Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет235/252
Дата08.02.2022
өлшемі3,55 Mb.
#120068
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   252
Есту, көру, сөйлеу, тірек-қимыл аппараты бұзылған, психикалық дамуы тежелген білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау.
Оқушыларды оқыту нәтижелерін бағалауда оқу жетістіктерін бағалаудың критериалды жүйесі қолданылады. Ерекше қажеттіліктері бар білім алушылардың нәтижелерін бағалау кезінде арнайы оқу бағдарламаларында немесе оқушының жеке оқу бағдарламаларында немесе оқушының жеке оқу бағдарламаларында ұсынылған оқу мақсаттарына бағдарлану қажет, мұғалім сараланған және/немесе жеке тапсырмаларды пайдаланады, сондай-ақ, білім алушының ерекшеліктерін ескере отырып бағалау критерийлеріне өзгерістер енгізеді.
Формативті бағалау барысында мұғалім білім алушылардың оқу материалын меңгерудегі қиындықтарын анықтайды және оларды жеңу жолдарын белгілейді.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды және жеке оқу бағдарламалары бойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттауды өткізу қажеттілігі туралы мәселені білім алушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық кеңес шешеді.
Арнайы білім беру ұйымдарында және жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптарда білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды қорытынды аттестаттаудың емтихан материалдарын аудандық, қалалық білім бөлімдері немесе білім басқармасы әзірлейді.
Түзету компоненті пәндері бойынша балдық бағалар қойылмайды.
7. Арнайы мектепте (сыныпта) интеллектісі (жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі) бұзылған білім алушылар үшін оқыту ерекшеліктері.
Оқушылардың ақыл-ойының бұзылуымен оқыту мақсаты - танымдық және эмоциялық-тұлғалық сфераның дамуындағы ауытқуларды өтеу, білім беру және еңбек дайындығы құралдарымен дамыту, бітірушілерді қоғамға біріктіру үшін әлеуметтік-психологиялық оңалту.
Дайындық сыныбына оқуға дайындығының деңгейі жеткіліксіз балалар, сондай-ақ білім беру және тәрбие жұмысы процесінде баланың диагнозын анықтау, оны оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру түрлерінің барабарлығын анықтау мақсатында қабылданады.
Оқыту екі сатыда ұйымдастырылады:
– бірінші саты – дайындық (0),1-4 сыныптар;
– екінші саты – 5-9 сыныптар.
Тиісті материалдық-техникалық, бағдарламалық-әдістемелік және кадрлық жағдайлар болған жағдайда білім беру ұйымдарында тереңдетілген кәсіптік-еңбек даярлығы бар 10-шы өндірістік сынып ұйымдастырылады.
Бірінші сатыда ақыл-ой кемістігі бар оқушының тұлғасын жан-жақты психологиялық-педагогикалық зерттеу, білім беру үдерісін ұйымдастырудың формалары мен әдістерін әзірлеу мақсатында оның мүмкіндіктері мен жеке ерекшеліктерін анықтау жүзеге асырылады.
Екінші сатыда білім алушылар жалпы білім беретін пәндер бойынша практикалық бағыты бар білім алады. Әлеуметтік бейімделуге және кәсіби-еңбек дайындығына көңіл бөлінеді.
5-9 сыныптарда 1 сағат математика сабақтарынан геометрия элементтерін зерттеуге бөлінеді.
Түзету компонентінің сабақтары күннің бірінші және екінші жартысында өткізілуі мүмкін. Жеке және шағын топтық түзету сабақтарының ұзақтығы – 20-25 минут. Кіші топтар сөйлеу және психофизикалық бұзылыстардың біртектілігін ескере отырып жинақталады. Емдік дене шынықтырумен айналысуға арналған топтар дәрігердің ұсынымдарын ескере отырып жинақталады. Түзету ырғағы бойынша сабақтар топтарға бөлінбестен, фронтальды түрде жүргізіледі.
4-6 сыныптар аралығында «Жалпы еңбек дайындығы»пәні оқытылады.
7-9 (10) сыныптар кәсіптік бағытта еңбекке баулу жүзеге асырылады. Еңбекке оқыту бейіндерін мектеп әкімшілігі аймақтың ерекшеліктерін және түлектерді жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін ескере отырып анықтайды. Оқыту үлгілік оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады (ҚР БҒМ 20.09.2018 ж. № 469 Бұйрығы, 90-қосымша). Мектепте оқу еңбекке баулу бойынша емтиханмен аяқталады. Білім алушылар белгіленген тәртіппен бітіру емтихандарынан босатылуы мүмкін. Факультативтік сабақтарға және элективті курстарға бөлінген сағаттар еңбекке оқыту бейіні, түзету бағыты және т.б. бойынша сабақтарға пайдаланылуы мүмкін.
Ақыл-ой кемістігі орташа білім алушылар саны жеткілікті болған жағдайда мектепте осы оқушылар үшін арнайы сыныптары бар екінші бөлім ашылады.
Ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды оқыту осы санаттағы оқушылар үшін Үлгілік оқу жоспары мен оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. Оқыту жеке оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады. Олар оқушыны кешенді психологиялық-педагогикалық зерттеу негізінде сынып педагогы және психологиялық-педагогикалық қолдау мамандары жарты жылдан аспайтын мерзімге құрылады. Оқытудың жеке бағдарламасын жүзеге асыру уақыты аяқталғаннан кейін әрбір оқушының жетістіктерін талдау жүргізіледі және келесі жартыжылдыққа арналған жеке оқу бағдарламасы жасалады.
Педагог әрбір оқушының жеке мүмкіндіктерін және білім беру мен жеке жетістіктерінің мониторингі нәтижелерін ескере отырып, оқытудың мазмұнын, әдістерін, формаларын, дидактикалық құралдарын дербес таңдайды.
Екінші бөлім сыныптарындағы оқыту мазмұны: өзі туралы түсініктерді; өзіне-өзі қызмет көрсету және өмір тіршілігін қамтамасыз ету дағдыларын; қоршаған орта туралы түсінікті және ортадағы бағдарлауды; коммуникативтік шеберлікті қалыптастыруға бағытталған; жалпы білім беретін пәндер бойынша практикалық бағыты бар және тәрбиеленушілердің психофизикалық мүмкіндіктеріне сәйкес келетін қолжетімді білім.
Бірінші сатыда ақыл-ой кемістігі орташа білім алушыларға арналған сыныптардағы оқу үдерісі бақылаусыз оқыту негізінде ұйымдастырылады: барлық сабақтар біріктірілген сипатқа ие және білім алушылардың жалпы дамуына (коммуникативтік, қимыл-қозғалыс, сөйлеу, сенсорлық) бағытталған. Оқушылардың жеке дамуына қарай пәндік оқуға көшу жүзеге асырылады. Білім алушылардың психофизикалық дамуының ерекшеліктерін және мектеп ресурстарын ескере отырып, қарапайым еңбек (қолөнерге) түрлеріне оқыту ұйымдастырылады. Еңбекке баулу бейіні оқушының психофизикалық ерекшеліктерін, дәрігердің ұсынымдарын және мектеп мүмкіндіктерін ескере отырып жеке анықталады. Қажет болған жағдайда еңбекке оқыту бейіні өзгеруі мүмкін. Ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың еңбек даярлығы пәндері бойынша бітіру емтиханын тапсырмайды.
Жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау.
Оқу үдерісі білім алушыларға сараланған және жеке тәсілдемені қолдана отырып жүзеге асырылады. Сараланған тәсілдеме негізінде ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың педагогикалық жіктелуі жатыр (В. В. Воронкова бойынша). Жетістіктерді бағалау кезінде түрлі типологиялық топтарда білім алушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, деңгейлік мақсат қою негізінде критериалды бағалау жүйесі қолданылады. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктері бес балдық шкала бойынша бағаланады. Дайындық және 1-сыныптарда баллдық бағалар қойылмайды. Оқытудағы алға жылжу нәтижесі білім алушылардың нәтижелі іс-әрекетін талдау, сөйлеу, жазба жұмыстары, суреттер, қолөнер және сабақтардағы іс-әрекетті бақылау деңгейін талдау негізінде анықталады және түсіндірмелік сипаттамасы бар.
Ақыл-ой кемістігі орташа білім алушылардың жетістіктерін бағалау кезінде жеке оқу бағдарламасының мазмұны негізінде сипаттамалық критериалды бағалау қолданылады. (Ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды критериалды бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдарды Ы. Алтынсарин ат. ҰБА сайтынан қараңыз www.nao.kz).
Түзету циклінің пәндері бойынша жетістіктерді бағалау баллмен қойылмайды, сипаттау сипатында болады.
Пән бойынша бағалау: дене мәдениетіне бейімделу, музыка және ән айту, бейнелеу іс-әрекеті, мінез-құлық мәдениеті баллмен қойылмайды (есептелінген/есептелмеген).
Ақыл-ойы бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп (сынып) білім алушылары екінші жылға қалдырылмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет