Назар аударыңыз!
ҚР «Білім туралы» Заңының 31 бабына сәйкес 1-сыныпқа балалар алты жастан қабылданады.
Мектепке қабылдау ережелері «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазанда № 564 бұйрығымен реттелген.
Ережеге сәйкес бірінші сыныпқа алты жастағы балалар және ата-анасының қалауы бойынша ағымдағы күнтізбелік жылдың соңына дейін алты жасқа толған балалар, ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші негізінде дайындық деңгейіне қарамастан қабылданады.
Ата-аналар баланың мектепке қашан баратынын шешуге құқылы және оны жеке өтініш арқылы ресімдейді. Ешқандай айыппұл санкциялары қарастырылмаған.
Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін, төмендегідей құжаттар қажет:
1) баланың ата-анасы немесе басқа да заң өкілдерінің өтініші (еркін түрде);
2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) «Баланың денсаулық паспорты» 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен бекітілген 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 026/у-3 нысаны бойынша № 2423 болып тіркелген);
4) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 063/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген);
5) 3х4 көлеміндегі екі дана фотосурет.
(«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы).
Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 маусымы мен 30 тамызы аралығында жүргізіледі. Баланы бірінші сыныпқа қабылдау кезінде қосымша құжаттарды сұратуға жол берілмейді.
Сондай-ақ мамандандырылған ұйымдар, гимназиялар мен лицейлерден басқа, білім беру ұйымының бірінші сыныбына балаларды қабылдау емтихандарын, тестілеуді, сынақтарды, конкурстарды өткізуге жол берілмейді.
Мектепке дейінгі мекемелерге бармаған немесе мектепалды даярлықтан өтпеген балалар үшін білім беру ұйымдары оқу жылы басталғанға дейін дайындық курстарын ұйымдастырады.
2019-2020 оқу жылының ерекшелігі еліміздің білім беру ұйымдарының 4, 9 және 10-сыныптарында жаңартылған білім мазмұнын енгізу болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |