Ұсынылатын жазба жұмыстарының нормалары. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жазба жұмыстарын, соның ішінде эссе жазу ұсынылады. Жұмыстың бұл түрі білім алушылардың сын тұрғысынан ойлауын және жазылым дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Эссе жазуда (барлық артикль сөздерді, есімдіктер мен қосымшаларды ескере отырып) сөздердің келесі нормалары ұсынылады:
11-сыныптарда 140-150 сөз.
Оқытылатын пәнге деген ынта мен қызығушылықты арттыру үшін пән бойынша үйірме жұмысының түрін ұйымдастыруға болады, мысалы мәнерлеп оқу клубы. Бұл клубтың мақсаты - шетел әдебиетіне деген қызығушылықты арттыру. Көптілділікті дамытатын «Полиглот» клубын құру ұсынылады. Клуб мүшелерінің жиыны ең аз дегенде жылына 4 рет болады, соңғы жиын – есеп беру.