Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет23/252
Дата08.02.2022
өлшемі3,55 Mb.
#120068
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   252
Байланысты:
дебат Office Word
Дамуға бағыттылық. Бағалау білім беру жүйесін, мектепті, мұғалімдер мен әр оқушының даму бағытын анықтайды және ынталандырады.

Білім алушының жеке қасиеттері емес, оқу іс-әрекетінің нәтижелері мен олардың қалыптасу процесі ғана бағалануы мүмкін екенін түсіну маңызды.
Бағалаудың негізгі критерийлері жоспарланған нәтижелер болып табылады. Бұл ретте бағалау нормалары мен критерийлері, бөлім және тоқсан бойынша жиынтық бағалау (БЖБ мен ТЖБ) нәтижелерін қою алгоритмі мұғалімдерге және білім алушыларға алдын ала белгілі болуы тиіс.
Бағалау жүйесі білім алушылардың өзін-өзі бағалау және өзара бағалау дағдыларын меңгере отырып, бағалау қызметіне қатысатындай етіп құрылады.
1.2 Критериалды бағалау жүйесінің рәсімдері
Критериалды бағалау білім алушы өз жетістіктері мен сәтсіздіктері туралы ақпарат алған кезде тұрақты кері байланысты болжайды. Бұл ретте мұғалім білім алушылардың санын және кері байланыс жиілігін дербес анықтайды. Тіпті аралық жұмыстың қанағаттанғысыз нәтижелері білім алушылардың нәтижелерін жақсарту үшін ұсынымдық сипатта болуы тиіс.
1.2.1 Мұғалім тоқсан бойы өткізілетін бағалауды алдын ала жоспарлауы және бағалау үшін оқытудың нақты нәтижелерінің (оқу мақсатының) тізбесін анықтауы тиіс.
1.2.2 Қандай да бір оқу мақсатына қол жеткізу қорытындылары бойынша балл қою білім алушылар үшін түсінікті болуы және оқу уәждемесін арттыруға ықпал етуі тиіс.
1.2.3 Қалыптастырушы бағалауды қолдану оқушылардың жұмысын тексеру нәтижелері бойынша мұғалім сабақтағы жұмыстың мазмұны мен дұрыстығы туралы жазбаша немесе ауызша пікірлер қолданатынын білдіреді.
Сабақта білім алушыларды кері байланыспен қамту және саны бойынша нормалар жоқ. Мұғалім кері байланысты берудің формасын, мазмұнын және жиілігін дербес анықтайды.
1.2.4 Білім алушылардың үй тапсырмасын мұғалім жазбаша түрде (дәптерде және/немесе күнделікде) немесе ауызша тексереді және түсіндіреді.
1.2.5 Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары сабақ барысында өткізіледі және басып шығаруды және одан әрі сақтауды қажет етпейді.
1.2.6 Білім алушының орындалған жұмысының нәтижесі немесе түсініктемесі дәптерге мұғалімнің таңдауына кез келген түсті қаламмен қойылады.
1.2.7 Мұғалім қалыптастырушы және жиынтық бағалау қорытындысы бойынша: а) жеке алынған білім алушы деңгейінде; ә) сынып/параллель деңгейінде алынған мәліметтерді талдайды. Қалыптастырушы бағалау қорытындысы білім алушылармен талқыланады.
1.2.8 Мұғалім білім алушылардың жиынтық жұмыстарының нәтижелерін бір оқу жылы ішінде жинайды және сақтайды.
1.2.9 Мұғалім білім алушылардың жиынтық бағалау нәтижелерін балл түрінде журналға (қағаз/электрондық) қояды, балдарды ауыстыру шкаласы бойынша тоқсандық және жылдық бағаға ауыстырылады.
1.2.10 Бөлімдерді (ортақ тақырыптарды) оқып-үйренгеннен кейін жиынтық бағалау бір пән бойынша тоқсан сайын үш реттен артық жүргізілмейді.
1.2.11 Бір тоқсанда үш және одан да көп бөлімдер (ортақ тақырыптар) оқылған жағдайда, мұғалім өздігінен оқу мақсаттарының саны мен тақырыптарының ерекшелігін ескере отырып, бөлімдерді (ортақ тақырыптарды) біріктіреді.
1.2.13 Бір бөлімді (ортақ тақырыптарды) оқыған жағдайда ТБЖ-ның ширегінде тоқсанның екінші жартысында бір рет, тоқсанның соңына дейін кемінде екі апта бұрын өткізіледі. ТБЖ-ны екі бөлікке бөлуге және екі ТБЖ түрінде жүргізуге жол беріледі.
1.2.14 БЖБ мен ТЖБ тапсырмаларын мұғалімдер сыныптағы білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып өздігінен құрастырады. Басты талап - пән бойынша оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкестігі. Үлгі үшін ұсынылған БЖБ мен ТЖБ тапсырмаларын пайдалануға жол берілмейді.
1.2.15 Жылдық жиынтық бағалау немесе оқу жылының қорытындысы бойынша аралық аттестаттау өткізілмейді.
1.3 Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды бағалау
Оқыту барысында мұғалім ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған жеке жоспарды қолдана алады, дифференциалды және/немесе жеке тапсырмаларды әзірлей алады, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының ерекшеліктерін ескере отырып, бағалау критерийлеріне (қалыптастырушы және жиынтық бағалау) өзгерістер енгізе алады.
Критериалды бағалау сұрақтары бойынша келесі дереккөздерге жүгінуге болады:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидалары (2018 жылғы 09 ақпандағы № 47 бұйрықпен өзгерістер енгізілген).
2. «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № 272 бұйрығы.
3. Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдістемелік құрал. «НЗМ» ДББҰ, 2016
4. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ жүйелік-әдістемелік кешен http://smk.edu.kz
5. Критериалды бағалау бойынша әдістемелік әзірлемелерді Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА сайтының «Білім беруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету. Әдістемелік құрал» бөлімінен табуға болады: https://www.nao.kz
6. Онлайн курс «Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі» https://academia.kz/ru/course/1
Назар аударыңыздар!
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру және «Орта білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің жекелеген санаттарының жүргізуі үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрығымен мұғалімнің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында төмендегідей құжаттарды жүргізу белгіленді:

  • сынып журналы;

  • тақырыптық-күнтізбелік жоспар;

  • күнделікті жоспарлар (қысқамерзімді жоспар);

  • қритериалды бағалау бойынша құжаттар (қалыптастырушы және жиынтық бағалау);

  • білім алушылардың күнделігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет