Дінтану негіздері курсын оқытуда діндер мазмұнындағы сан ғасырлық рухани құндылықтарды меңгерту «Инновациялық технологиялар мен жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі»



бет1/3
Дата25.08.2017
өлшемі257,53 Kb.
#26773
  1   2   3




Дінтану негіздері курсын оқытуда діндер мазмұнындағы сан ғасырлық рухани құндылықтарды меңгерту


«Инновациялық технологиялар мен жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы

Матекова Бақтыгүл Темірханқызы
Ел Президентінің әлемде бейбітшілік пен конфессияаралық келісім орнату аясындағы ролін айқындау, діндер мазмұнындағы сан ғасырлық рухани құндылықтарды білім мен тәлім-тәрбие жүйесіне ендіру, дәстүрлі діндердің ғасырлар бойы жинақтаған жасампаздық тәжірибесін жастарға беру — бүкілхалықтық қажеттілікке айналды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Терроризм мен экстремизм көріністерінің алдын алу және тыю жөніндегі шаралар туралы» 2000 жылғы 10 ақпандағы № 332 Жарлығын іске асыру үшін және оқушылардың дін туралы саяси мәдени білімдерін қалыптастыру мақсатында жалпы білім беретін мектептердің 9-сыныптарына базистік оқу жоспарының вариативтік бөлігі есебінен аптасына 1 сағат «Дінтану негіздері» факультативі сабағы енгізілген. Осыған орай, жалпы білім беретін мектептердің 9-сыныбына арналған «Дінтану негіздері» курсының бағдарламасы бекітілді.

«Дінтану негіздері» бағдарламасының басты мақсаты — жастар бойында жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды қалыптастыру және олардың әлемдегі бейбітшілік пен келісім үшін өзара түсіністікке негізделген қоғам құруға белсенділікпен саналы атсалысуын арттыру. Осы мақсатты жүзеге асыруда «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБА институтының «Инновациялық технологиялар мен жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасы «Дінтану негіздері» факультативінен сабақ беретін тарих пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстары мен семинар, конференциялар ұйымдастырылып өткізуде.

Курстың мақсаты:

Нәтижеге бағыттап оқыту жағдайында дінтану негіздері факультативінен сабақ беретін пән мұғалімдерінің әдістемелік шеберлігін арттыру.



Курстың міндеттері:

  • Ел Президентінің әлемде бейбітшілік пен конфессияаралық келісім орнату аясындағы ролін айқындау;

  • Оқу-әдістемелік кешендермен жұмыс жүргізу әдістерін үйрету;

  • Дінтану негіздері пәнінің тәрбиелік әлеуетін күшейту;

  • Пән мұғалімдерінің діни салауаттылығын көтеру арқылы олардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту.

«Қытайлықтар ұлы қытай қорғанымен, итальяндықтар сазды әуенімен таң қалдырса, қазақ халқы ұлттық құндылықтары мен бай тілін мақтан етеді», - деген екен ұлы кемеңгер жазушы М.О.Әуезов. Келе жатқан ғаламдану кезеңінде ұлы жазушымыз атап айтқан ұлттық құндылықтармызды сақтау, оны жас ұрпаққа жеткізуде мектептің ролі мен ұстаздар қауымының алар орны ерекше және күн тәртібінен түспес өзекті мәселелердің бірі. Бүгінгі жаһандану үрдісінде әр ұлт, әр мемлекет өзіндік менталитетін, өзіндік бет-бейнесін сақтап қалуға тырысуда. Бізді де осы үрдістен алып шығар - ежелден қалыптасқан ұлттық құндылықтарымыз және білімді ұрпақ. Сол себептен жас ұрпақты тәрбиелеуде басты ұстанар бағытымыз – ұлттық құндылықтар болуы қажет.

Бүгінгі Қазақстан – экономикасы орнықты дамыған, саяси ахуалы тұрақты, әртүрлі дін және ұлт өкілдері татулық пен келісімде өмір сүріп жатқан мемлекет. Еліміздің Президенті – Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлтаралық және конфессияаралық келісім бойынша жетістіктерімізді сақтап қалу мен көбейту біздің бүгінгі ортақ жауапкершілігіміз болып отыр», - деген ұлағатты сөзін басшылыққа ала отырып, «Дінтану негіздері» курсының мазмұны оқушыларды барлық ұлттардың тілін, салт-дәстүрін, мәдениетін сыйлау мен құрмет тұту, ұлттық келісім мен ынтымақтастық рухында төзімділікке тәрбиелеуді мақсат етіп, адамгершілік-рухани байытуды көздейді. Осыған байланысты курс тыңдаушыларына арналған біліктілікті арттыру курсының оқу-тақырыптық жоспарының мазмұндық модуліне өскелең ұрпақты рухы биік, елінің патриоты етіп тәрбиелеуге бағытталған Қазақстан Республикасы Президентінің Әлемде бейбітшілік пен конфессияаралық келісім орнату аясындағы саясаты, «Қазақстан Республикасындағы дін туралы нормативтік-құқықтық құжаттар», «Қазақстан – конфессияаралық келісім аумағы» тақырыбында лекция, семинар, практикалық сабақтары енгізілді.

Біліктілікті арттыру курстары 2014 жылы облысымыздың Мақтарал, Сарыағаш, Түркістан, Төлеби, Түлкібас, Сайрам, Отырар аудандарында өтті. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБА институтының ұйымдастырылуымен өткізілген «Дінтану негіздері» факультативін оқытуда ұлттық құндылықтарды қолдану» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курстары өз дәрежесінде сапалы өткізіліп, облысымыздың тарих пәні мұғалімдері дінтану негіздері сабақтарын талапқа сай оқытуға үлкен шығармашылықпен бастау алды.





Каталог: jobalar -> orleu
orleu -> Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық Қызметін дамыту. Кесте. №1 сабақ. Алғашқы психодиагностика Сабақтың мақсаты
orleu -> Бақытты бал дәурен Шымкент-2013жыл
orleu -> Көше бойлап келе жатқан аруға, Байқалғаны нанның жерде жатқаны
orleu -> Фарабиге арнау. (Әні бар) 1 Оңтүстіктің арайланған ақ таңы, Бұлбұл үні естіледі бақтағы
orleu -> Бір сен деп Таңменен тұрдым «Бір сен»-деп
orleu -> АҚ «Өрлеу» ОҚо пқбаи дбо тренері Шолпан Аблакимовна Оспанкулова \2015 жыл қаңтар\ Диалогтық оқытудың оқушының белсенділігін арттырудағы маңыздылығы
orleu -> Білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялар, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы
orleu -> Төкеев Бертай Есмаханұлы ГҮл сезім шымкент 2009 Гүл сезім
orleu -> Оқушылардың метатанымын қалыптастыру аясында жүргізілетін жұмыстар Исмайлова Уркия Курбантаевна


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет