Оқушының қажеттіліктері мен қолдауын бағалаудың үшінші деңгейі. Оқушының қажеттілігін бағалау психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның мамандарымен анықталады. ПМПК қажеттілігін бағалау нәтижесі бойынша оқушыға дефектолог-мұғалімнің, мұғалім ассистентінің көмегі ұсынылуы мүмкін, білім алу нұсқалары ұсынылуы мүмкін: тұрғылықты жері бойынша жалпы білім беру сыныбында, арнайы сыныпта, арнайы мектепте. ҚР "Білім туралы" Заңының 49 бабына сәйкес білім беру ұйымын таңдау оқушының ата-аналарына қалады. Ата-аналар тұрғылықты жері бойынша мектепті таңдаған жағдайда, мектеп ПМПК-ның ұсынымдарына сәйкес (ҚР БҒМ № 595 бұйрығына сілтеме 25. Оқушының қажеттілігін бағалау алгоритмі (ПМПК ұсынымы бар) және оның психологиялық-педагогикалық қолдауын қамтамасыз ету ҚР БҒМ "Түзету педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" ММ сайтында орналасқан "жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу" әдістемелік ұсынымдарында ұсынылған. http://special-edu.kz/.
Ол төмендегі кестеде ашылған 12 қадам арқылы іске асырылады. Әдістемелік ұсынымдарда мұғалімдер мен мамандар кестеде көрсетілген құжаттардың нысандарын және қолданыстағы нормативтік құжаттар шеңберінде мектеп жұмысын ұйымдастыруға, сүйемелдеу мамандарының егжей-тегжейлі нұсқауларын табады. Оқушының ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру және бағалау кезеңдерінде мұғалімдердің, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі мамандарының, ата-аналардың өзара іс-қимыл алгоритмі.
127- кесте - Ата-аналардың өзара іс-қимыл алгоритмі.