Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Орта білім мазмұнын жаңартуға қолдау көрсету бойынша жетекші мектептердің қызметі



бет175/252
Дата08.02.2022
өлшемі3,55 Mb.
#120068
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   252
Орта білім мазмұнын жаңартуға қолдау көрсету бойынша жетекші мектептердің қызметі

Жетекші мектеп Білім басқармасының бұйрығымен кәсіби өзара әрекетті ұйымдастырушы ретінде бекітіледі.


Кәсіби қауымдастықтағы жетекші мектеп серіктес мектептер болып табылатын, оған аумақтық жағынан бекітілген мектептерді біріктіреді. Кәсіби қауымдастыққа кіретін серіктес мектептер тобын жетекші мектепті біріктіретін Білім басқармасы мен өңірдің әдістемелік қызметтері қалыптастырады.
Жетекші мектептер қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасында орта білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ (бұдан әрі-НЗМ) тәжірибесін тарату бойынша мұғалімдердің кәсіби қауымдастығының қызметіне ұйымдастыру-әдістемелік жағдай жасау болып табылады.
Жетекші мектептер қызметінің міндеттері:
- Қазақстан Республикасында орта білім берудің жаңартылған мазмұнын ойдағыдай енгізу мәселелері бойынша жұмыс жүргізу үшін білім беру ұйымдары мұғалімдерінің кәсіби қауымдастығын құру және тиімді жұмыс жүргізу;
- жалпы білім беретін ұйымдар мұғалімдерінің үздіксіз кәсіби дамуы мен өздігінен дамуына бағытталған біліктілікті арттырудың тиімді жүйесін құру;
- НЗМ педагогикалық тәжірибесін ойдағыдай тарату және түсіндіру, ол тәжірибені Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін ұйымдарының жағдайларына бейімдеу үшін алаң құру;
- әдістемелік тақырыптар бойынша зерттеулер жүргізу, Қазақстан Республикасының орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында жалпы білім беру ұйымдары оқушыларының тиімді дайындығын қамтамасыз ететін оқытудың жаңа тәсілдерін іздестіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет