Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі біліктілік арттырудың Ұлттық орталығЫ «Өрлеу» АҚ «Өрлеу» баұо ақ филиалы ШҚо пқ баи «білім беру мазмұнын жаңҒырту жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұҒалімінің КӘсіби қҰзыреттіліктерін



Дата04.08.2017
өлшемі58,76 Kb.
#22546
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУДЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ «ӨРЛЕУ» АҚ

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО ПҚ БАИ

«БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ»


тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы бойынша эссе жұмысы


Тақырыбы «Оқушылардың оқу жетістігін бағалаудың заманауи тәсілдері»

Орындаған: А.С.Иванов атындағы «Выдриха жалпы

беретін орта мектеп – балабақша» кешені» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі



Енсебаева Гулсара Тлеубековна

Курс жетекшісі, ББСмБ кафедрасының

меңгерушісі, ф.ғ.к. Сейлхан А

Шемонаиха, 2015ж.
Эссе тақырыбы: Оқушылардың оқу жетістігін бағалаудың заманауи тәсілдері

«Оқушының жетістігі - мұғалімнің жетістігі, ал мұғалімнің жетістігі жаңа әдіс - тәсілдерді тиімді де шебер қолдануында».
«Ұстаздық - ұлы іс» деп кемеңгер жазушымыз М. Әуезов айтқандай, бұған лайық болу - үлкен абырой, басты борышым деп есептеймін. Мұғалім - мамандық болса, ұстаздық қасиет. Мен үшін елім мен жерімнің және ана тілімнің мерейін өсіру ұлағатты іс - абыройлы іс.

Қазіргі оқыту үйретудің мазмұны да, сипаты да соған, орай амал - тәсілдері де күрделене түсті. Жаңа XXI ғасырға сай өзгеше қабілет - қасиетке ие ұрпақ қалыптасып келеді.

Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі процесінде


  • Белсенді

  • Шығармашыл

  • Кәсіби жолын тандай алатын

  • Шешім қабылдауға қабілетті

  • Өмір бойы білім алуға дайын тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Бұл оқушылардың функционалдық дағдыларын мектеп қабырғасында

қалыптастырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытады. Осы мәселелер қазіргі таңда Ұлттық жоспардың мақсатына енді.

Бүгінде функционалдық сауаттылық – адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтеріне белсенді қатысуына, сондай – ақ өмір бойы білім алуға ықпал ететін базалық факторлардың бірі ретінде танылуда. Осыған орай, « Үш адым» ілгері аттау оқу әдістері мен технологияларын жаңарту арқылы дәстүрлі мектеп модулі, рационалді мектеп модулі, Феноменальді мектеп модулдері нәтижесінде Қазақстан оқыту деңгейі мен сапасы жағынан жетекші елдер тобына қосылады деп сенемін. Осы бір үлкен міндеттерден 4 негізгі мехонизм туындайды. Олар мыналар:

а) Оқу методологиясы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту;

ә) Оқу нәтижелерін бағалау жүйелерін жаңарту;

б) Балаларды оқытумен тәрбиелеу;

в) Қосымша білім беру жүйесін дамыту.

Оқу жетістіктерін бағалаудағы халықаралық бағдарламаларына – PISA, TIMSS, PIRLS жатқандықтан бұларды біз оқу жетістіктерін бағалаудағы әділ және шынайы жүйесі, білім беру мазмұнының ажырамас бөлігі деп саналаймыз.

Осы уақытқа дейін білім мен білікті тексерудің түрлі әдістері қолданылып келді. Алайда тарихи даму процесінде бағалаудың түрлері мен тәсілдері, бақылау-өлшем, іс-шаралары, оның мазмұны, оқушыларға әсері, ынталандыру элементтері және басқа факторлар өзгеріп отырды.Көпжылдар бойы бағалау оқушының жетістіктерін басқа оқушының нәтижесімен салыстыру арқылы жүзеге асырылып отырды, осы бағалаулардың бірқатар кемшіліктері бар.

1) Бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесіне қанағаттандыра алмауы;

2) Оқушы танымындағы өзгерістер мен білім сапасындағы қалыптасқан қайшылықтар;

3) Әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі.


Аталған мәселені шешу үшін мектептерде оқытудың мақсатына, міндетіне және күтілетін нәтижесіне сәйкес оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесін жасау және енгізу қажеттілігі туындады, бұдан білім сапасын бағалау жүйесінде жаңғыру мәселесі шықты.

Бағалаудың 6 қағидасы бар: « Маңыздылық», « Дәлдік» (Адекваттық), « Объективтік» (Дәлелділік), «Оқудың ажырамас бөлігі», «Қарапайымдылық».



Критериалды бағалау – оқушылардың оқу-танымдық құзыретін қалыптастыруға жағдай жасайтын, білім беру мақсаты мен мазмұнына сәйкес білім беру процесіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.

Критерий - ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесі, негіздемесі және белгісі. Әр критерийдің дискрипторы болады, онда оқу тапсырмасының орындалу нәтижесінің дұрыстығы туралы нақты түсінік беріледі. Дискрипторға сәйкес бағалау оқушының қойған мақсатына жетуін анықтайды.

Қалыптастырушы (ағымдағы) бағалау –сабақтакүнделікті жүзеге асатын, білім мен дағдыны меңгеру деңгейін анықтайтынбағалау. Қалыптастырушы бағалау білім беру процесінде оқушы мен мұғалімнің арасындағы өзара тығыз байланысты жүзеге асырады.Сонымен қатар,оқушыларға жаңа материалды меңгеруде тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындағандығын білуге және оқытудағы мақсаттар мен міндеттерді орындауға мүмкіндік туғызады.

Ішкі жиынтық бағалау – оқу ақпараты блогын оқып болғаннан кейін білім және оқу дағдысының қалыптасу деңгейін анықтау. Ішкі қорытынды бағалауды педагогтар немесе мектеп әкімшілігі жүзеге асырады.

Сыртқы жиынтық бағалау – бастауыш мектепте (5-сынып), негізгі мектепте (10-сынып), жоғарғы мектепте (11-12сынып) оқу дағдысы мен білімін қалыптастыру деңгейін анықтайды. Қорытынды жұмыстарға қойылған баға, оқытудың есеп беру кезеңінің қорытынды бағасын анықтауға негіз болып табылады.

Оқушылардың жетістіктері туралы есеп–оқушы бойында қандай біліктің қалыптасқандығын, сондай-ақ алған білім-біліктілігініс жүзінде қалай қолданатындығын көрсететін, белгілі бір кезеңдегі ақпарат.

Портфолио – оқушының білім алудағы белгілі бір кезеңде, бір немесе бірнеше пән бойынша жетістігін, ілгерілеушілігін, оқытудағы нәтижесін көрсететін жеке жетістіктер бағасын тіркеу әдісі. Портфолио критериалды жүйені енгізуде оқушы нәтижелерін шынайы және әділ бағалау мақсатында енгізіледі.

Модерация – шынайылық пен әділдік үшін бағалауды стандарттау мақсатында бір пәннен беретін мұғалімдердің бір сынып оқушыларының қорытынды жұмысын талқылау процесі. Модерация білім беру процесінің нәтижесі мен сапасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Мен өзімнің іс – тәжірибемде әр түрлі табыс критерияларын қолданамын. Рубрикаторлар мен дискрипторлар арқылы 10 -12 балдық жүйеде бағалауды, Формативті және Суммативті, « екі жұлдыз, бір тілек», « Бағдаршам», « Бес бармақ», Жигсо, «Нысана», «Қос шеңбер»т.б.

Қорытынды бөлім

Осыған орай, ұстаздықтың мәні жаңа сипаттарға ие болуда. Жаңа формасиялы педагог – интербелсенді әдіс –тәсілдерді қолданатып, иновациялық бағытта сабақ беретін, интерактивті сабақ жоспарлап, АКТ-ны қолданатын, ғылыми-жобалық ізденістегі, заманауи талаптарға сай кәсіби жеке тұлға болуы міндетті. Демек, ұстаздың білім мен өнердің жеке қиын саласына үйретуге өте мұқият бағыт ұстауы, білім - біліктің тармақтылығын жете үйретуді талап етуде. Осындай күрделі де қиын жауапкершілікті арқалаған мұғалім, біздер, өз пәніне қатысты үнемі білімін жетілдірумен, сабақ өткізу шеберлігін таңдаумен бірге педагогикалық - психологиялық өрісін өсіріп отыруға міндетті деп білемін.


Қорыта келе, белсенді оқыту арқылы - білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшіліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру болып табылады, ендігі бір мектеп мұғалімдерінің алдындағы міндет белсенділікті арттыратын іс – шараларды ұйымдастып, ата – аналар қоғамдастығын, институтын құру, қандай да бір атқарылған оқушылардың жұмыстарына кері байланыс жасап, мониторинг жүргізу, жоғарыда айтылыған критериалды бағалау арқылы оқушылардың құзіретіліктерін арттыру.


Каталог: uploads -> doc -> 0512
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0512 -> Сабақтың тақырыбы: Бұлшықеттің құрылысы мен маңызы Мақсаты
0512 -> Сабақ жоспары Күні- 19. 01. 2016ж
0512 -> Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар» «Қазақ солдаты»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет