Сабақтың тақырыбы: Калашников автоматын жартылай бөлшектеу және құрастыру
Сабақ түрі: аралас
2.Мақсаты, міндеттері:
Білім алушыларды Калашников автоматын жартылай бөлшектеу және құрастыру ретімен, автоматтың бөлшектері мен механизмдері, сондай-ақ патрондарының құрылысы және қолданылуымен таныстыру;
Окушыларды реттілікке, ұқыптылыққа, тәртіптілікке дағдыландыру;
Отанын сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу;
3. Сабақты жабдықтау
3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер,сілтемелер, презентация.
4. Сабақтың барысы
Ұйымдастыру.
ЗООМ платформасында студенттер қатысымын қадағалау
Үй тапсырмасы
«Ассоциация» әдісі арқылы өткен тақырыптарға шолу жасау
Жаңа сабақ
Жоспары:
Калашников автоматының қолданылуы, бөлшектері мен механизмдерінің құрылысы.
Автоматты жартылай бөлшектеу тәртібі
Патрондардың қолданылуы мен құрылысы
Автоматты (пулеметті) бөлектеу толық және толық емес болуы мүмкін: толық емес бөлшектеу – автоматты (пулеметті) тазалау, майлау және тексеру үшін; толық бөлшектеу – жаңбыр мен қар астында қалғанда не жөндеу кезінде автоматты (пулеметті) қатты ластанудан тазалау үшін жүргізіледі. Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу мен жинақтау үстел үстінде немесе таза төсеніш жайылып жүргізіледі; бөлшектер мен механизмдер бөлектенген ретімен қойылады. Оларды абайлап ұстап, бірінің үстіне бірін қоймай, күштемей және соққыламай жүргізу керек.
Оқжатарды бөлектеу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен дүмінің мойыншасынан не құндағынан ұстап, оң қолмен оқжатарды орай ұстайды, бас бармақпен бекіткішті қысып, оқжатардың төменгі жағын ілгері ұмсындырып, оны бөлектеп алады.
Жабдықтар пеналын дүм ұясынан шығарып алу. Оң қолдың сұқ саусағымен дүм ұясының қақпағын пенал серіппенің әсерімен ұядан шығатындай етіп басады; пеналды ашып, одан сүрткішті, тазалағышты, бұрауышты, қаққышты шығару керек.
Жиналмалы дүмі бар автоматтың пеналы оқжатарды салуға арналған сөмкенің қалтасында жүреді.
Сүмбіні алу. Сүмбінің ұшын оның басы қарауылдың негізіндегі тіректен шығатындай етіп ұңғыдан тартып, сүмбіні жоғары суырып алады. Сүмбіні алу қиындық тудыратын болса, онда қаққышты қолдануға рұқсат беріледі. Оны сүмбінің басындағы саңылауға сала отырып, ұңғыдан сүмбінің ұшын тартып суырып алады.
Бекіту. Блиц сауалнама
Калашников автоматы мен оқшашары неге арналған?
Калашников автоматын ату үшін қандай патрон түрлері қолданылады?
Калашников автоматының автоматты ату әрекеті неге негізделген?
Автоматты атысқа дайындауды кім басқарады?
Атыс жүргізерден бұрын автоматпен қандай нақты шаралар жүргізіледі?
«Бинго» ойыны арқылы сабақты қорытындылау.
Сабақта белсенділік танытқан білім алушыларды бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |