Отбасылық тәрбие
Тәрбие жұмысының төртінші бағыты ата-аналарды ағарту мақсатында, олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін және мектепте балаларды тәрбиелеу үшін жауапкершілігін арттыруға арналған.
Отбасы – адамның бастапқы әлеуметтенуінің негізі. Мектептің ата-аналармен өзара әрекеттесуі баланы тәрбиелеуге, сенімге, сыйластыққа, шыдамдылыққа және бір-біріне қолдау көрсетуге өзара мүдделілік қағидаттарына негізделуі керек. Қазіргі уақытта мектеп пен ата-аналардың құқықтары мен міндеттерін реттеу үшін олардың арасындағы үлгі шарт міндетті түрде жасалады. Осы құжат негізінде ата-аналар оқушыға білім беру мен тәрбиелеу мәселелері бойынша білім беру ұйымымен бірлесіп әрекет жасауға, ҚР-ның қолданыстағы заңнамасында қарастырылған ата-аналар комитетінің, қамқоршылық кеңестің, ата-аналар жиналыстары шешімдерін ескеру, ата-аналар комитеттері арқылы білім беру ұйымдарының басшы органдарының жұмысына қатысу тәрбие-білім беру процесін жүзеге асыруға қатысуға міндетті.
Мұғалімдердің ата-аналармен ынтымақтастығы тәрбиелеу міндеттерін және баланың даму бағдарламасын айқындау, сондай-ақ осы міндеттерді бірлесіп жүзеге асыруды қарастырады. Ата-аналардың интеллектуалдық және материалдық деңгейдегі айырмашылықтары, олардың отбасында және мектепте балаларды тәрбиелеудегі ұстанымы, отбасымен қарым-қатынас жасауда жекелеген әдіс-тәсілдері мұғалімдер мен сынып жетекшісінің қызметі үшін негіз болуға тиіс. Бұл үшін балаларды, үйде білім алатын оқушыларды тарту арқылы отбасылар және ата-аналармен жұмыс істеудің келесідей топтық және жеке түрлері пайдаланылады: тәжірибе алмасу конференциялары, тренингтер, ең табысты ата-аналардың шеберлік сабақтары, пікірталастар, сұрақ-жауап кештері, мұғалімдер, психологтер, мектеп әкімшілігімен кездесулер, ата-аналар жиналысы, сондай-ақ, ата-аналар мен балалардың қатысуымен іс-шаралар ұйымдастыру.
Әрбір оқу тоқсанының қорытындысы бойынша дәстүрлі қоғамдық тыңдаулар (ашық баяндамалар) өткізу және ата-аналар қоғамдастығының алдындағы қамқоршылық кеңестің ашық есеп беруі, Білім күніне арналған жалпыұлттық сынып сағаттары (Білім күні), «Менің отбасым» «Жылдың үздік жанұясы», «Жазда жанұямызбен» жас ата-аналар фестиваль-байқаулары, «Жылдың ең үздік ата-аналар кеңесі», «Жылдың үздік қамқоршылық кеңесі» слеттері, ата-аналар комитетінің форумдары, конкурстар, спорттық іс-шаралар: «Әкем, анам, мен – спорттық жанұя», «Көңілді старттар», ірі жарыстар (оқушы ата-аналарының командалары, мұғалімдер) өткізіледі. Осының барлығы отбасылық тәрбие мәселелері бойынша ата-аналық жауапкершілік пен құзыреттілік деңгейін көтеруге ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |