінің ынтымақтастығы.

Командалық жұмыс:

  • бірлескен жоспарлау бойынша жүйелі жұмыс (ортақ тақырыптарды жоспарлауды, ҚМЖ, оқу тапсырмаларын және бағалау критерийлерін әзірлеуді және жұмысты талдауды (оқу жетістіктері, оқу үдерісіндегі білім алушылардың қиындықтары және т. б.);

  • ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларды анықтауды, осы категориядағы білім алушыларға қолдау көрсету стратегиясын белгілеуді;

  • мұғалімдердің табысты тәжірибелерін таратуды;

  • өзара сабаққа қатысуды;

  • бейнежазба жасауды және сабақты талдауды;

  • оқу материалдарын әзірлеуді;

  • сыныптан тыс және мектептен тыс іс-шаралар ұйымдастыруды;

  • ата-аналармен жұмысты ұйымдастыруды;

  • менторлықты іске асыруды, ЖМБ оқу пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдерді қолдауды көздейді.

Менторлық қолдау түріндегі командалық ынтымақтастық құнды болып табылады. Менторлық немесе менторинг ағылш. – mentoring – оқу пәндерін оқытуда озық тәжірибесі бар, тәжірибелі адамның, сарапшының (жұмыс өтілі маңызды емес) тәжірибесі аз, жұмысты жаңа бастаған педагогпен өзара іс-қимылы.
Ментор – тәлімгер. Физика, химия, биология, информатика пәндерінің мұғалімдеріне ағылшын тілі мұғалімі, сондай-ақ, ағылшын тілінен кем дегенде В2 деңгейі бар ЖМБ оқу пәндерінің мұғалімі ментор бола алады.
Менторлық қолдау көрсету ЖМБ оқу пәндерін ағылшын тілінде оқытуды жаңа бастаған педагогтің кәсіби іс-әрекетін тексеруші, оған баға беруші, бақылаушы функцияларын атқаруды көздемейді.
Менторлық қолдау көрсетудің бірінші жылынан кейін өзара командалық іс-әрекеттесу тәжірибесін талдау және ары қарай кәсіби өсу үшін бағыттарды анықтау маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет