тіл пәндері мұғалімдерінің және тілдік емес пәндер мұғалімдерінің ынтымақтастығы;
мұғалімдер мен мектеп әкімшілігінің ынтымақтастығы.
Командалық жұмыс:
бірлескен жоспарлау бойынша жүйелі жұмыс (ортақ тақырыптарды жоспарлауды, ҚМЖ, оқу тапсырмаларын және бағалау критерийлерін әзірлеуді және жұмысты талдауды (оқу жетістіктері, оқу үдерісіндегі білім алушылардың қиындықтары және т. б.);
ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларды анықтауды, осы категориядағы білім алушыларға қолдау көрсету стратегиясын белгілеуді;
мұғалімдердің табысты тәжірибелерін таратуды;
өзара сабаққа қатысуды;
бейнежазба жасауды және сабақты талдауды;
оқу материалдарын әзірлеуді;
сыныптан тыс және мектептен тыс іс-шаралар ұйымдастыруды;
ата-аналармен жұмысты ұйымдастыруды;
менторлықты іске асыруды, ЖМБ оқу пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдерді қолдауды көздейді.
Менторлық қолдау түріндегі командалық ынтымақтастық құнды болып табылады. Менторлық немесе менторинг ағылш. – mentoring – оқу пәндерін оқытуда озық тәжірибесі бар, тәжірибелі адамның, сарапшының (жұмыс өтілі маңызды емес) тәжірибесі аз, жұмысты жаңа бастаған педагогпен өзара іс-қимылы.
Ментор – тәлімгер. Физика, химия, биология, информатика пәндерінің мұғалімдеріне ағылшын тілі мұғалімі, сондай-ақ, ағылшын тілінен кем дегенде В2 деңгейі бар ЖМБ оқу пәндерінің мұғалімі ментор бола алады.
Менторлық қолдау көрсету ЖМБ оқу пәндерін ағылшын тілінде оқытуды жаңа бастаған педагогтің кәсіби іс-әрекетін тексеруші, оған баға беруші, бақылаушы функцияларын атқаруды көздемейді. Менторлық қолдау көрсетудің бірінші жылынан кейін өзара командалық іс-әрекеттесу тәжірибесін талдау және ары қарай кәсіби өсу үшін бағыттарды анықтау маңызды.