Жоғарыда аталған барлық әдістемелік материалдарды https://www.nao.kz Академия сайтынан «Білім беруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету. Әдістемелік құралдар» бөлімінен табуға болады.
7. Орта мектепте құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыстың ерекшеліктері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың феномені болып табылады және оны мектеп қабырғасынан қалыптастыру қажет. Сондықтан бала кезден бастап Отанға деген сүйіспеншілікті, қоршаған орта мен салт-дәстүрлерге деген құрметті, білім мен еңбекке деген ұмтылысты, әдептілік пен адалдықты дарыту керек.
Білім алушыларға академиялық адалдық, оқудағы адалдық және өзінің мінез-құлқына жеке жауапкершілік принциптерін дарыту қажет. Оқушыларға академиялық адалдықтың кез келген тәртіп бұзушылықтарын (емтихан, тест, бақылау жұмыстары, рефераттар және т.б. жазу кезінде сыртқы көмекті пайдалану әрекеті) ұғыну қажеттігін сендіруді дарыту.
Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие оқу бағдарламаларына, сонымен қатар сыныптан тыс, жалпы мектептік іс-шараларға: акциялар, оқушылар конференциясы, дөңгелек үстел, диспуттар және т.б. сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру элементтерін қосу арқылы жүзеге асырылады. Бұл жұмыс түрі оқушылардың сыбайлас жемқорлықты теріс қабылдауын қалыптастырады және сыбайлас жемқорлық көріністеріне белсенді түрде қарсы тұру қабілетін дамытады.
Орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері үшін «Транспаренсия Қазақстан» қоғамдық қоры мен Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі дайындаған «Оқушыларға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім» әдістемелік құралы ұсынылады.
Сынып сағаттары мен факультативтік сабақтар аясында тоқсанына бір рет білім алушыларға: "Сыбайлас жемқорлық – қоғамға қарсы құбылыс", "Сыбайлас жемқорлықтың тарихи тамыры", "Сыбайлас жемқорлықтың дамуына әсер ететін себептер мен факторлар", "Адам құқығы және сыбайлас жемқорлық" (Астана, 2014г., с.122) тақырыптары ұсынылады.
Тәрбие және білім беру процесі адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың негізі болып табылады. Мұнда басты рөл отбасы мен білім беру саласына бөлінген. Әрбір ата-ана, әрбір мұғалім балалар үшін лайықты үлгі болуға, шынайы құндылықтарды таңдауға көмектесуге тиіс.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбиелеу моделі «Заң», «Әділдік», «Тең құқылық»сияқты іргелі ұғымдардың айналасында құрылуы тиіс.
Өскелең ұрпақ үшін таза және адал еңбек табыстылықтың, жоғары жетістіктердің, білім мен материалдық игіліктің басты өлшемі болуы тиіс.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет адамның жоғары моральдық, құқықтық, саяси және басқа да мәдениеттердің негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілетін білдіреді. Бағалау функциясы жеке тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қатынасын анықтайды. Оның көмегімен мораль мен этикалық кодекстерге, құқық пен заңнамаға, құқық қорғау органдарына, азаматтық қоғамға, борышқа, айналасындағылардың да, өзінің де сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқына деген қатынасы бағаланады.
Халықаралық және бағдарламалық құжаттар білім алушыларда құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың өзектілігін көрсетеді:
БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы • 2003 ж. 31 қазан.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы.
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы: Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығы.
ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың мемлекеттік органдардың басшыларымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сөйлеген сөзі (7 күн) 20 мамыр 2019 жыл.
«Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсаттарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес жүргізу арқылы қол жеткізуге болады. Елбасы айтқандай: «Мемлекет пен қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы біртұтас майдан болуы тиіс. Сыбайлас жемқорлық - құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімге нұқсан келтіреді және ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіреді».
Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру:
- сыбайлас жемқорлықты тануды үйрену (сондай-ақ оны басқа қылмыс түрлерінен ажырату);
- сыбайлас жемқорлық неге жамандық болып табылады деген дәлелдерді ұсыну;
- сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мүмкіндігін көрсету.
Мектеп жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеудің міндеті білім алушылардың азаматтық ұстанымы ретінде сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті бекіту, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға тұрақты иммунитетті қалыптастыру, көпшілік алдында жариялау болып табылады.
7.2 Білім алушыларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойлау мен мәдениетті қалыптастыру бойынша компонентті оқу пәндері бойынша жаңартылған мазмұнның үлгілік оқу бағдарламаларына біріктіру Төменде берілген оқу пәндері бойынша оқу мақсаттарының тақырыпшалары, жаңартылған білім мазмұнындағы Үлгілік оқу бағдарламаларының бөлімдері мен бөлімшелері білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру компонентінен тұрады:
1. «Дүниетану» – 1-4-сыныптар;
2. «Өзін-өзі тану» – 1-4-сыныптар;
3. «Қазақ тілі» – 5-11-сыныптар;
4. «Құқық негіздері» – 9-11-сынып;
5.«Қазақстан тарихы» – 6, 9 -11-сыныптар;
6. «Дүниежүзі тарихы» – 10-11-сыныптар;
7. «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» – 10-11-сыныптар.