Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет15/252
Дата08.02.2022
өлшемі3,55 Mb.
#120068
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   252
Байланысты:
дебат Office Word
2019-2020 оқу жылында 10-11 сыныптарда «Физика», «Химия», «Биология», «Информатика» оқу пәндері оқыту тілінде жүргізіледі.

Аталған пәндерді білім алушылардың, педагогтердің және білім беру ұйымдарының дайындық деңгейіне қарай, ата-аналардың пікірін ескере отырып ағылшын тілінде оқытуға болады. Білім бөлімдерімен келісілуі мүмкін.




Мектептердің педагогикалық ұжымдары пән апталықтарын, мектепішілік олимпиадаларды және зияткерлік конкурстарды ұйымдастыру арқылы үш тілді білім беруді дамытып, қолдауы қажет


ЖМБ пәндерін ағылшын тілінде кіріктіріп оқытуда CLIL технологиясын қолдану ұсынылады (2-кесте).

2-кесте. Тілді және оқу пәнін кіріктіріп оқыту



Тілдік және тілдік емес пән мұғалімдерінің бірлескен жұмысы көптеген формаларда өткізілуі мүмкін. Шетел тілі мұғалімдері өз сабақтарында тілдік емес ЖМБ пәндерінде оқылған лексиканы пысықтай алады. Білім беру ұйымдарында, мүмкіндігінше, тілдік және тілдік емес пән мұғалімдері бір уақытта бір сабақта жұмыс жасай алады. Сонымен қатар, сабақтың қойылған мақсаттарын, білім алушылардың оқу жетістіктерін және оларға ЖМБ оқу пәндерін ағылшын тілінде оқуды жалғастырулары үшін мүмкіндігінше қажетті қолдау көрсету мақсатында педагогтер сабаққа дейін және одан кейін бірлесіп жұмыс жасай алады.


«Шетел тілі» пәнінің мұғалімі пән мұғалімімен оқу тапсырмаларын әзірлеу, оқу материалын іздеу және іріктеу, оның тіл тұрғысынан күрделілігін бағалау, сонымен қатар сұрақтар мен тапсырмаларды құрастыру бойынша бірлесіп жұмыс жасай алады. «Шетел тілі» пәнінің мұғалімі пән мұғалімі дайындаған оқу тапсырмаларының дұрыс құрастырылуын тексере алады.
«Шетел тілі» пәнінің мұғалімі білім алушылардың тілдік емес оқу пәні сабағында жұмыс жасайтын тілдік материалды анықтауға (грамматика, мәтін жанры, терминология, айтылуы қиын лексика және т.б.) көмектеседі және шетел тілі сабағында сол тілдік материалды пысықтайды.
Пән мұғалімдері мен «Ағылшын тілі» пәні мұғалімдеріне 10-сыныпта ЖМБ оқу пәндерін ағылшын тілінде оқытуды жоспарлау барысында Орта мерзімді жоспарды (ОМЖ) бірлесіп жоспарлауға болады, бұл олардың оқыту тәжірибесін жақсартуға мүмкіндік береді. ОМЖ-ны бірлесіп құру барысында білім алушылардың да, педагогтердің де тілдік құзыреттіліктерін дамытуға, қосымша ресурстарды іздеуге және қолдануға, сонымен қатар бағалау рәсімін ұйымдастыруға мүмкіндіктер көбейеді. Педагогикалық ұжымдар пәндер бойынша мектеп мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктерінің дәстүрлі формаларынан бас тарта отырып, әр түрлі пәндер, соның ішінде тілдік және тілдік емес пән мұғалімдері бірлестігіне біріге алады. Бұл үш тілде оқыту аясында сабақ өткізуде жаңа формалар, әдістер мен технологияларды енгізуге және оқыту тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет