1-11(12)-сыныптарда:
күзгі каникул –7 күн (2019 жылғы 28 қазан - 3 қарашаны қоса алғанда),
қысқы – 10 күн (2019 жылғы 30 желтоқсан – 2020 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда),
көктемгі – 13 күн (2020 жылғы 21 наурыз - 2 сәуірді қоса алғанда);
1-сыныптарда: қосымша каникулдар: 7 күн (2020 жылғы 3-9 ақпанды қоса алғанда).
Назар аударыңыздар! Мектепалды сыныптарда:
күзгі каникул – 7 күн (2019 жылғы 28 қазан - 3 қарашаны қоса алғанда),
қысқы – 14 күн (2019 жылғы 27 желтоқсан – 2020 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда),
көктемгі – 15 күн (2020 жылғы 21 наурыз - 4 сәуірді қоса алғанда);
қосымша каникулдар: 7 күн (2020 жылғы 3-9 ақпанды қоса алғанда).
Сабақтарды өткізу мерзімі мереке күндерімен, ауа райының қолайсыздығына және карантин енгізілуіне байланысты актіленген күндермен сәйкес келген жағдайда, тақырыбын/оқу мақсаттарын оқу пәні бойынша жақын/ұқсас тақырыптармен/оқу мақсаттарымен біріктіріп/тұтастырып, кіріктіруді ескере отырып көрсетілген күндерге дейін немесе кейін аздаған сағат санымен оқыту қажет. Бұл ретте, қосымша сағаттар бөлінбейді. Журналдарда біріккен сабақтар тақырыбы бір жолда көрсетіледі. Бұл жағдайлар мұғалімдердің жалақысына әсер етпейді, оқу сағаттары берілген деп есептеледі.
Бұл ретте оңай мақсаттарды қарастырып, жазба жұмыстарын жоспарламаған жөн. Білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде бұл өзгерістерді электрондық журналдар жүйесінде техникалық қолдау арқылы көрсетіледі.
Сыртқы және ішкі бақылауды жүргізу кезінде осы бұйрық негіз болады.
Назар аударыңыздар!
Жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу жоспарларындағы вариативтік компонентті қоса алғанда, жалпы білім беретін мектептерде білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғарғы шекті көлемі 1-сыныпта – 24 с., 2-сыныпта – 25 с., 3-сыныпта – 29 с., 4-сыныпта – 29 с., 5-сыныпта – 32 с., 6-сыныпта – 33 с., 7-сыныпта – 34 с., 8-сыныпта – 36 с., 9-сыныпта – 38 с., 10-сыныпта – 39 с., 11-сыныпта – 39 сағаттан аспауы тиіс.
Оқу жүктемелерін қысқарту Педагогтер кеңесінің шешімі негізінде білім беру ұйымдары таңдай алатын қысқартылған оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарында қарастырылған (ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығы). Білім беретін ұйымдар ата-аналар комитеті және қамқоршылық кеңесінің келісімімен күнделікті өткізілетін сабақтар санын белгілейді.
Қысқартылған ҮОЖ-ды таңдаудағы басты шарт – білім алушылардың ерте кәсіби бейімделуін қамтамасыз ету. Егер оқу пәндерінің қиыстырылуын (комбинациясы) таңдау 7-сыныпта жасалса, онда таңдалған оқу пәндерінің қиыстырылуына (комбинациясына) сәйкес келесі сыныптарда (8-9-сыныптарда) оқуды жалғастыру қажет.
Жалпы білім беретін мектептердің 7-9-сыныптарына арналған ҮОЖ-да ескертпе берілген, онда инвариантты компоненттен таңдау бойынша бейінді оқу пәндерінің комбинациялары жазылған.
Бейінді оқу пәндерінің қиыстырылуы (комбинация) ҰБТ аясында пәндерді таңдауға бағытталған.
Гимназиялар/лицейлерде де жүктеме өзгерді. Бастауыш сыныптарда гимназия компонентін 8,5 сағаттан 4 сағатқа дейін, 5-11-сыныптарда 5 сағатқа қысқарту ұсынылады.
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарында мектеп бағытына байланысты білім беру ұйымының өзі айқындайтын мамандандырылған компонент енгізілді.
Осылайша, еліміздің білім беру ұйымдары, соның ішінде гимназиялар/лицейлер, мамандандырылған лицейлер/гимназиялар да жүктемесі қысқартылған ҮОЖ-ды таңдауға құқылы.
Бескүндік оқу аптасында оқу процесін ұйымдастыру
Бескүндік оқу аптасына көшу жаңартылған білім мазмұнына көшумен қатар жүргізіледі және түрлеріне, типтеріне, меншік нысандарына қарамастан барлық білім беру ұйымдарында жүзеге асырылуы мүмкін.
Бірқатар оқу пәндері бойынша сабақтарды оқу мақсаттарына және сабақ тақырыптарына сәйкес, кестеде өткізілетін орынды көрсете отырып, музейлерде, театрларда, кітапханаларда, кәсіпорындарда және басқа да ұйымдарда өткізу ұсынылады.
Егер мектеп бес күндік оқу аптасына көшсе, мұғалім сенбі күнді өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы. Бұл ретте мектеп әкімшілігі сенбі күні айына бір рет педагогикалық, әдістемелік кеңестердің мәжілістерін және басқа да ұйымдастыру іс-шараларын қоя алады.
2019-2020 оқу жылында 4, 9 және 10 сыныптарда информатика пәнінен жаңа оқу бағдарламасы енгізіледі. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығына сәйкес "Жалпы білім беретін ұйымдарға арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары және факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді: ....5-тармақ. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, мыналарды қоспағанда: "ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" оқу пәні бойынша осы бұйрыққа 4-қосымшада 7 және 21-тармақтарды, бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптары үшін 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 1-сыныптар үшін, 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2 және 3-сыныптар үшін, 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап 4-сыныптар үшін қолданысқа енгізілетін болады.
Назар аударыңыздар!
2019-2020 оқу жылында Педагогтер кеңесінің шешімімен мектептер мектептің материалдық-техникалық жабдықталуын (спортзалдар, аудиториялық қор), білім алушылар контингенті, кадрлармен қамтамасыз ету және т.б. ескере отырып, жеке пәндерді оқытуда сыныптарды топтарға бөлу туралы дербес шешім қабылдайды.
1-4-сыныптарда қалалық мектептерде толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде 20-ға жеткен кезде немесе одан асқан жағдайда, төмендегі пәндер бойынша топтарға бөлінеді:
оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі;
оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі;
шетел тілі;
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
өзін-өзі тану.
Негізгі орта мектеп бойынша білім алатын сыныптарда топтарға бөлу төмендегі пәндерді оқыту барысында қалалық мектептерде толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде 20-ға жеткен кезде немесе одан асқан жағдайда, төмендегі пәндерді оқыту барысында топтарға бөлінеді:
оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті;
оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті;
шетел тілі;
информатика;
дене шынықтыру;
көркем еңбек.
Жалпы орта мектеп бойынша білім алатын сыныптарда топтарға бөлу төмендегі пәндерді оқыту барысында қалалық мектептерде толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде 20-ға жеткен кезде немесе одан асқан жағдайда, төмендегі пәндерді оқыту барысында топтарға бөлінеді:
оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті;
оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті;
шетел тілі;
информатика;
дене шынықтыру.
2013 жылғы оқу бағдарламасы бойынша оқытылатын 11-сыныптардың білім алушылары қалалық мектептерде толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде 20-ға жеткен кезде немесе одан асқан жағдайда, төмендегі пәндерді оқыту барысында топтарға бөлінеді:
оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі;
оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ әдебиеті;
қазақ/ұйғыр/тәжік/өзбек тілінде оқытылатын сыныптардағы орыс тілі;
шетел тілі;
информатика;
бейіндік пәндер;
технология;
дене шынықтыру.
Достарыңызбен бөлісу: |