Искакова Үрзада Жармаханқызы
Сарыағаш ауданы, Оразата елдімекені, Т.Бигельдинов атындағы ЖОМ, тарих пәні мұғалімі
НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУ ТӘСІЛІМЕН ӨТКЕН «САҚТАР» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ САБАҚҚА РЕФЛЕКСИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндеттер ауыр" деген болатын. Ұстаздар қауымының алдында сабақта ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдана отырып жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру; Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан - жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу; Сабақта оқытудың жаңа технологияларын тиімді қолдана білу; Оқушының таным белсенділігін қалыптастыру барысында шығармашылық ізденістің тиімді жолдарын үйрету міндеттері тұр.
Қазіргі ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың жылдам дамып келе жатқан кезеңінде заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, бір - бірімен қарым-қатынас жасауына ақпараттық қоғамды қалыптастыру еліміздің басты міндеті болып отыр. Бәсекеге қабілетті елге айналу үшін барлық мұғалімдер жаңа әдіс-тәсілдерді толық меңгеріп, оқушыларға сапалы білім беруіміз керек. Білім беру саласында тек мұғалімдердің айтқанын немесе тек оқулықпен ғана шектелу қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында жаңа әдіс - тәсілдерді қолданбай алға жылжу мүмкін емес. Қазіргі таңда білім саласында үлкен жоба енгізіліп отыр. Бағдарлама тәсілдеріндегі жеті модуль идеялары оқушылардың қалай оқу керектігін үйретіп, диалогқа еркін түсіп, өз ой-пікірлерін жеткізе алатын және сыни көзқарастары қалыптасқан оқушы болуына ықпал етеді. Оқушылар сыныпта еркін диалогқа түсіп, бір-бірінің пікіріне сыни тұрғыдан қарап, өзі туралы ойланып, сұрақ қойып , білімдерін жүйелейді, толықтырады.
Біліктілігімді арттыру мақсатында деңгейлік бағдарламаның бірінші бетпе - бетін аяқтап, мектептегі іс - тәжірибемде жеті модульді жан - жақты қолданып көптеген нәтижелерге қол жеткіздім. Жеті модульдің мұғалімге берері мол екендігін, нәтижеге жүйелі түрде қол болатынын аңғардым.
Менің таңдап алған сыныбым 5 сынып. Бұл сыныптағы оқушылардың жас ерекшелігі 10-11 жас аралығындағы оқушылар. Оқулық Қазақстан Республикасының білім беру стандартына сәйкес, жас ерекшеліктеріне лайықтап жасалған. Тізбектелген сабақтар топтамасындағы тақырыптар өзара бір-бірімен тығыз байланысты.
Тізбектелген сабағымның ішінен бір сабағымды өту барысында бағдарламаның 7 модулін қалай кіріктірілгендігі жөнінде баяндайтын болсам, алдымен сабағымды жоспарлаған кезде сыныптағы оқушылардың деңгейлерін ескере отырып мақсат қойдым. Сол мақсаттарға байланысты сабақ барысында оқушылардан күтілетін нәтижелер айқындалды. Эйр мұғалімдердің дарынды балаларға сапалы тапсырма беру мақсатымен өз жоспарларын өз гертуге болатындығына бастауыш буында жүргізілген шағын зерттеулерден дәлелдер келтіреді. Осы әдісті іс-тәжірибеде қолданып жүрген мұғалімдер қосымша көмек беру арқылы балалар тобы ның аясын кеңейте отырып, бұдан да күрделі тапсырмаларды орындатуға болады деген қорытынды жасайды. Бұл стратегияның сыныптағы талантты да дарынды оқушыларды анықтауда туындайтын кейбір мәселелерді шешуде көмегі зор екендігін айтады.
Бағдарламаның негізгі идеясы сабақта жеті модульді ықпалдастыру болғандықтан осы модулдерді ашатындай тиімді әдіс тәсілдерді қарастырдым. Осы сабағыма оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер "Джиксо", "Өрмекші торы", "Ауыз ти", «көкпар» әдіс-тәсілдерді сабағыма қолдандым.
Сабағымды бастамас бұрын оқушылармен қалыпты психологиялық орта құрып алу мақсатында, шаттық шеңберіне тұрғызып, бір-біріне жақсы тілектер айтқыздым. Осыдан кейін байқағаным бір-біріне мейіріммен қарады және бір бірінен қысылу сияқты кедергілер жойылған сияқты. Мына суретте осы көрініс берілген.
Қызығушылықты ояту кезеңінде "Өрмекшінің торы" әдісін пайдаланып оқушылармен өтілген тақырыпқа шолу жасап өттік. Бұл әдіс төмендегіше іске асты: Оқушылар бір –біріне өрмекші торын яғни жіп лақтыру арқылы сұрақтар қояды жіпті қағып алған оқушы сұраққа жауап беруі тиіс. Мақсатым жаңа тақырыпты меңгеру үшін өткен тақырыпты еске түсіру керек.
Оқушылардың жауаптарын әрі қарай өрбітіп, толықтыру мақсатында сұрақ қоюдың үш техникасын қолдандым. Балаларға сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша оз ойларын айтуға мүмкіндік бердім. Сұрақ қою барысында оқушылардың жас ерекшелігіне мән бердім. Деңгейі төмен оқушыға сұрақты қарапайым етіп қойып, өткен сабақты еске түсіріп, ойға салуға және сұраққа толығырақ жауап беруге итермеледім. Оқушы сұраққа қате жауап бергенде оның жауабын түзету үшін қайта бағыттау техникасын қолдандым. Бұл кезде сұрақты қарапайым етіп қойып, өткен сабақты еске түсіріп, ойға салуға және сұраққа толық жауап беруге көмектестім .
Осыдан кейін оқушыларды «Жартыңды тап» әдісі бойынша суреттер қиындыларын ұсындым, сол қиындыларды құрастыру арқылы, яғни "Мозайка" әдісі бойынша оқушылар топқа бөлінді. Бұл әдісті орындау барысында оқушылардың қызығушылығын байқадым. Тағы байқағаным бұрынғыдай кейбір оқушылардың біздің тобымызда ол оқушы отырмасын деген пікірлері жойылғандығы. Бұл әрине ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру нәтижесінде болды деп ойлаймын.
Топқа бөлініп орналасқан оқушыларыма топ басшысын сайлап, техника қауіпсіздік ережесін еске түсіртіп, сыныпта ілулі тұрған топ ережесіне көзін бір жүгіртіп , естерінде сақтап отыруды айтып өттім. Әр топ ақылдаса отырып өздерінің топ басшыларын сайлап алды. Сабақта критерийлер көрсетілген жауап парағымен бағаланатынын, белсенді қатысқан оқушыларды бағдаршам түстерімен бағалап отыратынымды ескерттім.
Достарыңызбен бөлісу: |