Ата-аналар лекторийлері, ата-аналардың қатысуымен жаңа форматта бірлескен іс-шаралар өткізу ұсынылады. Ата-аналар лекторийлері, ата-аналардың қатысуымен жаңа форматта бірлескен іс-шаралар өткізу ұсынылады.
Тәрбие жұмысының түрлерін, ата-аналармен, балалардың отбасыларымен өзара қарым-қатынас формаларын сапалы түрде түрлендіру; сыныптан тыс және тәрбиелік іс-шараларды өткізу тәсілдерін қайта қарау қажет. Бұл ата-аналар жұмысбастылыққа салынған, отбасылық тәрбие мәселесі күннен-күнге өзекті болып отырған, өздерінің шешімін таба алмаған мәселелерімен балалар жиі оңаша қалатын жаңашыл ғасырмен тікелей байланысты. Бұл әлеуметтік мәселе білім саласына теріс ықпалын тигізеді. Жасөспірімдер арасында қатыгездік, өзіне-өзі қол жұмсау, ұсақ қылмыс пен құқық бұзушылық, бұзақылық, булинг, жоғары сынып оқушылары бастауыш сынып оқушыларынан ақша талап ету жағдайлары көптеп белең алды. Бұған педагогикалық әрекет ету қажет. Әрине, бұл құбылыстардың туындауының басты себебі мектеп емес, бірақ балалардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін білім беру ұйымдарының жауапкершілігін алып тастауға болмайды.
Бұл көрсеткішке әсер ететін факторлар арасында – отбасындағы және мектептегі тәрбиенің жеткіліксіздігі, Интернет желісіндегі жағымсыз ақпараттар ағымы, қазіргі жаhандану мен интенсификация дәуірінің жастарға ұсынатын көптеген міндеттер мен проблемалар бар.
Жағымсыз мінез-құлықтарды алдын алу жұмыстары жүйелілік пен бірізділікті талап етеді. Ол тренингтер, пікірталастар, әңгімелер, түзету жұмыстары, ата-аналар жиналысы, суреттер көрмесі, шығарма жазу байқауы сияқты формаларды қамтуы тиіс. Ұжымның бірлігіне, оның моральдық ахуалын жақсартуға, құрдастар арасындағы достықты нығайтуға, өзара көмекті және түсінушілікті дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттау іс-шаралары дені сау тұлға қалыптастыруға бағытталған.
Девиантты мінез-құлық пен суицидке бейім, сонымен қатар зорлыққа ұшыраған балалармен жұмыс жасауға арналған («Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту және әлеуметтік бейімдеуді педагогикалық қолдау моделі (оралман балалар; мигрант балалар; өмірдің қиын жағдайын көрген балалар) әдістемелік ұсынымдамасы Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА сайтында орналастырылғанhttps://www.nao.kz . Мектепте штаттық бірліктердің жеткілікті саны бар, қажетті үйлесімді жұмыс жоқ. Жаңа оқу жылында әрбір білім беру ұйымы барлық білім алушылардың қалыпты мінез-құлқын қамтамасыз ету үшін психолог, әлеуметтік педагог, медициналық қызметкер және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор (келісім бойынша), сынып жетекшілері, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары және т.б. әлеуметтік-психологиялық қызметтің жұмысын ұйымдастырады. Мектептердің әлеуметтік-психологиялық қызметтерінің жұмысы қайта қаралатын болады. НҚА-ға тиісті өзгерістер енгізілетін болады.